Есептердi теңдеулер жүйесi арқылы шығарғанда келесi алгоритмдi қолдану қажет:
• есептiң шартын талдайды;
• белгiсiз шамаларды әрiптермен белгiлейдi;
• берiлген әрiптер арқылы берiлген шаманы өрнектейдi;
• теңдеулер жазып,олардан жүйе құрылады;
• есептiң шартына сәйкес келетiн шешiмiн тауып,жауабын жазады;
(Т).«Джигco» әдiсi 1-топ: Екi оң санның көбейтiндiсiнiң мәнi 96-ға тең.Бiреуi екiншiсiнен 4-ке артық.Осы сандарды табыңдар.
2-топ: Қосындысының мәнi 20-ға тең,ал көбейтiндiсiнiң мәнi 75-ке тең санды табыңдар
3-топ: Ауданы 72, ал периметрi 36 см болатын тiктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңдар
ЖЖ: «Ойлан. Жұптас. Бөлiс» әдiсi 1. Цифрларының айырымы 2-ге,ал олардың квадраттарының қосындысы 52-ге тең болатын екi таңбалы сандарды табыңдар.
2 Үш қой мен бiр сиыр күнiне 11 кг жем жейдi, ал бiр қой мен үш сиыр күнiне 17 кг жем жейдi.Күнiне бiр қой неше килограмм және бiр сиыр неше килограмм жем жейдi?
3. Тiктөртбұрыштың диогналi 17 см-ге тең,ал оның периметрi 46 см-ге тең.Осы тiктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.