Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата18.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#2169
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

263

оны  көбіне  «тас»  немесе  «темір»  ағаш  деп  атайды. 

қабығын тері, жүн және жібек бұйымдарын сарғыш 

қоңыр  түске  бояу  үшін  қолданады.  Халық  медици-

насында  жапырағы  мен  жемісін  асқынған  асқазан, 

ішектің  жұқпалы  ауруларын  емдеуде  және  терлеу 

үшін  қолданылады.  Ал  құрамында  48%-ға  дейін 

қою майы бар жемісін тағамға пайдаланады. жемісі 

шикі күйінде де жеуге жарамды. К. т. шірнелік және 

сәндік  өсімдік.  табиғи  ортада  тік  беткейлер  мен 

шөгінділерді  орнықтырып,  топырақты  шайылып, 

тастарды  жылжып  кетуден  сақтайды.  К.  т-ы  өзінің 

таралу аймағы бойынша солт.-шығыста ең сирек кез-

десетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.

КАЗТАЛОВ  АУДАНЫ  –  Батыс  қазақстан  обл-

ның  батысында  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  Алғаш  

1928 ж. құрылған. Кейін (1997) жалпақтал (бұрынғы 

фурманов) ауд. таратылып, оның негізінде К. а. бұ-

рынғы аумағын кеңейтіп қайта құрылды. жер аум. 

18,8 мың км

2

. тұрғыны 34,9 мың адам, орташа ты-



ғызд. 1 км

2

-ге 1,8 адамнан келеді (2010). Аудандағы 54 



елді мекен 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. 

Аудан орт. – Казталовка а. Аудан жері жазық. Каспий 

т-нің солт. бөлігін қамтиды. ең биік жері ауданның 

батысында (абс. биікт. 42 м). жер қойнауынан құры-

лыс материалдары өндіріледі. Климаты тым конти-

ненттік:  қысы  суық,  жазы  ыстық,  қуаң.  Ауданның 

орташа  темп-расы  қаңтарда  –13  –  13,5°С,  шілдеде 

24°С.  жауын-шашынның  орташа  жылдық  мөлш. 

200  –  250  мм.  Аудан  жерімен  қараөзен,  Сарыөзен, 

Ащыөзен, жайықтың Көшім тармағы және олардың 

салалары  ағып  өтеді.  Ірі  көлдері:  мерекекөл,  қара-

көл, Сарышығанақ, Балықты Сарқыл. жері негізінен 

қызғылт қоңыр, қоңыр, сортаңды, сор топырақ. Онда 

боз, жусан, бетеге, еркек шөп, өзен жайылымдарында 

және көлдерді жағалай қамыс, құрақ аралас шалғынды 

шөптер  өседі.  жабайы  аңдардан  қасқыр,  түлкі,  қар-

сақ, қоян, доңыз, ақ бөкен, борсық, сарышұнақ, ала-

ман, өзендерде шортан, алабұға, сазан, т.б. балықтар 

кездеседі. құстардан қаз, үйрек, аққу мекендейді. Ірі 

елді  мекендері:  Казталовка,  Бостандық,  жалпақтал, 

қошанкөл, қараоба. Аудан етті-сүтті мал, қой, жылқы 

және  астық  өсіруге  маманданған.  А.  ш-на  жарамды 

жері 336,6 мың га (2009), оның ішінде егістігі 0,43 мың 

га,  шабындығы  706,3  мың  га,  жайылымы  2,51  млн. 

га-ны құрайды. Аудан жерімен жәнібек – Казталов-

ка,  жалпақтал  –  чапаев  –  Казталовка,  жалпақтал  –  

талдыбұлақ автомоб. жолдары өтеді. 

Каменные

КАЗТАЛОВ БӨГЕНДЕРІ – 1) Батыс қазақстан обл. 

Казталов  ауд.  жерінде  Сарыөзен  бойындағы  бөген. 

Казталовка  а-нан  оңт.-шығысқа  қарай  45  км  жерде 

орналасқан.  Алғаш  рет  1975  ж.  Сарыөзеннің  орта 

ағысындағы  сол  аңғарына  салынып,  іске  қосылды. 

Айдынының  аум.  2,1  км

2

,  көл.  3,5  млн.  м



3

,  суымен 

3,6  мың  га  жер  көлдетіп  суландырылады.  Бөген 

мамаев  бөгенімен  каскадтар  арқылы  байланысқан; 

2)  Сарыөзеннің  орта  ағысында  1977  ж.  салынған. 

Казталовка а-нан оңт.-батысқа қарай 9 км жерде ор-

наласқан. Айдынының аум. 2,7 км

2

, көл. 7,2 млн. м



3

суымен  8,6  мың  га  жер  көлдетіп  суландырылады. 



Бөген  варфоломеев  2-бөгенімен  каскадтар  арқылы 

байланысқан. 



КАЛЕСНИК МҰЗДЫҒЫ – Іле Алатауының солт. 

беткейіндегі  аңғарлық  мұздық.  Іле  алабындағы 

Солт.  талғар  өз-нің  бастауында,  4580  м  биіктіктен 

басталып 3400 м-ге дейін созылып жатыр. Оған бел-

гілі  кеңес  географы,  акад.  С.в.  Калесниктің  есімі 

берілген. Ұз. 4,3 км (оның ішінде ашық жатқан бөлігі 

3,8 км), жалпы аум. 6,6 км

2

, фирн алаңы 4,4 км



2

. Ор-


таша қалыңд. 40 м. мұз көл. 0,24 км

3

. мұздық тілінің 



ашық бөлігінің ауд. 2 км

2

, оның 0,2 км



2

-і борпылдақ 

жыныстармен көмкерілген. К. м. еріп жылдан-жылға 

қысқарып келеді. 



«КАМЕННОЕ  ОЗЕРО»,  т а с т ы к ө л   –  қостанай 

обл. қостанай ауд. заречное а-ның шығысында 3 км 

жерде орналасқан ботан. қорықша. табиғаттың біре-

гейі  саналатын  бұл  жер  суықты  сүйгіш  (бореалды) 

флораның қорғанышы саналады. плиоценнің соңы, 

төрттік  кезеңнің  басында  қалыптасқан  «К.  о.»  то-

был  өз-нің  жағалаулық  ескі  арнасын  алып  жатыр. 

Ауд.  100  га.  қорғалатын  өсімдік  типтеріне  көлдің 

солт. террасалы беткейлеріндегі қайың шоқ орман-

дары  жатады.  «мас  орман»  деп  аталатын  бұл  шоқ 

орманда салпыншақ қайың мен көк терек басым өс-

кен. Орманның төселмесінен тікенекті раушан, қара 

жемісті  ырғай,  алқызыл  долана,  қара  қарақат  және 

кәдімгі  мойыл  құрайды.  Орман  алаңқайларында 

даланың  кәдімгі  бұталары:  бояу  бекіш,  талбұршақ, 

даланың сары қарағаны өседі. Сирек кездесетін өсім-

діктерге:  орман  қырықбуыны,  сепкілгүл,  өзгермелі 

сайсағыз, хош иісті қырлышөп жатады. Кейде сирек 

болса да сынықша цистоптерикс, кәдімгі түйеқұсшөп 

пен таға кездеседі.



КАМЕННЫЕ ВОРОТА, т а с қ а қ п а  – Сайқын тау-

ларының  қиыр  шығысындағы  асу.  қытайдың  және 

Сарыөзен жағалауы

Калесник аңғарлық мұздығы



264

шығыс  қазақстан  обл. зайсан  ауд.  шекарасы  аралы-

ғында. теңіз деңгейінен 1469 м биіктікте орналасқан. 

Батыс  етегіндегі  шатқалдан  Ұласты  өз.  ағып  өтеді. 

Асудан салт атты адам наурыз – қазан айларында өте 

алады. 


«КАМЕНСКОЕ  ПЛАТО»  –  таудың  таза  ауа-

сы  және  қымызбен  емдейтін  санаторий.  Іле  Ала-

тауының  беткейінде,  Алматы  қ-нан  10  км,  теңіз 

деңгейінен  1360  м  биіктікте  орналасқан.  жаз 

айларының  орташа  темп-расы  18,1  –  20°С,  қыста 

–2,7  –  4,4°С,  құрғақ;  ең  суық  айы  –  желтоқсан  

(–24,5°С). Алғашқыда демалыс үйі болып құрылып, 

1932  ж.  өкпе  туберкулезін  емдейтін  санаторийге 

айналды.  қазір  санаторий  Алматы  қалалық  әкімш-

не қарайды. жыл бойы жұмыс істейді, бір мезгілде 

150-ден  астам  адам  емделеді.  1971  жылдан  бастап 

75  орындық  урол.,  гинекол.  бөлімдер  ашылған. 

«К.  п.»  санаторийіндегі  негізгі  ем:  қымыз,  климат-

тық  факторлар  (тау  бөктеріндегі  шыршалы  орман, 

шипалы таза ауа, сұлу табиғат), сондай-ақ физиоте-

рапия, гелиотерапия тәсілдері қолданылады. жақсы 

жабдықталған рентген кабинеттері, лабораториялар 

бар. Санаторийде өкпеге операция да жасайды.



КАСПИЙ  АЛБЫРТЫ  (Salmo  trutta  caspіus)  –  ал-

бырттар тұқымдасының бір түр тармағы. Негізінен 

Каспий т-нің оңт.-батыс аймағын мекендейді. Солт. 

Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын 

өзендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса еділ 

мен жайық өзендеріне өрлейтін. К. а. – албырттардың 

ішіндегі  ең  ірісі;  ұз.  100  см,  жыныстық  жағынан 

жетілгендерінің салм. 2 – 7 кг. қара т. албыртына (S. 

trutta labrax) ұқсас, айырмашылығы – құйрық сабағы 

жіңішке  келеді.  К.  а-ның  Каспий  т-нің  қазақстан 

бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі аз зерттелген. 

әдетте,  бұл  өткінші  (өрістегіш)  балық.  Алғашқы 

жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 – 5 

жасында  жыныстық  жағынан  жетіледі.  уылдыры-

ғын (45 мыңға дейін) өзеннің түбіндегі малтатасты 

жерлерге,  қазан  –  қаңтар  айларында  (судың  темп-

расы 3 – 13°С-қа жеткенде) шашады, ұрығы 26 – 90 

тәулік  аралығында  жетіледі.  теңізге  шықпай,  тек 

өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. К. а. 

10  жылдай  тіршілік  етеді.  Басқа  албырттар  сияқты 

К. а-ның көлемінің өсуі, салмағының артуы теңіздегі 

тіршілік  жағдайына  байланысты.  шабақтары  жән-

діктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен 

қоректенсе, ересектері – балықтармен (килька, ате-

рина,  майшабақ),  мизидалармен,  креветкалармен 

қоректенеді. К. а-ның саны қай кезде де көп болған 

емес.  Каспийдің  оңт.-батыс  бөлігінен  басқа  жерде 

сирек кездеседі. Оның жылдан-жылға азаюына бай-

ланысты  қорғауға  алынып,  қазақстанның  «қызыл 

кітабына» енгізілген.



КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ (Phoca caspіca) – ескекаяқ- 

тылар  отряды,  итбалық  тұқымдасына  жататын  аң. 

Оны  қазақ  тілінде  т ү л е н   деп  те  атайды.  Дене 

тұрқы 125 – 160 см, салм. 65 – 80 кг. Суда тіршілік 

етуіне  байланысты  дене  құрылымында  сол  ортаға 

бейімделуі  басым.  мойны  денесімен  тұтасып  біт-

кен,  сондықтан  басы  айқын  бөлектеніп  көрінбейді; 

құлақ  қалқаны  болмайды,  аяқтары  ескек  тәрізді, 

башайларының  арасында  қалың  тері  жарғақтары 

болады. қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын 

көрінеді,  бауыры  ақшыл  болады.  К.  и.  тек  Каспий 

Каменское

т-нде  ғана  таралған.  еділ  мен  жайық  өзендерінің 

төм.  ағыстарында  сирек  те  болса,  кездесіп  қалады. 

әсіресе,  Каспий  т-нің  солт.  бөлігіндегі  аралдарда 

қыс  айларында  көбірек  ұшырасады.  тіршілігінің 

көбі  суда  өтеді.  тек  түлейтін,  шағылысатын  және 

балалайтын  кезде  ғана  теңіздегі  аралдарға  немесе 

мұз  үстіне  шығады.  шағылысуы  ақпанның  орта-

сынан  наурызға  дейін  созылады.  Бір  жылдан  кейін 

1  кейде  2  күшік  (ақүрпек)  табады.  Ақүрпегін  ана-

лығы майлы сүтімен 3 – 4 тәуліктей қоректендіреді. 

2 – 3 айда әбден семірген ақүрпегін «май итбалық» 

деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет 

өзгергендіктен,  оларды  «қара  итбалық»  деп  атай-

ды.  Негізінен  балықтар,  шаянтәрізділер  және  мол-

люскілермен қоректенеді. К. и-ның терісі мен майы 

өте  бағалы  болғандықтан  кәсіптік  маңызы  бар  аң. 

ересек түлен күзге қарай бойына 40 – 70 кг-дай май 

жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңі-

нен қолданылады.  



КАСПИЙ  ҚАЯЗЫ  (Barbus  brachycephalus  caspі- 

us)  –  Арал  қаязының  түр  тармағы,  өткінші  балық. 

Негізінен  Каспийдің  оңт.  бөлігінде  тіршілік  етіп, 

теңізге  оңт-нен  және  батысынан  құятын  өзендерге 

өрістейді.  Солт.  Каспийде  сирек  кездеседі.  Дене 

тұрқы 56 – 76 см (103 см-ге дейін), салм. 3 – 6 кг-дай 

(14,5  кг-ға  дейін)  болады.  пішіні,  жалпы  морфол. 

белгілері  Арал  қаязына  ұқсас  (негізгі  айырмашы-

лығы – тіршілік ететін жерінде). жыныстық жетілуі 

5 жастан басталады. уылдырық шашу үшін сәуірдің 

аяғынан тамызға дейін жайыққа өрлейді. Көктемде 

өрлегендері  судың  темп-расы  20  –  23°С-қа  жеткен-

де  уылдырығын  (115  –  1259  мың)  ағысқа  шашады. 

К.  қ.  өзен  шаяндарымен,  су  жәндіктерімен,  дернә-

сілдерімен  қоректенеді.  қорегінде  өсімдік  дәні  мен 

детрит те кездеседі. К. қ-ның еті өте дәмді, бірақ бұл 

балықтың кәсіптік маңызы шамалы. 

КАСПИЙ МАҢЫ АРТЕЗИАН АЛАБЫ – Каспий 

т-нің солт-нде орналасқан дүние жүзіндегі ең терең 

геол.  ойысты  алып  жатқан  жер  асты  сулы  алабы. 

жалпы  аум.  700  мың  км

2

.  құрылымы  палеозойға 



дейінгі  түзілімдерден  бастап  қазіргі  шөгінділерге 

дейін  үздіксіз  жиналып  қалыптасқан  қабаттардан 

(жалпы қалыңд. 10 – 23 км) тұрады. Саз, құм, құмтас, 

әктас жыныстары төм. палеозойдың тұз шөгінділе-

рімен қабаттасып жатқандықтан бұл арада тұз күм-

безді құрылымдар өте көп (мыңнан астам). құмды-

құмтасты  шөгінділерде  шоғырланған  артезиандық 

су  қабаттарының  тереңдігі  алаптың  орталығында 

20 – 23 км-ге дейін жетеді. жер бетінен төмендеген 

сайын әр қабаттың су өнімділігі кеміп, минералды-

Каспий итбалығы


265

КАСПИЙ МҰНАЙЛЫ-ГАЗДЫ АЙМАҒЫ – Аты-

рау,  Батыс  қазақстан,  ішінара  Ақтөбе  облыстары-

ның  жерінде  орналасқан  мұнай,  газ  кен  орындары 

шоғырланған  аймақ.  ерте  палеозойға  дейінгі  даму 

сатысында  тектоник.  төмендеуіне  байланысты  қа-

лың  шөгінділердің  жиылуына  шалынған  шығыс 

еуропа  платформасының  құрамдас  оңт.-шығыс 

бөлігі.  Геофиз.  деректер  бойынша  кембрийге  де-

йінгі іргетастың тереңд. 20 км-ден асады. Стратигр. 

қимада  жаппай  дамыған  кунгур  ярусының  тұзды 

қабаттары  бүкіл  қиманы  екі  бөлікке  бөледі:  жоғ. 

бөлік  (мезозой  –  кайнозойлық  тұз  үстіндегі  терри-

гендік  шөгінділер)  және  төм.  бөлік  (тұз  астындағы 

палеозойлық  карбонатты-терригендік  шөгінділер). 

Аймақтың жоғары мұнайлы-газдық әлеуеті көптеген 

факторларға  байланысты,  олардың  ең  бастылары: 

шөгінді  қабаттардың  орасан  зор  қалыңдығы  және 

ондағы жыныстардың түзілу тегінің теңіздік болуы; 

шөгінді  шоғырлануының  жоғ.  дәрежедегі  көлем-

дік жылдамдығы (әрбір млн. жылда 15000 км

3

); тұз 


үсті және тұз асты шөгінділеріндегі органик. заттың 

молдығы;  стратигр.  қимада  мұнай  мен  газ  түзуші 

жыныстардың жақсы дамығандығы, т.б. 2000 жылға 

дейін К. м.-г. а-ндағы 3 әкімш. облыстың аумағында 

120  мұнай,  мұнай-газ,  мұнай-газконденсат  кендері 

ашылды. 


КАСПИЙ ОЙПАТЫ – Каспий т-н солт-нен доға тә-

різді ораған ойпатты жазық. Солт-нде жалпы Сырт 

қыратымен,  шығысында  үстірт  және  маңғыстау 

тауларының етегімен, батысында ергене қыратымен 

шектеледі. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 1000 

км-ден астам, ені 500 км-дей. Аум. 200 мың км

2

. Негізі-



нен қазақстан жерінде, батыс шеті Ресей аумағында. 

Абс. биіктігі Каспий т. жағалауындағы –27 м-ден шет 

жақтарында 100 м-ге дейін көтеріледі. К. о. бұрын те-

ңіз түбі болған. төрттік дәуірдегі теңіз трансгрессия-

лары кезінде теңіз дүниежүз. мұхит деңгейінен 50 м 

жоғары көтеріліп, солт-нде жигули тауларына дейін 

жеткен. К. о-ның жер бедері теңізден қалған қалыңд. 

1  км-ге  дейін  жететін  беткі  қабаты  құм,  шөгінді 

саз  жыныстары  қабаттарынан  қалыптасқан.  тегіс 

жазықтың үстінде жеке тұз күмбезді қыраттар кезде-

седі (Бесшоқы, 60 м, индер, 56 м, үлкен Боғда, 152 м, 

т.б.). Ойпаттың теңіз жағалық бөлігінде батысында 

Кума өз-нің сағасынан, шығыста жем өз-не дейін бэр 

төбешіктері  таралған.  Климаты  тым  континенттік. 

қаңтардың  орташа  темп-расы  солт-нде  –14°С,  Кас- 

пий т. жағалауында –8°С. Абсолют минимумы –40°С-

қа дейін барады. қар жамылғысы жұқа түскенімен, 

лығы арта түседі. Ойыстың шығыс, оңт.-шығысында 

жер  бетіне  жақын  жатқан  қабаттарда,  көбінесе  бор 

кезеңінің  құмтасты  шөгінділеріндегі  судың  ми-

нералд.  1  –  3  г/л  болса,  ойыстың  орталығындағы 

тереңде жатқан сулы қабаттарда 350 – 550 г/л-ге дейін 

барады. Негізгі жер асты су қоры бор кезеңінің шө-

гінділерінде шоғырланған, оның минералд. 3 г/л-ге 

дейін. Арынды, шапшып-төгілмелі жер асты суының 

аймақтық жылдық пайдалану қоры 2,9 км

3

-ден аса-



ды, оған жылына 1,5 км

3

-ден артық сіңбе су қосылып 



алмасып  отырады.  пермь,  тас  көмір  кезеңдерінің 

карбонатты  шөгінділеріндегі  су  құрамында  бром, 

бор,  стронций,  йод,  рубидий,  цезий  сияқты  құнды 

микроэлементтер бар.



КАСПИЙ  МИНОГАСЫ  (Caspіomyzon  wagnerі)  –  

миногатәрізділер  отрядының  миногалар  тұқымда- 

сының  жалғыз  түрі.  Каспий  т.  су  алабының  әзер- 

байжан  және  Солт.  Каспий  жағалауында  тара-

ған.  теңізден  еділ,  жайық,  Күре,  терек  өзендеріне 

және  олардың  салаларына  өрлейді.  Су  электр  ст-

лары  салынғанша  еділмен  Калинин  қ-на,  Камамен 

чусовойға,  Окамен  мәскеу  өз-не,  терекпен  Бак- 

сананың  сағасына,  Күремен  мцхета  қ-на  дейін  өр- 

леген. К. м-ның ұз. 20 – 55 см, салм. 30 – 200 г-дай 

болады. Денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес. 

қаңқасында  сүйекті  тіні  болмайды,  хордасы  өмір 

бойы  сақталады.  2  арқа  (кейде  1)  және  құйрық  қа-

наты болады. қапшықтәрізді желбезектері басының 

екі бүйірінен тесіктерімен (жеті-жетіден) ашылады. 

танау  тесігі  біреу,  ол  басының  үстінде  орналасқан, 

танау тесігінің артында төбе көзі (үшінші көзі) бар. 

Аузы  соруға  бейімделген  түтік  тәрізді,  оның  жиегі 

тері шашақтармен көмкерілген және көптеген «тіс» 

деп  аталатын  мүйізді  өскіндері  болады.  жақтары 

болмайды.  Көбеюі  мен  дернәсілдік  уақыты  өзенде 

(18  –  20°С-та  8  –  9  тәулікте)  өтеді.  жұмыртқадан 

шыққан дернәсілі құртқа ұқсас. түрдің түрлену мер-

зімі, қолдан өсіру тәжірибесі бойынша 4 жылдан кем 

емес.  түрлену  аяқталғаннан  кейін  К.  м-сы  теңізге 

қайтады, теңізде 2 жылдай болып, уылдырық шашу 

үшін өзендерге өрлейді. уылдырығын (38 мыңға де-

йін) мамыр – маусым айларында өзен суының (16 –  

20°С-қа  жеткенде)  түбіндегі  ұяларына  шашады.  К. 

м-ның еті өте дәмді және майлы (31 – 34%) болған-

дықтан көп ауланған. жылдан-жылға санының аза-

юына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген. 

Каспий

Каспий ойпатының сораң шөптері

Каспий миногасы


266

су  көлемінің  80%-ын  еділ,  5%-ға  жуығын  жайық 

өзендері берсе, терек, Сулак, Самур өзендері 5%-дан 

астам, Күре өз. 6%-ын береді. иран жағалауындағы 

өзен  мен  Кавказдың  кіші  өзендері  4%-ға  жуығын 

береді.  жалпы  жер  беті  суының  теңізге  келіп  құя-

тын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл 

ішінде 260 км

3

-ді құрады. теңіз суы бетіне шаққанда 



өзен  ағынының  мұндай  өзгеруі  К.  т.  деңгейін  67 

см-ге  өзгертеді.  Басқаша  айтқанда  К.  т.  деңгейінің 

жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана 0,6 

м-ді құрайды. теңізге келіп түсетін атмосф. жауын-

шашын  мөлшері  тым  аз.  Ол  теңіз  деңгейін  1  см-ге 

ғана көтереді. К. т-нде қарабұғазкөл шығанағының 

маңызы  зор.  әсіресе,  оның  суы  теңіз  деңгейі  мен 

тұздылығын  сақтауға  ықпал  етеді.  теңізден  келген 

әрбір км

3

 су шығанаққа 13 – 15 млн. т әр түрлі ми-



нералды тұздар алып келеді. қарабұғазкөл теңіздің 

буландырғыш  рөлін  атқарады.  К.  т-нің  тұздылығы 

еділ  мен  жайық  өзендері  сағасына  жақын  маңда  

0,1  –  0,3‰,  оңт.-шығыста  13‰-ге  дейін  көтеріледі. 

теңізде желдің, өзен суының және жағалау бойының 

әсерінен  циклондық  айналма  ағыс  пайда  болады.  

К. т. деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға 

және  ғасырлық  мерзімде  ауытқып  тұрады.  Геомор-

фол. зерттеулер бойынша К. т. деңгейінің ауытқуы 

уақыт өткен сайын кеми берген: плейстоценде (соңғы 

700 – 500 мың жыл ішінде) теңіз деңгейінің ауытқуы 

100 м, голоценде (соңғы 10 мың жылда) 15 м-ге (–20 

м-ден – 35 м-ге дейін), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 

м-ге, ал инструментальды бақылаудан бастап (1830 

жылдан қазіргі уақытқа дейін) 4 м-ге ауытқып отыр-

ған (графиктерді қ.). теңіз деңгейінің көтеріліп неме-

се төмен түсіп отыруының себептері туралы көпте-

ген  болжамдар  бар.  Олардың  негізгілері:  ғаламдық 

геол.  құбылыстар  және  теңіздің  аймақтық  ерекше-

ліктері. К. т-не ерте неогенде тектоник. қозғалыстар 

мен  тау  жаралу  процесі  әсер  етсе,  жоғ.  плиоценде 

тектоник.  және  климаттық  факторлар  әсер  еткен. 

Ал  қазіргі  кезеңде  К.  т.  деңгейінің  өзгеруіне  кли-

маттық  және  антропогендік  факторлар  әсер  етеді. 

Соңғы кездегі ең жоғ. деңгей (–22,5 м) 19 ғ-дың ба-

сында, ең төмен деңгейі (–29,0 м) 1977 ж. байқалған. 

1978 жылдан (20 ғ-дың соңына қарай) теңіз деңгейі  

2 – 2,7 м-ге көтерілді. теңіз айдыны кей жерлерде 100 

км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысанда-

рын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су 

4 – 5 ай жатады. жазы ыстық әрі құрғақ. шілденің 

орташа  темп-расы  22  –  24°С.  Абсолют  максимумы 

40°С-тан  асады.  жылдық  жауын-шашын  солт-нде 

250 мм-ден оңт.-шығысында 150 мм-ге дейін кемиді. 

Аңызақ  жел  жиі  қайталанады.  өзен  торы  сирек. 

еділ, жайық, терек өзендері ғана Каспий т-не дейін 

жетеді.  қараөзен,  Сарыөзен,  Ойыл,  Сағыз,  өлеңті, 

Бұлдырты, қалдығайты жазда үзіліп қалады. тұзды 

көлдер көп. К. о. шөлейт және шөл аймақтарды қам-

тиды.  Сортаң  бозғылт  қоңыр  және  қоңыр  топырақ 

сипатты сор мен сортаң кең көлемде таралған. Солт-

нде  жусанды-бетегелі,  оңт-нде  жусанды-сораңды 

өсімдіктер  басым.  жануарлардан  ұсақ  кемірушілер 

– сарышұнақ, қосаяқ, аламан, т.б. жиі кездеседі. еділ 

мен  жайықтың  аралығындағы  құмдарда  ақ  бөкен, 

қарсақ кездеседі. еділдің атырауы су құстарына бай. 

К. о-нда мұнай, газ, ас тұзы кен орындары мол. қар 

жамылғысының жұқа түсуі қысқы мал жайылымына 

қолайлы. Көлдете суғару жемшөптен мол өнім алуға 

мүмкіндік береді. еділ – Ақтөбе жайылмасында бау-

бақша,  тех.  дақылдар  және  күріш  егіледі.  еділдің 

атырауында Астрахан қорығы шығысында мемл. үс-

тірт қорығы орналасқан.

КАСПИЙ  ТЕҢІЗІ  (ескі  тарихи  атаулары:  Каспий, 

Гиркан, Хвалын, Хазар, т.б.) – еуразия құрлығының 

орт-нда,  мұхиттардан  алыста,  оқшау  жатқан  тұйық 

су  алабы.  Дүние  жүзіндегі  ең  ірі  тұйық  су  айды-

ны,  үлкендігіне  байланысты  теңіз  деп  атайды.  Аум. 

376000  км

2

.  меридиан  бағытында  1200  км-ге  созыл-



ған, орташа ені 300 км. жағалау бойының ұз. 7000 км, 

қазақстанға  тиесілі  ұз.  2340  км  (солт.  жағалауының 

басым бөлігі және шығыс жағалауының солт. жарты-

сы), қалғаны Ресей, әзербайжан, түрікменстан және 

иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 27 м 

төменде жатыр. ең терең жері 1027 м, орташа тереңд. 

180  м.  Ірі  шығанақтары:  маңғыстау,  қазақ,  түрік-

менбашы, қарабұғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар 

(ірілері:  құлалы,  шешен,  Артем,  т.б.).  Ірі  түбектері 

маңғыстау,  Апшерон,  Аграхан,  түрікменбашы,  ше-

лекен.  Солт.  мен  шығысында  ойпатты  тегіс  жағалау 

басым.  жағалауында  теңіз  суының  бұрынғы  жоғары 

деңгейінен  дәлелдейтін  теңіз  террасалары  көп.  К.  т-

нің қалыптасуы ұзақ геол. мерзімде өтті. Осы уақыт 

ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрес-

сия),  бірде  суы  кейін  қайтып  отырды  (регрессия). 

плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің 

понто-каспий алабы оңт-нде орналасқан тетис атты 

үлкен теңізден бөлініп қалды. понтий кезеңінде (10 

млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып 

жатқан қара және Каспий т-дері бар Сармат т. бір-

неше  бөлікке  бөлінді.  Нәтижесінде  оқшау  тұйық 

алапты  қамтыған  қазіргі  К.  т-нің  нобайы  пайда 

болды.  Бұл  кезде  теңіздің  аумағы  қазіргіден  кіші 

болған.  Орта  плиоценнің  кейбір  кезеңдерінде  те-

ңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент 

қазаншұңқырымен  ғана  шектелген.  Каспийдің  ша-

расы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке 

бөлінеді. құрлықтық қайраңда орналасқан солт. бө-

лігі тайыз (10 – 20 м). Орта тұсындағы ойпаңда те-

реңд. 788 м. Оңт. бөлігі терең ойпаң (1027 м). Судың 

беткі қабаты жаз айларында солт-нде 24 – 26°С, оңт-

нде  27  –  28°С-қа  дейін  жылынады.  қыста  солт-нің 

тайыз бөлігі қатады, оңт-нде судың темп-расы 10°С-

қа жуық болады. К. т-не 130-дай өзен құяды. Ағын 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет