Сабақтың тақырыбы Импульстің сақталу заңы



бет1/5
Дата14.02.2023
өлшемі128 Kb.
#67775
түріСабақ
  1   2   3   4   5


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
9.2. Сақталу заңдары

Мектеп:№4 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Танабаева Г.С.

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Импульстің сақталу заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.2 импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

  1. Импульстің сақталу заңын білу.

  2. Абсолют серпімді, абсолют серпімсіз соқтығысуларды ажырату.

  3. Импульстің сақталу заңын қолданып есептер шығару.

Бағалау критерийі



    1. Импульстің сақталу заңын біледі.

    2. Абсолют серпімді, абсолют серпімсіз соқтығысуларды ажыратады.

3. Импульстің сақталу заңын қолданып есептер шығарады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Тілдік мақсаттар



Пәнге тән лексика мен терминология: денелер жүйесі, ішкі күштер, сыртқы күштер, денелердің тұйық жүйесі, импульстің сақталу заңы.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Денелердің тұйық жүйесі – сыртқы күштердің әрекеттерін елемейтін, тек бір-бірімен ішкі күштер арқылы әрекеттесін денелердің жүйесі.
Тұйық жүйедегі денелердің өзара әрекеттесу күшін ішкі күш, ал тұйық жүйенің сыртындағы денелердің әрекет күштерін сыртқы күштер деп атаймыз.
Импульстің сақталу заңы – тұйық жүйеде денелер өзара әрекеттескенде импульстерін өзгерте алады, алайда олардың қосынды импульсі тұрақты сақталады.

Құндылықтарға баулу

«Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығын негізге ала отырып оқушылардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика-математикалық түрлендірулер арқылы есептер шығарады.

Алдыңғы білім



7-сынып физика. Масса, жылдамдымдық, күш ұғымдарын біледі.
6-сынып жаратылыстану. Қозғалыс туралы біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет