Сабақтың тақырыбы: Импульстің сақталу заңы Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік мақсаты: Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»



бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі70,68 Kb.
#144434
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы: Импульстің сақталу заңы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік мақсаты: Оқушылардың «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тарауы бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру.Өткен материалды қайталап, қорытындылау.
2) Дамытушылық мақсаты: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбы бойынша есеп шығара білуге, әрбір оқушының жеке басының бейімділігін және еске сақтау қабілеттерін ,өзгермелі ситуация жағдайында шапшаң бағдарлай білуді, өзісінің нәтижесін қортындылап,жауапкершілікпен қарай білу әрекетін арттыру, дамыту.
3)Тәрбиелілік мақсаты: Оқушылырды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа, шапшаңдыққа, жинақы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ауызша журнал түрінде қайталау, білімін бақылау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,СКТ, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, үлестірме қағаздар, білім анкетасы, плакат,
Пән аралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті.
Сабақтың жоспары:
1.Кіріспе. Психологиялық ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттіліктілейді)
2.1-бет «Ой қозғау»
Еске сақтау қабілетін байқау,ойымызды саралау көзделеді.
(Өткен материалдарды қайталау)
3.2-бет «Ой толғау»
Ойлау қабілетімізді арттыру, шапшаңдық, жинақылық көзделеді (тапсырмалар беріледі)
1-тапсырма «Формулалар»
2-тапсырма «Есептер»
3-тапсырма «Тест»
4. 3-бет«Ой сергіту»
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті,тіл байлықтарын байқау көзделеді.
(«Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы» тақырыбына мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу)
5. 4-бет «Ой қорыту»
(Оқушылардың білімдері тиянақталады, нәтижесі бағаланады)
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. (Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.)
Мұғалім: Сәлеметсіңдерме ,балалар! Сабақта бүгін кім жоқ,түгелміз бе?
Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше.
Өйткені, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар –апайымыз қатысуда. Сондықтан сіздерден өзіміздің алған білімімізді тиянақты, нақтыжауап берулеріңізді сұраймын. Сабырлыққа шақырамын.
Саспай, ойымызды дұрыс айтып, нақты жауап беруге тырысайық.
(Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, жоспарымен таныстыру) Кәнеки, бәріңізге сәттілік тілеймін. Қазір әрқайсымыз бір-бірімізге ыстық ықыласымызды білдірейікші.
Психологиялық ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттіліктілейді)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет