Сабақтың тақырыбы №6 зертханалық жұмыс «Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу»



Дата03.12.2023
өлшемі195,63 Kb.
#134013
түріСабақ
Байланысты:
кмж № 7 3 тоқ 8 сын


Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтың аты жөні:

Турсынбаева Галина Карибжановна

Күні:




Сынып: 8

Қатысуылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№6 зертханалық жұмыс «Өткізгіштерді параллель жалғауды зерделеу»

Оқу бағдарламасына сәкес оқыту мақсаттары

8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар –өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды түсіну.
Басым бөлігі істей алады –тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдана, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу.
Кейбір оқушылар істей алады – Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып, электр тізбектеріне күрделі есептер щығару.

Сабақтың барысы



Сабақ кезеңі/уақыт

Педагготың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
0-2 мин

2-5 мин

5-6 мин



1.Ұйымдастыру

    1. Оқушыларды түгендеу

    2. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).



2.Ой қозғау. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?


3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау. 



Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын орындайды.

Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.



ҚБ:өзін-өзі тексеру

Слайд 1,2
Сәйкесін табу
http://learningapps.org/display?v=p1bs7kmnn01

Сабақтың ортасы
6-36 мин

4. Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.



Жұппен жұмыс.
Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»
Бағалау критерийлері:

  1. Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

  2. Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

  3. Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

  4. Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

  5. Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

  6. Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.




Слайд 6

Құрал-жабдықтар:


Ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, жалғағыш сымдар

Слайд 7


Қосымша1


Сабақтың соңы

36-40 мин



5. Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады немесе ауызша айтады.
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмыстыжалғастыру қажет
6. Үйге тапсырма:
Онлайн мектеп




оқушылар рефлексия парағын толтырады немесе ауызша айтады.




Рефлексия парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет