Модуль / пән атауы: Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы:Бастауыш шағын комплектілі мектептегі тіл сабақтарында білім алушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу
Сабақтың мақсаты:Бастауыш шағын комплектілі мектептегі тіл сабақтарында білім алушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу туралы жалпы ақпарат беру.
Міндеттері: Білімділік: Студенттерді ізгілікті қарым – қатынас жасауға үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Шығармашылық тапсырмалар: 1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр. Дыбыстар мен әріптердің бірлескен жиналысы болды. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген дыбыстар «Ән айтайықшы» деген ұсыныс жасады. «Біз ән айта алмаймыз»,– деп сыбырлады әріптер.
Ізденуді ұйымдастыр. Әріптерді неге айтуға, тыңдауға болмайтынын дәлелде. 2. Сөз құрамы туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр. Саяхаттап жүрген балалар судың жанына келгенде айтысып қалды.
– Бұл – көл! –деді Самат.
– Жоқ, бұл көл емес, көлшік! – деді Мақсұт.
Қалай ойлайсың, балалар «көл» және «көлшік» сөздері үшін неліктен айтысты? 3. Сөйлем түрлері туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр. Бір топ бала «Қонақтар келді» деген сөйлемге таласты да қалды. Марғұлан бұл сөйлемді хабарлы сөйлем десе, Жәмила лепті сөйлем дейді. – Мұны сұраулы сөйлем деуге болады, – дейді Гүлназ.
Сендер қалай ойлайсыңдар?
Тіл дамыту тапсырмалары 1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.
3. Туған күн, басқа да мерекелерге шақыру қағаздарын алып көрдің бе? Шақыру қағаздарын не үшін және қалай жазады? Ата-анаңа «Алтын күз» мерекесіне шақыру қағазын жазып дайында.
Логикалық ойлау тапсырмалары Түбірлес сөздерді топта. Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеп көр. Жылы, әдемі, жіңішке, көк.
Сызбаға қарап жалқы және жалпы есім туралы қорытынды жаса.
4. Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың.
Ақпараттық ізденіс тапсырмалары 1. Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ сөздерінің мағынасын қарап ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз. 2. Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ жаз. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал. Көлдеңенінен: 1. ______________________ ________________________ 2. ______________________ ________________________ Тігінен: 1. ______________________ ________________________ 2. ______________________ ________________________
Үйге тапсырма: Дәрісті оқып, «Бастауыш шағын комплектілі мектептегі тіл сабақтарында білім алушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу» тақырыбына щығармашылық тапсырмалар дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Шағын жинақты мектептегі жаңа педагогикалық технологияларды қолдану: Әдістемелік құрал. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2011.
Назарбаев Н.А. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Бағдарламалық мақала//«Егемен Қазақстан», 2012 ж. 10 шілде.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Астана, 2010ж