Сабақтың тақырыбы Абайды оқы, таңырқа! Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#64966
түріСабақ
  1   2   3




Бөлім: «Қалың елім, қазағым»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абайды оқы, таңырқа!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Абай шығармаларындағы көтерілген мәселелерді анықтау;
Көпшілігі: ақын шығармаларындағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығын талдау;
Кейбір оқушылар: көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

Бағалау критерийі

  • көркем шығармадағы көтерілген мәселелерді анықтайды;

  • жаңашылдығына баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жинақтау, бағалау.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
•көркем шығармадағы көтерілген мәселелерді анықтайды;
•жаңашылдығына баға береді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіпкер,образ,әдеби эссе, өлең, қарасөз.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет теориясы

Алдыңғы білім

Абайдың «Масғұт» поэмасы.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:
Тренинг «Мен досымды....теңеймін. Себебі....»
Не үшін қолдандың ? Несімен ұқсаттың
Шығармадан өзіңне қандай әсер алдың?
Қызығушылықты ояту. Оқушыларға Абайдың өлеңінен үзінді ұсынылады. Берілген үзіндінің мазмұнын ашыңыз.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
«Тізбек» әдісімен оқушылар Абай өлеңдерін дауыстап, мәнерлеп жатқа оқиды (әр оқушы бір тармақтан оқиды, ал келесі оқушы оны жалғастырады).
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады

Оқушыларға Абайдың өлеңінен үзінді ұсынылады. Берілген үзіндінің мазмұнын ашыңыз.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Қалыптастырушы бағалау


ҚБ


10-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану.
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет