Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар



бет1/9
Дата07.01.2022
өлшемі24,44 Kb.
#19507
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

8 Билет

  1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар




  1. Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы түсінік.



  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы



  1. САБАҚ – ОҚУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ:

  1. Сабаққа бастапқы дайындық: - тақырыбын нақты анықтап, оны тұжырымдау; - оқу курсында тақырыптың орнын анықтау; - бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, мектеп оқулығын танып білу; - сабаққа тірек болатын жетекші ұғымдарды, бұдан кейін пайдаланылатын оқу материалының бөлімін, пәнаралық байланыстарды анықтау; - әр оқушы түсініп, есінде сақтауы тиіс тірек материалды бөліп алу

  2. . 2. Өзі үшін және оқушылар үшін сабақтың мақсатты ұстанымын анықтап, оны нақты тұжырымдау: сабақтың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін бөліп алу.

  3. 3. Оқу материалын жоспарлау, ол үшін: - тақырып бойынша әдебиеттер таңдап алу (оқулық, энциклопедиялық басылым, ғылыми-көпшілік әдебиет, периодика, Интернет ресурсы және т.б.), қолда бар материалдың ішінен қойылған міндеттерді шешетінін жинақтап алу; - жаңа материалды танып білу; жаңғырту; білімді жаңа 1 Окунев А.А. Сабаққа дайындық// Мектепте математиканы оқыту. – 1991.-№1.-С.1276 бейтаныс жағдайда пайдалану; білімге шығармашылық көзқарас таныту сияқты оқыту тапсырмаларын жинап алу; - тапсырмаларды «қарапайымнан күрделіге ауысу» қағидасына сәйкес реттеу керек, тапсырмалардың үш түрін әзірлеген жөн: оқушының материалмен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмалар; оқушының материалды ойдан өткізуіне септігін тигізетін тапсырмалар; оқушының материалды бекітуіне ықпал ететін тапсырмалар.

  4. 4. Сабақты қызықты өткізу амалдарын ойластыруоқушылардың таңдануын, тамсануын, сүйсінуін тудыратын амалтәсілдер. Ол қызықты дерек, күтпеген зерттеу жұмысы, тамаша тәжірибе, белгілі мағлұматты ерекше ашу амалы болуы мүмкін.

  5. 5. Іріктелген оқу материалын топтастыру. Іріктелген материалмен жұмыстың жүйесін, оқушылардың қызмет түрін ауыстыруды ойластыру. Оқушылардың селқос қабылдауын емес, жоғары белсенділігін танытатын сабақ формаларын ойлап табу.

  6. 6. Оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарының формалары мен көлемін жоспарлау. Оқушылардың әрекетін бақылау: мазмұнын және бақылау формаларын, олардың нәтижелері қалайша қолданылатындығын бақылау. Қалыптасу деңгейлерін ескеріп, тиісті оқыту формалары мен әдістері арқылы тексерілетін оқушылардың тізімін даярлау қажет. Білімді, ептіліктер мен дағдыларды бағалау нормалары оқушыларға белгілі болуы тиіс.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет