1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Сабақтың мақсаты
Өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалімнің қолдауымен өлеңде не туралы айтқанын біледі. Сөздерді дұрыс тасымалдай алады.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Таныстырылымда жазылған өлеңді хормен оқып, көңіл күйлерін көтереді.
Ортасы
Кіріспе әңгіме жүргізу. Қазақ халқы шаруашылығының бірі – мал бағу. Төрт түлік кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.
Ал, мұқият қараңдаршы, осы төрт түлік малдың ішінде қайсысының суреті жоқ?
Мына жұмбақтарды шешіп көрейік.
Жұмбақтар: Иір-иір денесі, Сахараның кемесі.
Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.
Ащы шөптер – тамағы, Шөлге шыдап бағады. Бұл не, өзің тауып ал?
Суретке назар аудартып, түйе туралы білетін деректерін айтқызады.
Дұрыс, балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
Түйенің төлі қалай аталады?
Олай болса, бүгін біз бота туралы өлеңмен танысамыз.
1-жаттығу.'>Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. «Бота» өлеңінің мазмұнын меңгертуге байланысты жүргізілетін жұмыстар:
Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Балалар, біз өлеңді қалай оқуымыз керек?
деп сұрақ қояды. Балалармен бірге өлеңді мәнерлеп оқу критерийлерін құрады:
Өлеңді анық оқу керек.
Тыныс белгілеріне назар аудару қажет.
Дұрыс (қатесіз) оқу керек.
Шапшаң оқу қажет.
Түсініп оқу керек.
Балалардың жауаптарын алдын ала ескеріп, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптарды жазып, слайд дайындап қояды.
3. Табанына қатысты айтылған сөзді табыңдар. Мойнына қатысты айтылған сөзді табыңдар. Ботаның дене бітімі қандай болады? (мойны, көзі, аяғы, ерні) Бота не жейді?
Балалар жұмбақтардың жауабын айтады.
Түйе туралы білетін деректерін айтады.
1-жаттығу. Балалар өлеңді мәнерлеп жеке оқиды; хормен оқиды; мағынасын түсіндіреді.
Сұрақтарға жауап береді.
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
ҚБ. «Отшашу» арқылы бағалау.
Бейнетаспа- дағы көрініс (түйе, бота)
101
102
Сөздік жұмыс Түйе туралы қосымша ақпарат. Түйе – киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық-суыққа төзімді, ұзақ жолда шаршайды. Ертеде ата-бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем. Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті – ем, шұбаты – шипа.
Терісінен аяқкиім тігеді, таспа, қайыс жасайды, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады.