Барлық оқушылар істей алады:Ауа қабаттарын ажыратады, атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі
Көптеген оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін логикалық сұрақтар арқылы түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерісін есептер шығару арқылы көз жеткізеді.
Бағалау критерийлері
-Атмосфералық қысымның табиғатын түсінеді
-Атмосфералық қысымды өлшеудің әдістерін сипаттайды
-Алған білімдерін есептер шығару арқылы түсіндіреді
Құндылықтарға баулу
Ғылыми дүниетанымын арттыру,алған білімдерін техника мен өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге баулу
Жаңа сабақ. «Ширату» жаттығуы.Біз қалай тыныс аламыз?
1) Диафрагма өкпенің көлемін ұлғайтады. Өкпедегі ауаның қысымы ... Ол атмосфералық қысымға қарағанда ... Ауа өкпеге енеді.
2) Диафрагма өкпені қысқанда, өкпенің көлемі кішірейеді. Сондықтан өкпедегі ауаның қысымы ... Ол атмосфералық қысымға қарағанда ... Ауа өкпеден сыртқа шығады.
Оқушылар барлығы жақсы көңіл-күймен сабақты бастайды.
Біз қалай тыныс аламыз деген сұрақтың негізінде бүгінгі сабақ тақырыбын ашады