Сабақтың тақырыбы : «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа»



Дата25.11.2022
өлшемі143,72 Kb.
#52598
түріСабақ

Сүгірбекова Айман. №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы





Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

15




Абайтану

10









Сабақтың тақырыбы: «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа»
Сабақтың жалпы мақсаты: ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйінін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,лекция
Сабақтың көрнекілігі:
1) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;
 2) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
 3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;


I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


«МАЛҒА ДОСТЫҢ МҰҢЫ ЖОҚ МАЛДАН БАСҚА...» - Абайдың 1896 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ.
Шығармаларындағы басты өзекті тақырып – адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері – ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге көтеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесін ашып береді. Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан безген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, аракідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (мыс, «Бай сейілді...» өлеңінде).
Бұл ақын өмірінің белгілі бір кезеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп-жармай, өз заманындағы барша би-болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, құнсыздығын барынша уытты тілмен, өлтіре әшкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді. Ақын өз жұртына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерезді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол – адал еңбек, ащы тер.
Аштан өлсең де арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады. Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп біледі. Еңбек, сана, мейірім. Бұл – Абайға дейінгі қазақ ақындары осынша өткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым.
Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және талдау.



Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,


Аларыңда шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жияды мақтанын білдірмекке,


Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп


Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.


Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.



  • Өлеңнен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.




Үзінді

Беті

Пікір










Сабақты қорыту.


Үйге тапсырма: «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңін жаттау.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет