Сабақтың тақырыбы: Мақсаты: Үйірмешілерлі құралдармен толықтай таныстыру



Дата25.11.2023
өлшемі301,8 Kb.
#125837
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспар Аааа




Үйірме сабағының жоспары

ҚББП-ы:

Оспанова Бақытжамал

Бағыты:

Туристік-экология

Мектебі:

№23 IT-мектеп лицейі

Күні:

19.09.2023жыл

Тобы:




Қатысқан үйірмешілер саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың
тақырыбы:


Мақсаты:


  • Үйірмешілерлі құралдармен толықтай таныстыру

  • Төтенше жағдай орын алғанда қолданатын іс-әрекеттерді үйрету

  • Техникалық қауіпсіздікті сақтауға баулу.

  • Құрал-жабдық тізімдерімен бөліс

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:

- Дене тәрбиесі
- Биология

Оқыту әдісі:

баяндау,сұрақ-жауап арқылы,үйірмешілердің іс-әрекетін бақылау

Көрнекілігі:

Интербелсенді тақта;
Жағдаяттың сұрақтар жазылған карточкалар,фотосуреттер;

Сабақтың барысы:


Жалпы жорықтар үшін керекті құрал-жабдықтарды 3 түрге бөліп қарастыруға болады. 1. Маршруттағы табиғи кедергілерден өту үшін қолданылатын арнайы құрал-жабдықтар (арқан, карабин, дюльфер, жумар, гри-гри, каска т.б.) 2. Туристік топқа ортақ құрал жабдықтар (шатыр, компас, карта, планшет, балта,тамақ пісіретін ыдыстар мен ошақ құралдары т.б.) 3. Жеке адамдарға арналған құралдар рюкзак, ұйықтайтын қап, маска, күннен қорғайтын көзілдірік, жаңбыр қап, дәптер, карандаш, киім-кешек, жуынатын заттар т.б. ). Рюкзак– ол әртүрлі болып келеді. Ол брезенттен (су өтпейтін қалың кенеп) немесе капронды матадан және т.б. жасалынады. Рюкзактің арқаға асынатын жері (лямка) едәуәр үлкен, жалпақ оның үзіліп кетпей мықты ұстап тұру үшін сапалы тігілген. Ең түбіне жұмсақ әрі жеңіл заттар, ал бетіне ауыр заттар салынады. Төмен тартып тұрмай арқаға қонымды қолайлы болып тұруы үшін, ауыр заттарды (14-15 кг) баудың қасындағы сақиналы жерге жақын орналастыру керек. Үлкен салмақтағы, жақсы буып-түйіліп жинақталған рюкзак қозғалыс барысында туристке қиындық тудырмайды. Жатын қап жеңіл және мықты матадан, жылуды жақсы сақтайтын шатырда көп орын алмайтын болып келеді. Ол бір адамға немесе екі адамға арналған болуы мүмкін. Шатыр (палатка) туристердің уақытша тұратын мекендері. Арқандар – жорыққа аса қажетті құрал-жабдықтардың бірі болып саналады. Олсыз сақтандыру, өзін-өзі сақтандыру мүмкін емес. Карабин – туристті сақтандыру кезінде жіпті ілмекпен жалғап тұрады. Ол құрыштан немесе болаттан жасалынады карабиннің салмағы 200 г. Құрал-жабдықты дайындағанда топ мүшелерінің санына, жорық маршрутында кездесетін әртүрлі табиғи кедергілер түрлері мен жорық өтетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Құрал- жабдықтардың кейбір түрі жорықтың барлық түріне қолданса, ал кейбір түрі жеке бір жорық түріне қолданылады.





• туристік тұрмысқа арналған құрал -жабдықтар видео материал
https://youtu.be/QVUVinZ94A4?si=CplF3hnNYiqpLKTV

Сергіту сәті: Нейрожаттығу



Кері байланыс.
«Тик-ток» әдісі

Үйге тапсырма.
Жорыққа шығуға арналған құрал-жабдық тізімдерін жазып келу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет