Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындайды;
Әдеби шығарма мазмұнын түсінеді.
43
Мини-центра
Бүгінгі сабақта меңгеретіңдеріңіз: шығарманың мазмұнын түсінесіздер, композициялық құрылысын талдайсыздар.
Кіріспе
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы.
БІЛГЕНГЕ МАРЖАН!
1-тапсырма. Шығарманың композициялық құрылымын жазыңыздар.
.
.
37
Частных детских
сада
43
Мини-центра
Өзіңді тексер!
Дұрыс жауап.
Оқиғаның басталуы Кеңес өкіметі дәуіріндегі 1980 жыл. Профессор Алдияр Ақпан ұлы және оның шәкірті Аяған Қуатовтың айналасында өрбиді.
Оқиғаның дамуы
Кеңес заманының озбырлығын суреттеген бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.
Оқиғаның байланысуы
Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған.
Оқиғаның шиеленісуі
Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында.
Оқиғаның шарықтау шегі
Жалақорлардың жаласынан, пәлеқорлардың пәлесінен Аяған мынадай күйге түседі: ақтығын, адалдығын, жазықсыздығын дәлелдей алмайды; көкірегінде жыр-пыры шығып шырылдаған шындығынан кеңестік билікті иландыра алмай, мысы құриды.
Оқиғаның шешімі
Шындық іздеп жүріп, әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, одан аман-сау шығып келгенде қайтадан түрмеге тығады; қарт ата-анасы, әйелі осының қайғысынан өледі; балалары жетім қалады. Міне, отарлық кезең – зобалаң заман шындығы!
2-тапсырма.
«Құнды ой» әдісі бойынша шығарманың көркемдік маңыздылығы туралы өз ойларыңызды (7 сөйлем) жазыңыздар.