Сабақтың мақсаты: Қолхат және түсініктеме туралы мәлімет беру және жазу жолдарын меңгеру. Сабақтың өту барысы



Дата31.12.2021
өлшемі38 Kb.
#22862
түріСабақ
Байланысты:
ППЗ -3 қолхат


Сабақ тақырыбы: Қолхат. Түсініктеме.

Сабақтың мақсаты: Қолхат және түсініктеме туралы мәлімет беру және жазу жолдарын меңгеру.

Сабақтың өту барысы:


  1. Түгендеу.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Тапсырмалар орындау.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма.


Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.




Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
— құжаттың аты;
— қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
— қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
— алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
—  қайтарылатын нақты уақыты;
— қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
— қолхат жазылған күн;
— тараптардың қолы;
— мекеме мөрі.


Сөздік:



қолхат- расписка   

азамат- гражданин     

мерзім-срок     

кепілақы- задаток   

қарыз- долг
ақша- деньги    

уәде- обещание     

қайтарып беру- вернуть, возвращать     

алу-брать


кабылдап алу- принять     

уақытында-вовремя   кепіл ақы- задаток


Қолхат


Мен ________ тобының студенті _____________, колледждің оқу залынан уақытша пайдалану үшін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі
___ __________ ,20____ж.                                                    (қолы)

Қолхат


Мен,  Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман  Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың)  АҚШ долларын алдым.
2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылғы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін.

Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жыл                              қолы



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет