Сабақтың тақырыбы: Банк несиесінің есебі. Несие түрлері. Білу



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі87,2 Kb.
#17470
түріСабақ
1   2

Банктің жеке және заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік субьектілеріне белгілі бір мерзімге және белгіленген

% бен қарызға қайтарымды негізде қаражат беру

Қарыз берушінің қарыз алушыға тауарды қарызға беруі


2.Түсіну:

Халық банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез- келген несиені ұсынуда талап ететін құжаттардың болуы жеткілікті.Негізгі құжаттар келесілер:



  • Қарыз алушы қол қойған несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепі ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш,

  • Егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;

  • Қарыз алушының атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;

  • Жасаған несиелік шарттың түп нұсқасы;

  • Клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның қортындысы;

  • Егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;

  • Несиенің пайдалануын мақсатын растайтын құжат;

  • Заңды тұлғаның бізнес жоспар;

  • Несие беру кезіндегі бюджет тік және бюджет тік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;

  • Басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.

3.Қолдану:

Несие алынғын қарыздар бухгалтерлік есептің төмендегі шоттарын қолдану арқылы жүргізіледі.

3010-«Қысқа мерзімді банк қарыздары»

3020- «Алынған қысқа мерзімді қарыздар»

4010-«Ұзақ мерзімді банк қарыздары»

4020-«Алынған ұзақ мерзімді қарыздар»

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын қолдана отырып шоттар корреспонденциясын құру.

❖Алынған қысқа мерзімді банктік қарыз ағымдағы банктік шотқа кірістелді

Дт 1030 Кт 3010

❖ Ағымдағы банктік шоттан банк қарыздарын жабу

Дт 3010 Кт 1030

❖ Уәкілетті органның және ҰБ лицензиясыз банктік

операцияларды іске асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді банк қарыздары қолма-қол ақшамен кірістелді

Дт 1010 Кт 3020

❖ Алынған қарызды қолма-қол ақшамен жабу

Дт 3020 Кт 1010

❖ Алынған ұзақ мерзімді банктік қарыз ағымдағы банктік шотқа кірістелді

Дт 1030 Кт 4010

❖ Ағымдағы банктік шоттан банк қарыздарын жабу

Дт 4010 Кт 1030


Есеп:

❖ Уәкілетті органның және ҰБ лицензиясыз банктік операцияларды іске асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді банк қарыздары қолма-қол ақшамен кірістелді

Дт 1010 Кт 4020

❖ Алынған қарызды қолма-қол ақшамен жабу

Дт 4020 Кт 1010


    1. Кәсіпорын қысқы мерзімді банк қарызын ағымдағы шотқа 5 000 000 теңге алды. Ай сайын кәсіпорын негізгі қарыз 150 000 теңге және 83 000 теңге банк қарыздары бойынша пайыздар есептеп, төлеп отырады. Алынған қысқа мерзімді банк қарыздары және оған есептелген пайыздар бойынша шоттар байланысын құру.

Талдау:

Дебет және кредит айналымдарын анықтау. Соңғы қалдықты анықтаңыз, талдау жасаңыз



5.Жинақтау

Несиелік келісім шартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:


  • Несиенің мақсаты;

  • Берілетін несиенең жалпы сомасы;

  • Несиенің валютасы;

  • Несиенің өтеу мерзімі;

  • Несиені өтеу әдісі;

  • Қамтамасыз ету;

  • Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет