Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»



Дата31.12.2021
өлшемі36,22 Kb.
#22562
түріСабақ

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: «№38 мектеп-лицей» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахмер Біржан Ермекұлы







Сынып: 8 «Ғ»







Сабақтың

тақырыбы:



М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығарманың композициялық құрылымы (2-сабақ)

Бөлім: Махаббат және абырой



Сабаққа негізделген оқу мақсаты

А/И1. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

А/И 2 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау



Сабақтың мақсаттары

- Оқушылар композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды;

- Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау жасайды.



АКТ-ны қолдану

https: // bilimland.kz, слайдтар

Бағалау критерийлері

Шығарманың композициялық құрылымын жан-жақты талдай алады


Тілдік мақсат

Оқушылар қолдана алады:

Романның композициялық құрылымын түсінеді;

Романның композициялық құрылымына сай талдау жасайды;

Жазылым жұмысында композициялық құрылымға сай өз көзқарастарын нақты жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: композиция, сюжет, композициялық тұтастық, жастардың сезімі, тоқал, тағдырлас, өмір

құбылыстары



Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығарма жайында былай ойлаймын...

Ойымды қорыта келе:

Жоспар

Жоспарланған

кезеңдері

уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


3 мин

1. Тапсырма

Төмендегі үзіндіні композициялық құрылымның қай бөліміне жатқызасыз? Ойыңызды 5 сөйлеммен дәлелдеңіз.

Ғали: «Тұла бойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр», - деп тынши алмай, науқасының күштілігі көрініп, төсектен тұрмай жатты. Науқасы күннен-күнге ауыр тартып, төрт-бес күннің ішінде бек қауіпті секілді көрінді.






Сабақтың ортасы


7 мин

3 мин


1 мин



2. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін» әдісі

Оқушылар шашылған сөздерді теріп, сөйлем құрастыру керек. Бұл сөздер шығарма ішінен алынған. (айтылым және жазылым дағдылары)

Жамал




Шыққан



Бар еді



уақытта


борасын



жаяу



азырақ


Дұрыс жауабы: Жамал шыққан уақытта азырақ жаяу борасын бар еді.

Енді осы сөйлемді мәтінмен байланыстырып көрейік. Сіздің ойыңызша аталған сөйлем қай бөлімге қатысы бар? Ойыңызды жан-жақты білдіріңіз. Айтылған идеяларды жинақтап, сұрыптап, дәптерге жазыңыз.



3-тапсырма Төмендегі диалогтарға мінездеме бірейік. Яғни, диалог арқылы кейіпкерлердің көңіл-күйін, психологиясын тануға тырысайық.
1-диалог:

Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта:

- Менің бақытсыздығым өз басымнан асып, кесапаты саған да тие бастады, ақыры қайырлы болсын, - деп, Жамал Ғалиді құшақтап жылап та алушы еді. Ғали:

- Жылама, Алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір сағатын жіберер, - деп өзін, өзінен де Жамалдың көңілін жұбатушы еді.


2-диалог:

Шолпан қызынан сұрады:

- Қарағым Жамал, жұрт мынадай деп жатыр, енді қайтеміз? – деп. Жамал:

- Апа, енді мен үшін жаманатты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір...


4.Бағалау

Мұғалім оқушылардың белсенділігіне, сөз саптауына, сыни ойлау дағдысына, жазу мәнеріне қарап тиісті бағаларды қояды.



Жеке жұмыс

оқулықпен жұмыс

ТЖ



Сабақтың соңы



2 мин



Кері байланыс: «Борт журналын» айтыңыз.


Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша бүгін не білдім?













Қосымша тапсырма. «Бақытсыз Жамал» романына әдеби сын жазу (үлгі: 84 бет, Жұмағали Ымағұловтың мақаласы)

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы әдістерде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.


Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды

меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау

критерийі бойынша топтық, өздік бағалау

ретінде жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет