Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»



Дата06.01.2022
өлшемі34,99 Kb.
#12593
түріСабақ

Жолда жүру ережесі 2 «Б» сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

   Шаттық шеңберіне тұру.

   Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.

Олай болса,  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»  атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?
- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?
- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?
- Ол үшін не істеуіміз керек?

 ІІІ. Негізгі бөлім:

  1.   Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

       -  жол бойында қалай болса солай жүріп,

       -  доп қуалайтыны,

       -  ролик тебетіні,

       - жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

       -  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

2. Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді  күзеткен,  
Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,


Адам тасып аялайды. (Автобус)               

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,


Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,


Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,


Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,


Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)  

3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің  қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік  жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»

Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?


Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп...
- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.
- Қоян,  жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
- Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.

Бейнеролик тамашалау.

 IV.  Қорытындылау

1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

  Ал енді сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен, көрейік.

  - Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

  - Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің  ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

  - Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,


Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

V. Кері байланыс

Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.

Қ.Жандарбеков атындағы жалпы орта мектеп







ТАҚЫРЫБЫ:Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Бастауыш сынып мұғалімі:Сейдуалиева А.

Сынып:2 «Б»

Кершетас ауылы



2019-2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет