Оқу мақсаты 10.4.1.10 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру 10.4.1.11 Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
Сабақ мақсаты
Елдерді экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстыру;
Дамыған елдердің топтарын ажырату және мысал келтіру;
Жекелеген елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін талдай отырып, болжам жасау.
Экономикалық өсу - өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістері. Ол ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенеді.
Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.
Дүниежүзінің саяси картасында 230-дай мемлекет бар. Экономикасы жақсы дамыған ерекше топты «Ұлы жетілік » елдері құрайды. Олар: Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия ,АҚШ, Канада, Жапония.
1 тапсырма
1 тапсырма
ЖІӨ-нің құрамындағы өндірістің салалық ерекшеліктері бойынша талдаңыз.
Жапония елінің әлемдік экономикалық держава қатарына қысқа мерзім ішінде шығуына елдің, негізгі мақсаты ұлттық құндылығымен шетел жетістіктері және тәжиребелерге арнайы жағдайда жоғары дәрежеде бейімделуі болған майысқан экономикалық саясат жүргізуі себеп болды.
Жапония экономикалық көтерілуінің басты міндеті ретінде оның барлық негізгі көрсеткіштерін: ішкі ұлттық өнімінің, өнеркәсіп өндірісінің, еңбек өнімділігі мен экспорттың т.б. өсудің жоғарғы қарқынына ғылым мен техникалық жаңашыл жетістіктерді еңгізу мен минималды шығымен максималды нәтиже алу негізінде жету болды.
Израиль
Израиль мемлекеті –Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр.Географиялық орналасуы бойынша Азияның оңтүстік -батысында орналасқан. Ресми тілдері иврит тілі.
3 тапсырма Артығын тап. « Неге?» деген сұраққа жауап бере отырып пазл құрастырады (әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады).