Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар



бет1/4
Дата10.02.2023
өлшемі5,99 Mb.
#66836
түріСабақ
  1   2   3   4


Оқу мақсаты:
10.4.1.13 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар
Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1991 – 1994 жж.) жоспарлы социалистік экономиканың құлдырау дәуірімен және нарықтық экономикаға көшудің басталуымен байланысты. Бұл кезең ұлттық валюта енгізілумен және экономикадағы стагнация, тауарлар құнының күрт өсуімен сипатталады, сонымен қоса осы кезеңде Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы «Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы» қабылданды. Ал 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болды.
Екінші кезең (1995 – 1999 жж.) Қазақстанның жаңа Конституциясын және экономиканы дамытудың стратегиялық жоспарларын қабылдаумен байланысты болды. Бұл кезенде 1997 жылы нарықтық экономикаға сай келетін салықтық база, бағалы қағаздар нарығы құрылды. Кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылып, фермер қожалықтары ұйымдастырылды. 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін мемлекет призиденттік басқару формасына көшті.
Үшінші кезең (2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) экономиканың өрлеуімен байланысты. Бұл кезеңде индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру басталды. 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіру міндеті қойылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан – дүниежүзінің 190-нан астам елімен экономикалық қатынастар орнатқан, өз ресурстарына сүйенетін, дамыған көпсалалы экономикасы бар мемлекет.
Мемлекеттің шаруашылығы өндірістік және өндірістік емес салаларға бөлінеді.
Өндірістік салаларға ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру, орман шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, химия, энергетика, көлік жасау, құрлыс материалын өндіру саласы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет