Қ.Жұбанов атынлағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы
СӨЖ №15
Тақырыбы: Қалыптастырушы бағалауды өткізудің тәртібімен танысу, талдау
Орындаған:
Алуадинова С.С
Топ:АО-202
Тексерген:Мурсалиева А.К
Ақтөбе 2022
Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
2013-2014 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілді саясатына сәйкес географияны барлық сыныптарда қазақ тілінде оқыту енгізілген болатын. Осыған дейін өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, ойы өзге тілде болып келген оқушы үшін қазақ тілінде географиялық білімді қабылдау, оны талдап, жүйелеу үлкен қиындық тудырады. Тек қана тілді игеру барысында қиындықтарға тап болып жататын оқушылар үшін пәнді өзге тілде түсініп кету көп күш-жігерді талап ететіні мәлім. Бұл тек оқушы үшін емес пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда төменде берілген қалыптастырушы бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн.
І. Қорытындылау үшін немесе сұрақтар үшін үлестірмелер тарату
1 бетінде: Өтілген материал (тарау, тақырып) негізгі идеясын атаңыз және қорытындылаңыз.
2 бетінде: Өтілген материалдардан сізге не түсініксіз болғанын анықтаңыз және сұрағыңызды ойластырыңыз.
Мұғалім екі жағында тапсырма жазылған үлестірмелерді жиі пайдалануына болады.
ІІ. Қолмен белгі беру
Түсінемін және түсіндіріп бере аламын (Бас бармағын жоғары көтеру арқылы)
Мен әлі түсіне алмай отырмын (Бас бармағын жанына қарату арқылы)
Мен әлі сенімді емеспін (Қолын бұлғау арқылы)
ІІІ. Тест түрлері
Мини тест (Бір дұрыс жауабы болады)
Элективті тест (Оқушылар А,В,С,Д карточкаларын көтеру арқылы)
Формативті тест (шағын топта отырып талқылау арқылы жауап беру)
Тұжырымдар беру (иә, жоқ деп бір сөзбен жауап беру)
Сонымен қатар тесттерді оқушылардың өздеріне де құрғызуға болады.
ІV. Формативті сұрау және пәндік тіл қалыптастыру
Таныстырылым, бейнефильм, диаграмма, кесте, сурет, рольдік және іскерлік ойын, мәтінді талдау, ақпараттық графика әдісі, т.б. жұмыстардан кейін мұғалім «Неге? Не себепті? Не үшін?»деген сияқты сұрақтар бере отырып, оқушыға көмекші сөз тіркесін ұсынып отыруы тиіс.
Мысалы: Тақырыптың негізгі идеясы (принципі, үрдісі) болып.........табылады. Себебі........... Менің ойымша...................... Зерттеулер нәтижесінде мен........................... қорытындыға келдім.
География пәні ауызша сабақ болғандықтан жұптық, топтық жұмыстар мен белсенді оқыту әдістері табиғат құбылыcтары мен заңдылықтарды cабақ барысында оқушылармен зерделеу, зерттеу жұмыcтарын жүргізуге, әрі қызығушылығын оятып, болашаққа болжам жаcауына, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына т.б. мүмкіндіктер береді.
Тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |