Сабақтың тақырыбы § 12 13 деректерді таңдау үшін қҰрылымдық СҰраныстар тілін (sql) Қолдану



Дата16.05.2023
өлшемі31,79 Kb.
#93369
түріСабақ
Байланысты:
1010ы


Сабақтың тақырыбы: § 5.12 - 5.13 ДЕРЕКТЕРДІ ТАҢДАУ ҮШІН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰРАНЫСТАР ТІЛІН (SQL) ҚОЛДАНУ

Бөлім

Ақпараттық жүйелер

Педагогтың аты-жөні




Күні

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сынып




Сабақтың тақырыбы

§ 5.12 - 5.13 ДЕРЕКТЕРДІ ТАҢДАУ ҮШІН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰРАНЫСТАР ТІЛІН (SQL) ҚОЛДАНУ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.3.3.2 Кестеден деректерді таңдау үшін құрылымдық сұраныстар тілін (SQL) қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: SQL тілі ұғымын анықтайды
Көпшілік оқушы: SQL тілінің операторларын салыстырады
Кейбір оқушылар: SQL тілінің деректер базасына қол жеткізуді басқаратын операторын қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әректі

Бағалау

Ресурстар

1.Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпты еске түсіру\ қайталау\

3. Жаңа сабақты меңгерту


4. Бекіту

Сәлемдесу, түгендеу
Өткен сабақты пысықтау: «Ғажайып алаң» әдісі Плакатқа үлкен шеңбер бірнеше бөліктерге бөлініп, сызылады. Әр бөлікке сұрақтар жазылады. Түйреуішті қаламның ұшына қойып, шеңбердің ортасына қадап,
түйреуішті айналдырады. Түйреуіш тоқтаған сұрақ түйреуіш бағытталып тұрған оқушыға қойылады.
«Миға шабуыл» әдісі
- Деректер базасын құруда программалау әдісін қолдануға бола ма?
1-тапсырма.
- «Авто» кестесі бойынша автокөліктердің маркасы мен шыққан жылдары бойынша сұраныс жаса.

Дескриптор:_SQL_тілімен_және_дайын_конструктор_көмегімен_сұраныс_жасау_жолдарын_салыстырады._3-тапсырма.'>Дескриптор:_Кесте_бойынша_сұраныс_жасауды_біледі._2-тапсырма.'>Дескриптор:
Кесте бойынша сұраныс жасауды біледі.
2-тапсырма.
- Деректер базасымен жұмыс жасауда сұраныстар беруде SQL тілімен және дайын конструктор көмегімен сұраныс жасау жолдарын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар.
Дескриптор:
SQL тілімен және дайын конструктор көмегімен сұраныс жасау жолдарын салыстырады.
3-тапсырма.
Сынып оқушылары жайлы мәліметтерден деректер базасын құру жобасын қағазға дайындап, ұсыныңдар. Access-те қағаздағы жоба бойынша деректер базасын құрыңдар. Жасалған дерек қорында маңызды деп тапқан екі өріс бойынша SQL тілінде сұраныс жасаңдар.
Дескриптор:
Деректер базасын құрастыру жобасын ұсынады, SQL тілінде сұраныс жасайды.
Оқушылардың жұмыстарын «Температура» әдісі бойынша бағалау. Термометр шәкіліне оқушылардың аттары жазылады. Тест тапсырмасы
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
Бірін-бірі бағалайды
Кері байланыс: «БББ кестесі» әдісі
Оқушылар сабақ туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
Мұғалімді тыңдайды



«Температура» әдісі арқылы ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру
Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету
Фигуралар арқылы бағалау
Бірін-бірі бағалайды



Жіберілген сілтеме арқылы видео
Акт
Кітап
Дәпетер




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет