Сабақтың тақырыбы: Лабиринттан шығу жолды табу
Дата 31.12.2021 өлшемі 2,48 Mb. #22363 түрі Сабақ
Байланысты:
Сабақ жоспар. лабиринттан шығу жолды табу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп: Асан ЖОББМБК
Күні: 23.01.20
Мұғалімнің аты-жөні:Сандыбаева Г.С
Сынып: 5 А (1топ)
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Лабиринттан шығу жолды табу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Орындаушылар мен жүйелік командалар мысалдарын келтіру;
Алгоритмді ауызша түрде ұсыну
Сабақ мақсаттары
алгоритмді ауызша түрде ұсыну
лабиринттан өту үшін бағыт құру
Жетістік критерийлері
алгоритм анықтамасын тұжырымдау
алгоритмді ауызша түрде ұсыну
орындаушылар мен жүйелік командалар мысалдарын келтіру
оңтайлы бағыт табу
Тілдік мақсаттар
Оқушылар алгоритмді өту алгоритмін суреттей алады
Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөздер:
Егер… (шарт), онда …
Аталмыш мәселені шешу үшін мен …
Ұсыныстарды таныстру үшін мен келесіні таңдадым …
Менің бағдарламам келесі командалардан тұрады …
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы оқу, бірін бірі бағалау
Пәнаралық байланыстар
Логика, математика
Бастапқы білім
Осы сабақ алдында оқушылар нені білді және нені білу қажет?
(негізгі , фактілер , формулалар, теориялар)
Қолданыстағы білімді қалай жетілдіруге болады?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
7 мин
Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу , қатысушыларды тексеру
Өткен сабаққа шолу
-Алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік?
-Алгоритм дегеніміз не?
-Алгоритм неше түр бар?
Миға шабуыл – Тақтаға берілген суретті алгоритмін рет ретімен айтады.
Сыныпты 3 топқа бөлемін. От.Су.Күн
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза , жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Презентация
Таратпа қағаз
Сабақтың ортасы
3 мин
Топтық жұмыс
6 мин
№1 тапсырма
№ 2 тапсырма
10 мин
5 мин
Жаңа материалды оқу
Бізге лабиринт атауы ежелгі Грекия мен Египет заманынан кірген адам шыға алмайтындай етіп жасалған шытырман дәлізді үй ретінде таныс. Лабиринттен жол табудың мүмкін әдістерінің бірі – тұйыққа тірелгенге дейін әр жол торабынан бір бағытқа бұрыла беру. Тұйыққа тірелген соң ең жақын жол торабына дейін кері қайту керек. Содан соң басқа бағыт таңдау керек. Бұл алгоритмді лабиринттен шыққанша жалғастыра береміз.
Лабиринт - түрлі өткелдер мен жолдар арқылы берілген.
Қызық екен. Көне замандарда лабиринттер құпия және жұмбаққа толы деп есептелетін. Әлемге танымал грек оқымыстысы Геродоттың пікірінше ең алғашқы лабиринт 5 мың бөлмесі бар Египет лабиринті болған. Уақыт өте келе , ол лабиринт өзінің діни және мистикалық маңызын жоғалтып, ойын-сауық кешеніне, бақтар мен саябақтарға айналды.
Қалыптастырушы бағалау
Презентация
Сабақтың соңы
5 мин
Бекіту сұрақтары
Бос орындарға тиісті сөздерді жаз
Лабиринт – түрлі _өткелдер мен _жолдардан берілген шатасқан күрделі құрылым.
Лабиринт – көбінесе_математикалық_ есептер мен логикалық_тапсырмалар орындау барысында қолданылады.
Аталмыш тақырыпты өткен соң сен не үйрендің ?
Сен қандай іс-әрекет атқардың?
Бәрінен де саған не ұнады?
Рефлекция Ресторан әдісі
(кері байланыс)
Мен тағы ... тапсырыс берер едім
маған бәрінен ұнағаны...
менің асқазаным қорытты...
келесіде маған қосыңызшы...
Үй тапсырмасы
Өз бетінше лабиринт құрастыру. Шығу жолын көрсетіп, алгоритмін жазу
Презентация
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қосымша тапсырмалар орындау. Оқушыларға көмек көрсету.
Алгоритмді ауызша түрде ұсыну
Робот орындаушы бұйрығын пайдаланады
Виртуалды орындаушы үшін тиімді бағыт таңдау мүмкіндігімен танысады.
Денсаулықты сақтау технологиясы, Денешынықтыру сәттері және қозғалыс белсенді түрлерілігі.
Сабақта пайдаланылатын қауіпсіздік ережесінен қолданылған тармақтар.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: