- ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (Т2)
- 8-СЫНЫП
- Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман көрінісі
- Бүгінгі сабақта:
- Сенің білетінің:
- • «Үш қиян» толғауының мазмұнын біледі, өз ойын дәлел келтіріп жеткізеді.
- Сенің меңгеретінің:
- Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;.
- - Ұйымдастыру
- -Қызығушылықты ояту, сабақтың тақырыбын болжау, мақсат қою;
- -Ынтымақтастық атмосферасын құру;
- -Үй тапсырмасын сұрау.
- Ресурс. «Еділ» әнін тыңдау
- Суретке мұқият қарап, қайдай жер, еліміздің қай аумағы екенін анықтаңыз.
- Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне өлең бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.
- Мінездеу. Авторға мінездеме беру. Заманның келбетіне сипаттама беру.
- Анықтау.Асанқайғы,Қазтуған,Орақ,Мамай,Телағыс есімдері толғауда қандай себеппен аталатындығын анықтаңыздар.
- Салыстыру.Мұрат заманы мен қазіргі заманды салыстырыңыздар.
-
- Қалыптастырушы бағалау: «Ауызекі бағалау», «Қол сигналы».
- 1. Ақын заманның келбетін, заманның реңін қалай суреттейді?
- 2. Заманның бұзылу себептерін ақын өлеңдерінен тауып, талдаңыздар.
- «Үш қиян» толғауынан үзінді
- Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны. Маңғыстаудың үш түбек Оны дағы алғаны. Үргеніш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны, Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал менен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз, жігіттер, Замананы тағы да Бір қырсықтың шалғаны!
- Өлеңдегі образды «ПОПС формуласы» арқылы талдау:
- «Менің ойымша...»
- «Себебі,мен оны былай түсіндіремін...»
- «Оны мен мына мысалдармен,фактілермен дәлелдей аламын...»
- «Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...»
- «Әдеби әңгіме шеңбері» - неге толғау «Үш қиян» деп аталаған деп ойлайсыз?
- Рефлексия. «Ашық әңгіме» әдісі арқылы сабақ бойынша өз пікірлерін айтады.
- "Үш қиян” толғау-дастанында ақын "Үш қиян” деп — үш өзен салаларын айтады. Олар: Батыс Қазақстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айналасы. Олардың отаршылдардың қолында кеткені, елдің өрісінен айырылып, торыққаны жырланады. Соның салдарынан "заман” бұзылды: ақшалының күні туды, пара алу көбейді, арамзалар болыс болып, ел биледі, ағайындық пен татулыққа жік түсті, ел ішін жылпостар жайлады, дәулеттіден бақ тайды деп күңіренеді. Заман бейнесін осы суреттеулер арқылы танимыз.
- «Үш қиян» жырының өзіңе ұнаған тұсын жаттау, «Өткен заман мен бүгінгі заманның айырмашылығы» тақырыбында шағын ой-толғау жазу
Достарыңызбен бөлісу: |