Сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.2.2.1 Квадрат теңдеу және оның түбірлері;
Сабақтың мақсаты
Квадрат теңдеудің анықтамасын білу
Квадрат теңдеудің түрлерін ажырату
Квадрат теңдеулерді аналитикалық жолмен шешуді үйрену
Толымсыз квадрат теңдеулерді шығару
Бағалау критерийі
Оқушы: -квадрат теңдеу анықтамасын біледі;
-квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады;
-теңдеулерді түрлендіру арқылы теңдеу ах2+bх+с=0 түріне келтіреді және олардың коэффициенттерін атайды.
- толымсыз квадрат теңдеулерді шығарады.
Тілдік мақсаттар: толымсыз және толық квадрат теңдеуді ажыратуда
тақырып бойынша лексика және терминологияны сауатты түрде қолданады
Бөлім бойынша лексика және терминология:Теңдеу, теңдеудің түбірі, квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу; теңдеу коэффициенттері;
Құндылықтарға баулу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік. Осы құндылықтарды топта жұмыс жасағанда оқушылар бойына сіңірте алу.
Пәнаралық байланыс
«Аудан», «шаршы», «қабырғасына» байланысты тапсырмада
геометриямен байлаысы көрініс табады;
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру: 1.Сәлемдесу.
2.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (Бір-біріне сәттілік тілейді)
3.Топқа өткен тақырыптармен байланыстырып түрлі теңдеулер беріліп сол теңдеулердің шешімдері бойынша бөлінеді (топтың аттары бір таңбалы жұп сандар. «2»; «4»; «6»; «8»)
(2х=16; x+8=16; 3x+5=23; 5x=36; = 1; x + 4 = 6; 2x = 8; 6x+1=25)
4.Сабақтың мақсатын тұжырымда
1-тапсырма «Ойлан – топтас- бөліс» белсенді әдісі арқылы білімді жинақтау, ынтымақтаса отырып өз ойларын еркін жеткізе алады.
Әр топқа тапсырмалар беру
1. Квадрат теңдеу анықтамасы
2. Келтірілген квадрат теңдеу
3. Толымсыз квадрат теңдеу
4. Толымсыз квадат теңдеуге мысалдар келтіру
ҚБ: «Әткеншек» әдісін қолданып оқушылар бірінің тапсырмасын екіншісі бағалайды 3 тапсырма. «Ойынды жалғастыр» белсенді әдісін қолданамын, себебі алдыңғы білімді бекіте отырып, тереңдеу, талдау мақсатын негізге алдым.
№6.3.
А денгей 1.(2х-3)(х+3)-х(2-х)=0:
2х2+6х-3х-9-2х+х2=0;
3х2+х-9=0;
Жауабы: 3х2+х-9=0. а=3; b=1.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Әр оқушының қабілетін ескере отырып, сабақта келесі саралау тәсілдерін қолданамын.
1 тапсырма
«Ойлан-топтас-бөліс» әдісі.
Кейбір оқушыларға жан – жақты әрі нақты көмек беріп, ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын және бұл әдіс арқылы сөзбен қолдау көрсете отырып ынталандырамын.
3-тапсырма.
«Қарқын» әдісі қолданамын.
Тапсырма біреу,алайда оны орындау үшін әр –түрлі уақыт беріледі.Ерте аяқтағандарға қосымша тапсырма беріледі.
4-тапсырма.
«Нәтиже» әдісі.
Берілетін тапсырма барлық оқушыларға бірдей, оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.
Ромбтық жіктелім әдісі арқылы оқушылардың осы сабақтағы ең маңызды мәліметтерін білуін тексереміз.
Сабақтың барысында оқушылардың
жаңа материалды меңгеруге дайындық мақсатында алдын ала даярлық тапсырмалары беріліп, кері байланысқа мадақтау қолданамын.
1-тапсырмадакері байланыс: оқушылардың ойын жинақтауға көмектесетін мұғалім бағыттаушы сұрақтар береді.
2-тапсырмада кері байланысқа дескрипторды қолдана отырып жұптар бір-бірін бағалайды.
3- тапсырма кері байланыс оқушыларға денгейлік тапсырмалар беріліп,тапсырманы орындаған оқушылардың тапсырмаларын дескриптор көмегімен тексеріп смайлитермен бағаланып отырылады
4- тапсырмадакері байланыс:
«Кім жылдам» әдісін қолдану арқылы оқушылардың шапшаңдыққа баулу.
Денсаулық сақтау технологиялары мен қауіпсіздік сақтау ережелері нормаға сай. Оқушылардың жұмыс барысында толық жағдай жасалған.
Сабақты ұйымдастыруда сынып оқушылары бір-біріне сәттілік тілейді
Топқа өткен тақырыптармен байланыстырып түрлі теңдеулер беріліп сол теңдеулердің шешімдері бойынша бөлінеді
1-тапсырма. «Ойлан-жұптас бөліс» әдісін қолданамын мұнда әрбір оқушы берілген тапсырма бойынша жеке жұмыс арқылы өз ойын қорытып жұп болып пікірлерімен бөліседі топпен талқылауда еркін қозғалады