Сабақтың тақырыбы: Эмбриондық кезеңдегі қанның түзілуі



Дата06.01.2022
өлшемі14,84 Kb.
#11810
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Эмбриондық кезеңдегі қанның түзілуі

1. Қанның түзілуі. Эмбриондарда қан бастапқы кезде сарыуыз қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында және лимфа түзуші органдарда (тимус, көк бауыр, лимфалық бездерде) жасалады. Қанның барлық клеткалары мезенхиманың клеткаларынан пайда болады. Эмбриондык қан жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Бүл процесс жүретін жерде мезенхиманың клеткалары топтанып пішінін өзгертіп жүмырланып қан аралшықтарына, қан тамырының тамыр қанының бастамасына айналады. Қан аралшықтарында клеткалар арасына үлпалық сүйық жиналады. Аралшықтардың шетіңде орналаскан клеткалардың бір бөлігі тамырдың келешек қабырғасының бастамасын қүрайды, басқа бөлігі алғашқы қан клеткаларына — гемоцитобластыларға айналады. Аралшықтардың саны тез өседі, қысқа түтікшелерге айналады, олар кейін қосылып жалпы тамырлар жүйесін күрайды. Гемоцитобластлар шала жіктелген клеткалар, сондықтан олар даму процесі кезінде қанның кез келген клеткасына айнала алады. Эмбриондык қан жасалу кезінде канның пішінді элементтерінің дамуы сарыуыз қапшығы кабырғасының тамырларьшда жүретін эритроциттердің түзілуінен басталады.

Эритроциттердің түзілуі ғемоцитобластларда гемоглобиннің жиналуынан басталады. Гемоглобин жиналуьшың салдарынан цитоплазма базофильдігін жойып бірте-бірте қышқыл бояғыштармен боялатын, яғни оксофильді болады. Мүндай клетканы алғашқы эритробласт деп атайды. Бөліну қабілетінен ажырамай көбейе береді. Цитоплазмасында гемоглобин мөлшері артып, ядросы жойылып эритробласт алғашқы эритроцитке айналады.

Алғашқы эритроциттердің түзілуімен катар сарыуыз қапшыгьшың тамырларында екінші эритробластылар дами бастайды. Екінші эритробластлар полихроматофильді және оксифильді эритробластларға, кейін нормобластларға айналады. Нормобластлардан ересек адамның эритроциттерінен айырмасы аз, екішпі эритроциттер пайда болады.

Бастапқы кезде алғашқы кан клеткалары тамырлар ішінде және онан тыс та түзіледі. Қанның жасалуы саруыз қапшығының қабырғасьпзда және үрықтың мезенхимасында жүреді. Кейін мезенхиманың жіктелуіне байланысты, қанның жасалуы сол кезде дами бастайтын ретикулалық ұлпанын жиынтығында (бауырда, алқым безінде, сүйек майывда, көк бауырда және лимфалық бездерде) жүреді. Бастапқы кезде қан клеткалары бауырда пайда болады. Бауыр тамырының эндотелийі біраз уақыт жаңа қан клеткаларын түзе алады, кейін тоқталады, оның рөлін тамырдан тыс қалыптасатын шала жіктелген мезенхималык элементтер гемоцитобластлар атқарады. Бауырда эпители-алдық бездік клеткалар дами бастаған кезде, ол ас қорыту органына айналады да, қанның жасалуы тоқталады. Осы кезден бастап канның жасалуы сүйектің қызыл кемік май-ында, көк бауырда, лимфалық бездерде және басқа кейбір ретикулалық үлпаның жиынтығывда (алқым безінде, лим-фалық фолликулдарда т. б.) жүреді. Сүйектің қызыл май-ында эритроциттер (эритропоэз), дәнді лейкоциттер (гранулопоэз) және қан пластинкалары, ал қалған кан жасаушы органдарда — лимфоциттер дамиды.



2. Қанның жасалуы (гемопоэз)

Қанның дамуын гемопоэз (haima – қан, poesis – жасалу) дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық.



Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитозпоэз, моноциттердің түзілуін моноцитозпоэз, лимфоциттердің жасалуын лимфоцитопоэз деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет