8.1.4.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.
8.3.6.1 одағай сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Болжау бойынша сабақ тақырыбын анықтай алады, тірек сөздер арқылы негізгі ақпараттарды түсінеді, төрт түліктің пірі мен шақыру атауларын тауып, кесте толтыра алады.
Көпшілік оқушылар үшін: Мәтін мазмұны бойынша қосымша ақпараттарды анықтай алады, мәтіннен омоним бола алатын сөздерді тауып, мағынасын аша алады, көп мағыналы сөздерді де таба алады.
Кейбір оқушылар үшін: Сыныпта белсенділік таныта алады, «Ас-адамның арқауы» тақырыбына байланысты шығармашылық жұмыстарда белсене ат салысады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.