Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»



Дата27.11.2023
өлшемі214,99 Kb.
#129806
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ Абай Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба 6- сынып (1)





Бөлім:

Абайды оқы, таңырқа!

Мектеп:

Қарауылкелді орта мектебі

Күні:

30.11.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні:



Г.К.Аккожаева

Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;



Сабақтың мақсаты

Өлең мазмұнын меңгерту, идеясын ашу. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету, оқушы бойына дарытады.
Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылық ізденісін арттырады.

Тілдік мақсаттар

Бұл бөлімде тақырып контекстімен байланыста тілдік дағдылар дамиды. Мен осы көзқараспен келісемін\келіспеймін.

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу

  • Ынтымақтастық

  • Азаматтық жауапкершілік

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Адами қасиеттерді дәріптей отыра, шығарма құныдылығының барлық халықтар өміріндегі маңыздылығы

Өмірмен байланысы

Шығарма идеясының өмірмен сабақтастығын ұғыну

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаев, қарасөздері

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер



Дереккөздер

Сабақтың басы
3 минут

Амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу
І топ «Ғылым»
ІІ топ «Білім»
Психологқиялық ахуал
Мұғалім:
Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін
Мен бүгін саған жақсылық тілеймін
Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін
І топ:
Быстрее разобраться в теме новой,
Любить вам крепко школу и свой класс,
Успехов мы желаем вам сейчас!
ІІ топ:
Good morning, good morning, 
Good morning to you!
Good morning, good morning, 
I am glad to see you!
Қызығушылықты ояту.
Өткенді қайталау, сұрақ – жауап әдісі арқылы үй жұмысын тексеру

  1. Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев кім? -..................(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)
2. Қай жерде дүниеге келген?.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Туған жылы?..................(1845 жылы)
4. Алғаш қалай хат таныған?....................... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған Семейдегі медресе?....................(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын есімі?...................(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы?.....................(Өскенбай)
8. Өз әкесі?...............................(Құнанбай)
9. Абайдың анасы?...............,(Ұлжан) әжесі....................(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды неге үйретеді?.........................(ел билеуге үйретеді))
11. Ақын қай жылы дүниеден озды?............... (1904 жылы)
12. Ғақлия дегеніміз не?
13. Абайдың Екінші қарасөзі не туралы? (еңбек,өсек, өтірік)
14. Тоғыз, он, он жетінші қарасөздері? (терең ой, қанағат, рақым)
15. Отыз сегізінші қарасөзінде не айтылған? (талап,ғылым, білім, еріншек, мақтаншақ)

Слайд



Сабақтың ортасы



Мағынаны тану.

  • Ой шақыру. Балалар, адам бойында қандай қасиеттер болады?

  • Ендеше, адам бойынан табылатын 5 жақсы, 5 жаман қасиеттерді атай қойыңдаршы.

  • Бүгін біз сіздермен Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

  • Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңыздар.

Мқұғалімнің көмегімен өлеңді оқу. Одан кейін оқушқыларға оқыту.қ
Өлеңде кездесетін түсініксіз сөздермен танысып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
а) Сөздікпен жұмысы:
Нәфрәтлі - жиіркенішті.
Ғибрәтлі – үлгілі,өнегелі.
Мәтін мазмұнын жан-жақты талдау. 1- тапсырма
Сұрақ- жауап

  1. - Ақын жастарды неге шақырады? / Ғылым, білімге, өнерге /
    - Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?
    / Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек/
    - Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер? /Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым/
    Сын тұрғысынан ойлау жұмысы.
    3. Ғылым таппай мақтанба
    Орын таппай баптанба
    Қалай түсінесіңдер? / Ақын жасөспірімдерді білімді болуға шақырды, әрбір адам өмірінде бір кәсіппен терең шұғылдану керек деген ойларын жеткізбекші болған. Ал ол үшін адам өзін бес нәрсеге тәрбиелеу керек дейді.

  2. Болмасаң да ұқсап бақ,
    Бір ғалымды көрсеңіз
    Ондай болмақ қайда деп,
    Айтпа ғылым сүйсеңіз.
    Сізге ғылым кім берер,
    Жанбай жатып сөнсеңіз -
    деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
    /«Өнерлі, білімді болу үшін жақсы оқыған адамнан үйрену керек. Өзіңді бей - жай ұстамай, ғылым жолында қиындықтан қорықпай ұзақ еңбектеніп, өз мақсатыңа жетуге болады».
    4. «Дүние де өзі, мал да өзі,
    ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын түсіндіру
    /Білімді болсаң, сол білімді тек өз басыңа жаратып қоймай, біліміңді халыққа еңбек етуге жарата біл/

Қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ»

2- тапсырма


І топ: Мағыналық картаны толтыру.
Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»
Авторы: Абай Құнанбайұлы
Жанры: Поэзия
Түйінді ой: Жас уақытта оқып, білім алуға шақырады
Негізгі идеясы: Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз

ІІ топ: Концептуалдық кесте.


Қалыптастырушы бағалау

3- тапсырма


Өлеңдегі антонимдік қатарды құрай алатын сөздерді табу
Өлеңдегі қашық - асық, жамандық - жақсылық, сөну - жану

Қосымшқа ақпарат:


«Ғылым таппай мақтанба...» - Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. . Өлең 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісінде жазылған. . Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады.. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр т. б. тілдеріне аударылған.


Сергіту сәті:


«Жалғастыр» ойыны.
Білім азбайды, ақыл тозбайды.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
Білмеген қауып айтады, білген тауып айтады
Қорытынды «Әуе шары» әдісі




  1. Әуе шарында кім болуы керек?

  2. Сендер табысты болуларың үшін онда не болуы керек? 

  3. Сендердің табысты болуларыңа не кедергі?

  4. Оған қатты жылдамдықпен ұшуына не көмектеседі?

http://www.balakai.kz/engimeler/385-atymtay-zhoma-t.html



Сабақтың соңы
3 минут

Кері байланыс. ПОПС формуласы
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Өзін- өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі


Мұғалімнің қорытынды сөзі. Жастар- еліміздің болашағы деп жастарымызға үлкен сенім артып отырған Елбасымыз 2019 жыл- Жастар жылы деп жариялап отыр. Ғылым жолына түскен әрбір жас алғаш білімді мектептен алады. Бірнеше мыңдаған түлектерді ұшырған ордамызға биыл 50 жыл толып отыр.

Слайд

Үй жұмысы

Өлеңді жаттау. Абай Құнанбаевтың ғылым, білім үйрену туралы өлеңдерін іздеу.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:
1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.
2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.



Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





Қарауылкелді орта мектебі
«Тіл- өркениеттің күретамыры» тақырыбындағы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинар
Ашық сабақ тақырыбы:
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
6- сынып
Өткізген: І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.К.Аккожаева
2018-2018 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет