7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Көптеген оқуышылар істей алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар істей алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
«Бұл сұрақ болса, онда жауабы қалай болады?» әдісі ( Сұрақтарға жауап)
Жаңа сабақ «Инерция құбылысы» Күнделікті тәжірибеден біз белгілі бір бағытта қозғалған дене өзінің қозғалыс жылдамдығын сол бағытта сақтауға тырысатынын байқаймыз. Ондай денені тоқтату үшін оған басқа дене әрекет етуі керек. Сондай-ақ қандай да бір санақ денесіне қатысты тыныштықта тұрған нәрсенің өздігінен қозғалысқа келмейтінін күнделікті бақылаулардан білеміз. Мысалы, жерде жатқан доп оны аяқпен тепкеннен кейін ғана қозғалысқа келеді; хоккей шайбасы оны таяқпен ұрғаннан кейін барып мұз үстімен сырғанайды; әткеншек қолмен тербеген кезде қозғалысқа келеді. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кезде қалыптасқан жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. Латынша іnertia (инерция) — қозғалыста емес, әрекетсіздік деген мағына береді. Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалы, көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда, артқа қарай шалқаяды. Өте жылдам жүгіріп келе жатқан адамның немесе шапшаң қозғалған автомобильдің жолдың бұрылысында өздерінің алғашқы түзусызықты қозғалыс бағыттарын сақтауға тырысатынын білеміз. Ал кейде құлап немесе аударылып жататынын да жиі кездестіреміз. Өйткені барлық денелер өздерінің алғашқы бағыттағы қозғалу жылдамдықтарын өзгертпей сақтауға тырысады. Міне, бұл мысалдардың бәрі де инерция құбылысын сипаттайды. Слайд көрсетіледі