Сабақтың тақырыбы : №19-20 пр сабақ. Әдеби тілдік норма, оның мақсаты. Модуль /пән атауы



бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі24,91 Kb.
#64845
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
кт-215Тіл норма


Оқу сабағының жоспары
 Сабақтың тақырыбы: №19-20 пр.сабақ. Әдеби тілдік норма, оның мақсаты.
Модуль /пән атауы: ОН 3.7 Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі әдістемесін қолдану


Педагог Мухтарова А.С дайындады 2023_ жылғы "02" ақпан 1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __Кт-215________________
Сабақтың түрі:Практикалық
2. Мақсаты, міндеттері: Әдеби тілдік норма, оның мақсатын меңгеру
3. Күтілетін нәтижелер:
-Әдеби тілдік норма түрлерін, ерекшелігін толық меңгереді
-Мәтіндерге талдау жасайды
4. Қажетті ресурстар:Слайд, 5. Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі «Жағымды ахуал» треннинг
«Миға шабуыл» әдісі (Өтілген материалдар бойынша сұрақтар)
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.
Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.
Әдеби нормалар
Лексикалық норма 
Грамматикалық норма
Орфоэпиялық норма 
Орфографиялық норма
Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.
Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.
Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.
Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.
Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.
Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.
Ал белгілі біт пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды.
Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет