Сабақтың тақырыбы: Архимед заңын қолданып сапалық және сандық есептер шығару



Дата12.04.2023
өлшемі324,89 Kb.
#81903
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Архимед заңын қолданып сапалық және сандық есептер шығару

Білім беру ұйымының атауы

Ақбұлақ орта мектебі

Пәні:

Физика

Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Мақталы.Е

Күні:

22.02.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Архимед заңын қолданып сапалық және сандық есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.13 –есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақтың мақсаты

- Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу;
- Архимед заңы ұғымын техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу.
- Архимед заңын қолданып, есептер мен практикалық тапсырмалар орындау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім


10 минут


Бекіту
15 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы.


10 минут.

Бағалау
Үй тапсырмасы



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен білімді еске түсіру


«Миллион кімге бұйырады?» ойыны. Мақсаты: үй тапсырмасын тексеру. Барысы: Қысым және оның әртүрлі ортадағы сипаттамасы бойынша тапсырмадағы сұрақтарға дұрыс жауап беру қажет. Ұпай саны жоғары болған сайын тапсырма қиындығыда күрделене түседі. Мұғалім іс-әрекеті:
р есурсы арқылы өзі құрастырған «Миллион кімге бұйырады?» ойынының мақсатымен таныстырып, мұқият ойланып жауап беруді талап етеді. Оқушы іс - әрекеті: Әрбір топ экранда көрсетілген (500, 1000, 5000, 50 000, 250 000, 1 000 000) тапсырмаларды орындайды. Миллион алуға ұмтылады. Бағалау: күймейтін сұрақтан өтсе немесе миллионға қол жеткізсе, сол топқа тәттілер үйлестіріледі.
Жаңа сабақ.
Күннің аты, тақырып жазылады. Топқа бөлу. Физикалық шамаларға байлансты Вектор және Скаляр тобына болу
І топ. Вектор тобы
ІІ топ Скаляр тобы


Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
1-тапсырма:
Wordwell Бағдарламасы бойынша жаттығуларды орындату
Осы QR код арқылы кіріп балардың топтық жұмыс істеу барысын анықтау
2-тапсырма:
1-есеп
Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.
Жауабы: 1 Н.
2-есеп.
3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.


3- есеп
Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.
Жауабы: 0,5 Н.
4-есеп.
Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н.Тығынның көлемі қандай, егерρтығын=240кг/м3 болса.


Массасы 100кг,көлемі 0,2мдене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?F a = mg
m = 100 кг Fa = 100 кг * 9.8 н = 980 Н v = 0.2м3А =ρс  g Vд F a – ? FA – ? FА = 1000 кг/м3 * 9,8 н/кг * 0,2м3 = 2кН


400Н архимед күші әсер ететін дене суға толық батырылған. Осы дененің көлемі қандай?
FА = 400 Н FА = ρ c Vд g
ρс= 1000 кг/м3 Vд = FА  / ρ c* g Vд=400Н/1000кг/м*10 Н /кг =0.04 м3
g =10Н/кг
V д – ?


Сапалық есептер:

1 Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?


Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.
2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?
Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .
3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

4.6 есеп 128 бетіндегі 6-12 есептерін шығару дәптерімізге түсіру




Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі.
Түсінген оқушылар саусақты жоғары көтереді 
Жартылай түсінгендер бармағын жанына қаратады 
Түсінбегендер бармағын төмен түсіреді 


Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:
жасыл-жақсы ұқтым
сары - кейбір сұрақтарым бар
қызыл -ұқпадым

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау





Денелердің жүзу шарттары.
Денелердің жүзу шарттарын анықтау,зерттеу.
Екі күш әрекет етеді:жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық күші

.


Бағалау критерийлері
-Архимед заңын біледі
-Жүзу шартының тығыздыққа байланысты болатынын біледі
-Тәжірибе жасай алады


Дескриптор:
- Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі.
- Құрал-жабдықтармен жұмыс жасау біледі.
- Ығыстырушы күшті таба алады.
- Дененің көлемін анықтай алады.
-Денелердің жүзу шарттарын біледі.
- Қорытынды жасай алады.
Жалпы балл-6


Дескриптор:
-Архимед күшіне есептер шығара алады.
-Денелердің жүзу шартын ескере отырып есептер шығара алады.
Жалпы балл-4

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл



Оқулық
Бейне көрсетілім

ДК экран
Видеоролик





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет