Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау Поэзия минуты
М. Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айту
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады.
Ақынның азан шақырып қойған аты \Мұхамедқали\
Мұқағалидың туған жылы мен туған күні \1931 жыл 9- ақпан\
Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды \10 жасында\
Топқа бөлу
Оқушыларды поэма мазмұнына қарай «Flippity» сайты арқылы төрт топқа бөлу
Тақырыпқа байланысты видеролик
Аққуды атпа
Бейнебаянда адам табиғаттың төл перзенті бола тұра, қандай қасиет болмасын оған қаталдық пен зұлымдық көрсете алатындығын байқауға болады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады
Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Мақсаты: автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Топтық жұмыс 1-топ. Ананың іс-әрекетіне қарсы шығу, шығармадан нақты дәлел келтіру,өмірмен байланыстыру. 2-топ. Ананың іс-әрекетін жақтап шығу, шығармадан нақты дәлел келтіру,өмірмен байланыстыру. 3-топ. Автор болсаң шығармаға қандай өзгерістер енгізер едің? Нақты дәлел айту. 4-топ. «Аққу - киелі құс», бұл - автор идеясы, қазақ халқы тағы нені киелі деп санаған? Қандай ырымдарды білесің? Жұптық жұмыс I топқа Үзіндідегі кейіпкер қатынасын анықтап, тілдік көрінісін талдайды.
-Тұрсаңшы таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
...Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып .
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін , бәрі жалған үміт!
Риторикалық сұрау
Бұйрықты, лепті сөйлемдер
Көп нүкте, қабаттасып келген тыныс белгілер бар.
Автор кейіпкерлердің көңіл –күйін, астарлы ойын беріп тұр.
II топқа Шығарма үзінділері бойынша шығармадағы автордың тілдік қолданысын түсіндір
Үзінді
Автордың тілдік қолданысы
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр, аппақ нұрға қосылады...
Әлдилеп ақ төсіне бермей тыным,
Ақ айдынын ақ мүсін тербейтұғын...
Аппақ нұрмен шомылтып айналасын,
Ақ сәулемен айдынның ойнайтұғын...
Ошақ қасы, отбасы көрмеппін ғой,
Дүние – ау, сен осындай керемет пе ең?!
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық атқан саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын
Автордың өлеңде ақ нұр, ақ айдын, ақ сәуле ұғымдарын қолдануы мәтіннің мазмұнын ашып, көркемдеп тұрғандай
Адамның сезімін ерекше бейнелеп тұр.
Ананың табиғатқа деген қызығушылығы керемет көрініс тапқан.