Сабақтың тақырыбы: Мәдениет: тіл және қарым -қатынас Дыбыс деген не? Дыбыс және әріп



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі16,58 Kb.
#114844
түріСабақ
  1   2

Сабақтың бөлімі
Сабақтың тақырыбы:

Мәдениет: тіл және қарым -қатынас
Дыбыс деген не? Дыбыс және әріп

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.1.1 Дыбыс және әріптің айырмашылықтарын ажырату.
5.1.2.1 Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп берілген тапсырманы толықтай орындайды.
Көпшілігі орындай алады: дыбыс пен әріпті ажырата біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады: орындалған тапсырмалар бойынша сөйлей алады.

Бағалау критерийлері

1.Ақпаратты оқып тезистайды.
2.Дыбыс және әріп бойынша тапсырма орындайды.

Құндылықтарға баулу

Түрлі көзқарастарды талдай отырып, дыбыс, әріп жайлы өз ойларын ашық жеткізу дағдысы артады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту: суреттерді сөйлете отырып, өз ойларын жеткізеді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дыбыс, әріп.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: дыбыстау мүшелері, есту мүшелері.

Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

7 мин


1.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
П - менің ойымша ...
О - себебі....
П - мысалы...
С - сол себепті.....
Үнтаспадан құстың шықылықтағаны, жаңбырдың сылдыры, жылқының кісінегені, судың аққаны, тағы басқа дыбыстар тыңдау.
- Балалар, не тыңдадық? (әртүрлі дыбыстарды)
- Ал адам сөйлегенде де дыбыс шығарады, бірақ бұл дыбыстар табиғаттағыдан өзгеше болады. Өйткені дыбыстардан не жасалады? (дыбыстардан сөздер жасалады)
- Дыбыс пен әріптің екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
- Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатыны бізге белгілі. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерді атап беріңдер. (өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін)
Тапсырма: 1- тапсырма: Мәтінді оқу. Сұрақтарға жауап беру.
Дескриптор:

1

Сұрақтарға жауап береді.

2

Түсінігіне сай болжам жасайды.

ҚБ «Қол белгісі»

Үлестірмелі материал
дар





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет