Сабақтың тақырыбы: Интерфаза. Интерфаза кезеңдері. Оқу мақсаты



Дата10.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#25143
түріСабақ
Байланысты:
3 -сабақ. Интерфаза


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Хурмет Гульдана

Пән/Сынып:

Биология, 9 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан. 3-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Жасушалық цикл

Сабақтың тақырыбы:

Интерфаза. Интерфаза кезеңдері.

Оқу мақсаты:

9.2.2.1- жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Жасушалық циклдың кезеңдеріне сипаттма беру. Интерфаза сатылармен , олардың арасындағы айырмашылықтарды сипаттау.

Бағалау критериі:

  • Жасушалық циклдің кезеңдеріне сипаттама беру;

  • Интерфаза кезеңдеріне сипаттама беру.

  • Интерфаза кезеңдері арасындағы айырмашылықты анықтау.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Интерфаза. Интерфаза кезеңдері.

Бүгінгі сабақта:

Сіздің меңгеретініңіз:

Жасушалық циклдің кезеңдерін білесіздер.

Интерфаза сатылармен сипаттай аласыздар.

Олардың арасындағы айырмашылықты түсінесіздер


Назарын сабаққа аудару

Оқушының қызығушылығын тарту

Қалыптастырушы бағалау

Слайд 1




8 мин

9 мин

7

5 мин


Жаңа сабақ

Сабақты қортындылау



Бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атайды.Интерфаза жаңа жасушаның өсетін және келесі бөлінуге дайындалатын кезең. Интерфазаның ең маңызды ерекшелігі репликация ДНҚ молекуласының екі еселенуі.

Жасушалық цикл 2 кезеңнен тұрады.Олар интерфаза, митоз, жасушалық циклдің ұзақтығы жасуша типіне және ағзаның даму кезеңіне байланысты.



Интерфаза сатылары: G1,,S,G2 фазалары бірге интерфаза деп аталады.

  • 1.G1-жас енді ғана бөлінген жасушалардың өсуі, органоидтердің қалыпты санының қалпына келуі. G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада құрылымдық және функциональды ақуыздар түзіліп клетканың өсуі жүреді. 

  • 2.S-кезең-синтетикалық. ДНҚ синтезі оның репликациясы жүреді, яғни хромосома екі еселенеді. S-кезеңнің оңында жасушаның барлық хромосомасы ДНның екі молекуласынан хроматидадан тұрады. S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері өтеді. ДНҚ –ның екі молекуласы түзіледі.Бұл ДНҚ ның жас молекулалары хромотида деп аталады.Олар центромера деп аталатын белгілі бір бөлікте берік байланысқан.

3.G2-жасушаның бөлінуге дайындығы. Жасушалардың бөліну үдерісіне жауапты құрылымдар қалыптасатын заттардың белсенді синтезі жүреді. G2 АТФ маңызды рөл атқарады.

Тапсырмалар

Тапсырма 1.

G1 кезеңінде жүретін үдерістерді талдаңдар.

Ж: Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. G1фазасы аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді;

ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәртіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас болады. Әр түрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларында 6—12 сағат;

Тапсырма 2.

Интерфазаның әрбір кезеңінде жүретін оқиғалардың эволюциялық мәнін бағалаңдар. Пікір алмасыңыздар.

Жасушаның тіршілік циклі  деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз7

Жасушалық цикл 2 кезеңнен тұрады.

Интерфаза,митоз.

Интерфазаның сатылары: G1,S.G2


Жаңа тақырыпты меңгеру

Жаңа тақырыпты толық түсінуге арналған тапсырма

Сабақты қалай, қаншалықты меңгергеніне қортынды жасау


Жаңа тақырыпты түсінгенін бақылау.

Тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу

Сабақ қаншалықты мақсатына жеткеніне көз жеткізу


Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс беру

Кері байланыс беру




Слайд 2

Слайд 5


Слайд 3

Слайд 4


Слайд 5

Слайд 6




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет