Сабақтың тақырыбы: Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі



Дата28.04.2023
өлшемі328,91 Kb.
#87976
түріСабақ

Қысқамерзімді жоспар
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі.».

Бөлім:

8.3В Қозғалыс

Педагогтің аты-жөні:

Шаймерден Н.Б

Күні:

02.02.2023

Сыныбы:

8

Сабақтың тақырыбы:

Буынның құрылысы және қызметтері. Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес бейімделуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату

Сабақтың мақсаты:

Буын түрлерінің құрылысын біледі.
Буындарды жіктеп, сипаттай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
Үй тапсырмасын LEARNING.APP платформасы арқылы тексеру

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Сұрақ – жауап» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау
таныстырады.

1. Буын құрамына қандай құрылымдық элементтер кіреді? Олардың әрқайсысының рөлі қандай?
2.Шеміршек деген не?
3. Ұсақ буын сүйектеріне нелер жатады?

Дұрыс жауап берген оқушыны «Мадақтау» арқылы ынталандырады

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіре алады.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы -3 балл
1. Буынның қосымша элементтерін сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Тізе қақпағының қызметін сипаттайды. Ол қайда орна ласқан? Айналасындағы құрылымға қалай бекиді?

2. Жай буын неден тұрады?


3. Буын қабы болмаса, сүйектер қалай байланысады?

Дескриптор:
Жалпы-3 балл
Тапсырмаларды орындайды сұрақтарға жауап береді.



ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Қандай байланыста буын қабы түзілмейді?
2. «Буынның әртүрлі типтері» деген сызба сыз ады..
3. Жалпы сипаттама береді. Ең қозғалмалы, шамалы қозғалмалы буындарды атайды. Мысалдар келтіріп, түсіндіреді.
4. Жартылай буын қандай сүйектерге бекитінін айтып, мысал келтіреді.

Дескриптор: Жалпы-3 балл
1.Тапсырманы орындайды, сызба сызады, мысаладр келтіреді.

ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Үйге тапсырма- тізе қақпағының суретін салу, тақырыпты оқу

Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет