Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі Оқыту мақсаты



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі427,76 Kb.
#94698
түріСабақ
  1   2   3

Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 5. Экономикалық география
5.2 Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
Күні:
Сынып: 9
Мектеп:
Мұғалімнің аты жөні:
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі

Оқыту мақсаты:



9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады;

Сабақтың мақсаты



Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымының жіктелуін талдайды, аймақтардағы проблемаларды анықтайды, шешу жолдарын көрсетеді;

Бағалау критерийі

Талдау

  • инфрақұрылымның функционалды салаларын талдайды;




Зерттеу

  • инфрақұрылымның дамуындағы проблемаларды зерттейді;

  • шешу жолдарын ұсынады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жағдайын талдап, дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тілдік мақсат
Қазақстанның индустриялдық- инновациялық даму бағыттарын анықтауда түрлі деректерді қарайды. (жазылым/ оқылым/ тыңдалым) Қазақстан аймақтарының инфрақұрылым жүйесін мәтін арқылы (әртүрлі ресурс көздерінен) зерттейді (оқылым, жазылым)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Инновация, индустрия, даму, болашақ, Инновациялық қызмет инфрақұрылымы, технопарктер, (АЭА) арнайы экономикалық аймақ, индустриялық аймақ Стратегия-2050, бизнес- инкубатор, көлік- логистикалық кешен.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы ....................... Дамыту үшін ............................... Нұр- Сұлтан қаласының инфрақұрылымы жақсы дамыған, әлеуметтік инфрақұрылым .........., Көліктік инфрақұрылым үшін ....... Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын зерттей келе ................. ..................мәселелер анықталды. Менің ұсынысым .............

Қалыптастыратын құндылықтар

Өзіне құрмет басқаға құрмет

Сабақ барысында барлық құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу;

Академиялық шынайлылық

Сабақ барысында ашықтық, өзара әділ бағалау

Өмір бойы оқу

Оқушы өмір бойы үздіксіз білім алу, өткен сабақтардағы білімді қолдану

Ынтымақтастық

Жұптық немесе топтық жұмысты орындау барысында өзара байланысқа түсе отырып, еңбек және шығармашылықты дамыту

Пәнаралық байланыс

Экономика, тарих пәндері

АКТ-құндылықтары

АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып презентация көрсетіледі, тақырыпқа сай ақпарат көздеріне қол жеткізеді.

Алдыңғы білім

Оқушылар 8 сыныптан адамдардың қоғамдағы шаруашылық қызметтері туралы білулері тиіс. Инфрақұрылымның маңыздылығы, көлік
инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға бере алуы тиіс.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыттар

Жоспарланатын шаралар

Ресурстар



Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
ІІ.Тақырыпқа шығу.
Интебелсенді тақтада Қазақстандағы 2015-2019 жылдардың инфроқұрылымды дамыту бағдардамасының суреті көрсетіліп, сұрақ қойылады.

  • Сурет бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға көмек бере ме?

  • Неге олай ойлайсыз?

  • Өз ойыңызды білдіріңіз? деген жетелеу сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.

Сабақтың мақсатын анықтау:
Павлодар ауданындағы сапалы ауызсу мәселесінен сурет көрсетіліп, оқушыларға:

  • Суретте қандай елді мекеннің қай түрі көрсетілген? (ауыл, қала)

  • Сурет арқылы сабақ мақсатын анықтай аламыз ба? деген сұрақтар арқылы жетелей отырып, жауаптарын тыңдап, сабақтың мақсаты анықталады.

Сабақты бастамас бұрын сабақ үрдісіндегі тәртіптің сақталуы еске салып өтіледі.



http://transport.miid.gov.kz/kk/infographic/2015-2019-zhyldarga-arnalgan-nurly-zhol-infrakurylymdy-damytu-memlekettik-bagdarlamasyn

http://pavon.kz/post/view/38519






Сабақтың ортасы


ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет