Сабақтың тақырыбы 1-сынып: Табиғи материалдардан бейне жасаймыз 2-сынып: Туған өлке табиғатын бейнелейміз



Дата21.06.2023
өлшемі23,64 Kb.
#102830
түріСабақ



Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 1,2

Қатысушылар саны: 1 – 5
2 - 7



Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

1-сынып: Табиғи материалдардан бейне жасаймыз
2-сынып: Туған өлке табиғатын бейнелейміз

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Табиғи маткриалдардан бейне жасауды үйренеді.
Көптеген оқушылар: Табиғат көрінісі жайлы шағын әңгіме құра алады.
Кейбір оқушылар: Табиғи материалдарды пайдаланып бейне жасап, оның маңыздылығын, қиыншылығын түсіндіреді.

Барлық оқушылар: Туған өлке табиғатын бейнелецді үйренеді. Көптеген оқушылар: Табиғат көрінісі жайлы шағын әңгіме құра алады Кейбір оқушылар: Туған өлке табиғатын бейнелейді, акварельмен жұмыс жасаулың маңыздылығын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

  • Туған өлке табиғатын бейнелеуді үйренеді;

  • Табиғи материалдардан бейне жасай алады.

Сөздік қор

Пәнге қатысты лексика мен терминология: ереже, ынтымақтастық қарым-қатынас, ымыра, ауызбіршілік, қағидат, тұжырым.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіркестер:


Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: Табиғатты бейнелеуде қандай реңктерді пайдаланған жөн? Табиғи материалдардан бейне жасауға қажет құрал-жабдықтар?

Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бірін-бірі сыйлау, құрметтеу дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, жаратылыстану, дене шынықтыру




АКТ қолдану дағдылары

(видеороликтер көрсету)




Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сынып

2 сынып

Сабақтың басы
5 мин

Тақырыпты түсіндіру:

  • Бүгін күзде жинаған жапырақтар және тағы да басқа табиғи материалдармен жұмыс жасаймыз.

Тақырыпты ашу мақсатында бейнеролик көрсету.

“Әлемді шарлау” әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сұрақтарға жауап алу:
-суретшілердің туындыларында қандай түс реңктері басым?
-қандай реңктер көбірек- жылы ма әлде суық па?
-картиналар қандай сезімге бөлейді?

Бейнежазба

Үлестірмелі материал


Сұрақтар


Сабақтың ортасы – 15 мин.

Сөздік бағалау
-қанағаттанарлық;
-қанағаттанарлықсыз
Тақта алдында жұмыс
Өздік жұмыс
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру:
-қағаз бетіне жапырақтарды орналастыр;
-жасайтын композицияны көз алдыңа келтір;
-жапырақты ұқыптап желімде;
-тағы да зейін қойып қара;
-ағаш бұтақтары, шөп, құс бейнесі т.б бөлшектермен толықтыр.
Дескриптор:
-Тақтамен, өздік жұмыс жасауға кіріседі.
-Жұмыстың орындалу ретімен тапсырманы орындауға кіріседі.


Сөздік бағалау


-қанағаттарнарлық;

-қанағаттанарлықсыз




Оқулықпен жұмыс жасау


Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру:

-бұл жұмысты акварель не гкашь бояуларымен орындайтын болғандықтан, жұмысыңның түс үйлесімі туралы алдын-ала ойлан;


-палитрада бояу реңктерін шығарып ал.


Дескрипторы:

-жұмысты акварель не гуашь бояуларымен орындайтын болғандықтан, жұмыстың түс үйлесімі туралы алдын-ала ойланады;


-палитрада бояу реңктерін шығарып алады.



Оқулық

Мәтін

Жапырақ, ұсақ ағаштар, желім, құс бейнесі

Акварель, гуашь



Сергіту сәті – 2 мин

Аппақ қоян, сұр қоян

13 мин

Өзіндік жұмыс.
2-жұмыс дәптеріндегі (12-13 беттер) тапсырмаларды орында.
Мадақтау сөздерді колдану:
“жарайсың!”, “керемет”, өте жақсы”, “саған сенемін!”

Қосымша тапсырмалар

Табиғат көрінісі туралы шағын әңгіме құра. Салатын суретіңді сипатта.




Мадақтау сөздерді қолдану:

“өте керемет!”, “жарайсың!”, “тапқырым!”, “ой ойлаған миыңнан айналдым”



Өздік жұмыс
Қосымша тапсырмалар

Сабақтың соңы – 5 мин.

Кері байланыс: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.
Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?
Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім?
Үйге тапсырма беру.

Кері байланыс: “Менің көңіл күйім баспалдағы”
Оқушылар стикерлерге өз аттарын жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар “керемет!”, “өзіме сенімдімін!”, “жақсы”, “жаман емес”, “маған көмек керек”, “білмеймін”, “нашар” деп аталады.




Дифференциация – оқушыларға
көбірек қолдау көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін
тексеру жоспарыңыз?





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет