Сабақтың тақырыбы: №3 Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#107477
түріСабақ
  1   2   3


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Жаратылыстану

Бөлім:

Өсімдіктер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

3 сынып




Сабақтың тақырыбы:

№3 Өсімдікке жарық қалай әсер етеді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.2.1.2 - өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.2.1.3 - өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау;
3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақтың мақсаты

өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіреді
өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттайды
ақпарат көзінің түрлерін анықтайды

Ойлау деңгейі



Білу,түсіну,қолдану



Құндылықтар



Құндылықтарды ашу, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған міндеттер: Өсімдіктерді күту, баптау ережелерін атау.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
тың басы
5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут


Сабақ
тың ортасы
24 минут

Сергіту сәтті


2мин


Сабақты қорыту
6минут

Кері байланыс


5 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру



Үй тапсырмасын сұрау
Өткенді пысықтау
Екі жылда өсімдік қалай өзгереді?
Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?
Өсімдіктің өсуіне күн сәулесі қалай әсер етеді?
Сабаққа кіріспе
Орман деген не?
-Онда қандай ағаштар өседі?
-Дала дегенді қалай түсінесің?
-Далада қандай өсімдіктер өседі?
-Жалпы өсімдіктер қандай үш түрге бөлінетін еді?
-Жергілікті жерімізде ағаштың қандай түрлері өседі?
-Қандай бұталарды атай аласыңдар?
-Қандай шөптесін өсімдіктердің атауын білесіңдер?


Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстыру
Жаңа тақырып.
ФС.1-тапсырма.Айтылым
Толық жауапты қажет ететін ашық тапсырма
ТЖ .
Негеште туындаған сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
-Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігі бірдей бола ма?
-Орманның ең төменгі «қабатына» орналасқан өсімдіктерді ата.
-Ал өсімдіктердің қайсысы орманның ең жоғары «қабатына» орналасқан?
-Қандай өсімдіктер жарықты көбірек алады? Неге?

ЕБҚ суретпен жұмыс


ЖЖ.2-тапсырма.Бейімделу
Эврика үстелде тұрған өсімдіктің жапырақтары терезеге бағыталғанын байқады.Оның себебі неде деп ойлайсың?
- Эврика өсімдікті мұқият бақылап, оның төменгі жапырақтары жоғарғы жапырақтарға қарағанда үлкен екенін көрді де, ойланып қалды. Неге деп ойлайсың?
- Ал қазір бұл өсімдікке жарық жеткілікті ме? Ойыңды түсіндір.

3-ттапсырма Зертте!


Топтарға әр түрлі ағаш өсімдіктерінің суреттерін тарату. Оқушыларға өсімдіктерді атату және оларды сипаттап жазу, олардың биіктіктерін салыстыру. Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген? деген сұрақты топта талдау, әр топтың шешімдерін тыңдап, ой бөлісу.

ЕБҚ Сынып бөлмесіндегі өсімдіктерге жарықтың түсуін анықта, қорытынды жаса.



4-тапсырма Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді жеке оқиды


Ойлан! Ашық алаңқайда өскен ағаштың ұшар басы әдемі болады. Қайыңның ұшар басы неліктен дөңгелек болады деп ойлайсың? Бұл сұрақты жұпта талдау. Әр жұптың жауаптары тыңдау. (Ашық алаңқайда күн сәулесі жеткілікті түскендіктен жапырақтары біркелкі әдемі болады)

ЕБҚ мәтінді оқы


Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 7, 8 – жұмыс парағы
Үйге тапсырма .Мәтінді оқып, өсімдікке жарықтың әсері туралы әңгімеле.
Кері байланыс




Сабаққа дайындық жасайды

Қойылған сұрақтарға жауап береді


Оқулықтағы тапсырмалармен танысады


Жұптық жұмыс


Тапсырманы орындайды
Суреттермен жұмыс

Тапсырманы орындайды


Топтық жұмыс

Тапсырманы орындайды

Жеке жұмыс
Тапсырманы орындайды
Кері байланыс жасайды





Тамаша!

Дескриптор:


Сұрақтарға жауап береді-1б

Дескриптор:


Орман өсімдіктерінің биіктігі әртүрлі болатынын айтады-1б
Орманның ең төменгі «қабатына» орналасқан өсімдіктерді атайды-1б
Орманның ең жоғары «қабатына» орналасқан өсімдіктерді атайды-1б
Жарықты көбірек алатын өсімдіктерді атайды.
і-2б



Декриптор:


Үстелде тұрған өсімдіктің жапырақтары терезеге бағыталу себебін түсіндіреді-1б
- Өсімдіктің төменгі жапырақтары жоғарғы жапырақтарға қарағанда үлкен болу себебін болжайды-1б
-Өсімдікке жарық жеткіліксіз болу себебін түсіндіреді-1б



Дескриптор


Мәтінді оқиды-1б




Қозғалыстар


Топтастыру


ға арналған парақтар

Қима парақ


суреттер

Дәптерлер
Оқулық
Дәптерлер
Оқулық
Оқулық

Кері байланыс тақта







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет