Лекция тезистері шымкент 2022



бет1/9
Дата19.05.2023
өлшемі326,5 Kb.
#94740
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ. ФОНЕТИКА
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Шымкент 2022

1 лекция


Тақырыбы: Дыбыс туралы жалпы түсінік. Тіл дыбыстарының жасалуы. Тіл дыбыстарын жасаудағы қозғалтқыш күш, оның ырғағы; ауаның жолы, қарқыны, күші, созылыңқы. Жаңғырық жасайтын (резонаторлық) қуыс орындар (көмей қуысы, тамақ, ауыз қуысы) Ауаның түрлері: үнге айналған (фонациялық) ауа, тон, обертон, тембр. Дыбыстардың физикалық, анатомия – физиологиялық аспектілермен байланысы.
Дыбыстардың артикуляция –акустикалық жақтан құралатын өзіндік қасиеттері, табиғаты. Артикуляциялық дағды. Артикуляциялық дағдының бір тілде сөйлейтін адамдардың сөздерін дұрыс, не бұзып айтуы на тигізетін әсері; орфографиямен қатынасы
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.К.Аханов Тіл білімінің негіздері. А., 2002
2.Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999
3.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.
4.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
5.Омарбеков С.,Жүнісов Н .Ауызекі тіліміздің дыбыс жүиесі .,А1985
6.Ғ.Бегалиев. Әріп, дыбыс, буын. А.,1999.
Адамдар арасындағы тілдік қатынастар екі түрде болады: ауызша және жазбаша. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады. Сөйлеу-іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне, ең негізгі қару. Жазу – сөйлеудің қағазға түскен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен, қазақ халқы ХХ-ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды. Адам баласының тiлi – дыбыстық тiл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрiнетiн тiлдегi санаулы ғана дыбыс мыңдаған сөздердiң құрамында белгiлi бiр тәртiппен қиюласып, тiркесiп қайталану арқылы тiлдi, сол тiлдiң дыбыс жүйесiн құрайды. Егер сөздер дыбыстардың өзара тiркесi түрiнде айтылмаса, тiл қатынас құралы да, пiкiр алысу құралы да бола алмас едi. Сондықтан дыбыссыз тiл жоқ, тiлсiз қоғам жоқ. Адамның ойы, айтатын белгiлi бiр пiкiрi дыбыстық комплекстен тұратын сөздердiң арқасында iске асады. Сондықтан да тiл дыбыстарын, оларға тән тiл заңдылықтарын бiлудiң маңызы зор. Дыбыстық өзгерiстердi есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркiнiн, өзгеруiн, дамуын айқындау мүмкiн емес.
Фонетика (грекше-рһопе – дыбыс) – тiлдердiң дыбыстық жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетиканың зерттейтiндерi – тiлдiң барлық жағдайларда және қызметiнде көрiнетiн дыбыстық құрамдары мен тәсiлдерi және тiлдiң дыбысталу түрi мен жазба түрiнiң арасындағы байланыстар. Дыбыс атаулының қандайы болса да, созылмалы заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да күрделі вибрациялық қимылдың нәтижесін де пайда болатын құбылыс. Осы қимылдың нәтижесінен ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар әр түрлі болады. Тілдегі дыбыстардың түрлерін кейбір қасиеттерін олардың ырғағы, күші, әуеніне қарай ажыратуға болады. Дыбыс ырғағы - бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл мөлшері көбейген сайын дыбыс ырғағы күшейеді, керісінше діріл мөлшері азайған сайын дыбыс ырғағы да әлсірейді. Бір секунд ішінде ең кемі 16 рет, көп дегенде 20000 рет дірілдің нәтижесінде болған дыбыс қана құлаққа естіле алады. Тілдегі дбыстардың ырғағына қарай сөздің сөйлемнің интонациясын білуге болады.
Дыбыс күші- бір секунд ішіндегі дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқыны (ампликтудасы) көбейген сайын дыбыс күші ұлғая түседі. Дыбыс күші діріл қарқынының жиіленуіне байланысты болғандықтан, діріл амплектудасы көбейген сайын жіңішке шығады да, кеміген сайын жуан (соғын) шығады. Дыбыс күшіне қарай тілдегі лепті (динамикалық) екпіннің сырын білуге болады. Біздің дыбыстық тіліміздің- өте күрделі құбылыс, сол сепепті бізге оны үш түрлі аспектіде (үш қырынан) қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (немесе физикалық) аспект және лингвистикалық (функционалдық) аспект.
1. Анатомия-физиологиялық аспект- адамның тілі-алдымен биологиялық құбылыс екені белгілі, яғни тіл-дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған ораталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаратылған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар ( мәселен өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) қосымша атқарады. Адам баласы үзақ эволюциялық даму барысында өзінің анотомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болады. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін дыбыстау мүшелерімен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбыс жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мүрын, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу апараты деп те атайды. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген. Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығының, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері-көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, кіріліп турады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі : үнділерден көбірек, ұяңдарда- азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Себебі қатаң дауыссыздар тоннан емес, салдырдан жасалады. Салдыр (немесе шу деп те айтуға болады) фоноциялық (өкпеден шыққан) ауаның ауыз қуысында тосқауылға, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
2. Акустикалық (физикалық аспект)- тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылы -ғы жағынан ерекшеленеді. Дыбысты ырғағы тербелістің жилігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынынан (ампликтудасына) байланысты. Бірінші герцпен, екінші децибелмен өлшенеді.
Дауысты дыбыстар (м-ы, а, ә) бір бірінен әуеніне (тембрге) қарай ажыратылады. Тембр- дыбыс болады. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен көмекші тонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болады.
Мысалы: тоны жағынан бір біріне жуық дауыстылар тіл, жақ, еріннің қатысуы нәтижесінде бір бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды. Дыбыс созыңқылығының қазақ тілінде фонетикалық мәні жоқ.
3. Лингвистикалық (функционалды) аспект- адамдар арасындағы қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық қүбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең басты нәрсе олардың адамдардың қатынас қүралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық (әлеуметтік) мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистика -лық аспектінің табиғатын дұрыс танып білуге көмектесетін жолдар түрінде қарасада болады.
Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі түрғысынан құрайды.
Тілдегі дыбыстар негізгі тон және көмекші (обертон) немесе тоннан тұрады, өзінің ырғааы мен күшіне қарай көмекші тон негізгі тонмен тығыз байланысты болады; арнаулы бір дыбыстың (көбінесе дауыстының) өзге дыбыстан айырмасы көмекші тон арқылы баййқалады: көмекші тонмен байланысты дыбыстың қасиеті дыбыстың әуені днп аталады.
Тілдегі дыбыстардың бірқатары тонмен байланысты; бұлар- дауыстылар. Екінші бір дыбыстар салдырмен байланысты: олар- дауыссыздар. Дыбыс тонымен байланысты дыбыстар дауыстылар) музыкалы болып келеді де, салдырмен байланысты дыбыстарда (дауыссыздарда) бұл қасиет болмайды.

2 лекция


Тақырыбы: Дыбыс және фонема олардың ортақ жақтары мен айырмасы. Фонеманың өзіндік қасиеті; фонеманың түрлері (аллофондар); аллофондардың вариант, варияциялық ерекшеліктері. Әріп алфавит. Әріптің нақтылы фонемалары таңбалау кезінде негізделетін принциптері.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.К.Аханов Тіл білімінің негіздері. А., 2002
2.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
3. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
4.Ғ.Бегалиев. Әріп, дыбыс, буын. А.,1999.
Тiлiмiздегi дыбыстарды бiз, әрине айтамыз және жазамыз. Бұны бiр сөзбен айтқанда қолдану немесе дыбыстарды қолдану дейдi. Дыбыстарды қолданудың түрлi ерекшелiктерi бар. Ең алдымен дауыстыларды қолданудағы өзiне тән ерекшелiктердi сөз етелiк.
Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелiк, белгi-қасиеттерi, олардың фонемалық мәнiнiң айқын да тұрақты көрiнетiн орны – бiр буынды түбiр, сондай-ақ көп буынды сөздiқ бас буыны. Сөздiқ екiншi буынынан бастап олардың фонемалық күшi әлсiрей бастайды. Мұның өзi екiншi буыннан бастап кейбiр фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол бередi. Мәселен, өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), оқы (оқұ). Мұндай сөздердi жазылуыша айту ерсi болғанмен, мағынасын түсiнуге көп кедергi бола алмайды. Дұрысы, әрине, фонемалардың өздерiн жазу болмақ. Дауыстылардың әрқайсысының айтылу, жазылуын зерделеп алудың мақызы зор.
А фонемасы – азды-көптi ерекшелiктермен тiл-тiлдiқ бәрiнде дерлiк кездесетiн көнеден келе жатқан фонемалардың бiрi. Жазудағы тақбасы – а.
А фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулiк күшi ы, i фонемаларына қарағанда әлсiз, сондықтан да ол жуан (о, ұ) ерiндiктерден кейiн айтыла бередi: орақ, ошақ, ұлан, ұйұқта (ұйықта).
А фонемасы өзге жуан (о, ұ, ы) дауыстылармен қатар сөздiң барлық буындарында айтыла да, жазыла да бередi. Айтуда кейде о-ға жуықтап кететiн де кездерi бар: ойбой (ойбай), ойпырой (ойпыр-ай), ойпұрмой (ойпырым-ай). Тiптi бұлар көркем шығармада да кездеседi.
Жазуда а кейбiр жiқiшке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтiн тұстары бар: дiлда, ләззат, кiтап, қазiр, мейман. Қазiргi кезде жазылуына жуық дыбысталып жүрген мұндай кiрме (араб-парсы) сөздердi қарапайым қазақ бiрықғай не жуан, не жiңiшке айтпасқа лажы жоқ: дiлдә, ләзәт, кiтәп, қазыр, кәзiр.
Орыс тiлiнiң а фонемасы екпiн түсiп тұрған кезде қазақ тiлiндегi а -ға жуықайтылады: бал, бар, зал, класс, квас, штаб. Ал адрес, армия, фактор, фанел, шкаф сияқты сөздерде (кейбiр к, г, е, и дыбыстардық әсерiнен) ауызекi айтылуда ә-ге жуықтап кететiнi байқалады. қалған жағдайда екпiнсiз а әлсiреп (ә, е, и, ы дыбыстарына жуықтап) он шақты түрде айтылады. Мұны тiлiмiзге ертеректе енген барқыт (бархат), бәтеқке (ботинка), облыс (область) сияқты сөздер де атқарады.
"Қазақ тiлi орфографиясының негiзгi ережелерiнде ә, о, ө, ұ, ү дыбыстары жалаң сөздердiң бiрiншi буындарында жазылады делiнген: дәлел, пәтер, осалдық, осында, оттық, өжеттену, өзге, бөле, ұғымды, ұйымшыл, бұйым, бұлақ, бүкшеңдеу, бүрсектеу, бүгу.
"Ә" фонемасынық қазақ тiлiнде сирек кездесуiнiң (онда да, көбiне бiрiншi буында кездесуiнiң) басты себебi – онық қазақ тiлiне басқа күншығыс тiлдерiнен келген сөздермен байланысты болуы керек. Алайда түркi тiлдерiнiң дыбыс жүйесiн тыңғылықты қарастырған соңғы бiр сүбелi бiр монографиядан ә фонемасынық көнеден келе жатқаны дәлелденедi. Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнiқ соқғы 3-басылуында /1988/ екiншi буынында ә жазылатын сөэдердiң қатары молая түскенiн байқауға болады. М, әзәзiл, дүбәрә, дүмәдiл, дiмкәс, көкнәр, мәрмәр т.б. екi сөздiң үшiншi болуында кездеседі.
Алфавит құрамында арнаулы ә әрпi бар бiздiң тiлiмiздiң жазу жүйесiнде осы дыбыстық еленбей қалатыны көп. Мәселен: шәй, шәйi, жәй, жәйлi дегендердi айтылуы жiңiшке бола тұрса да, емле тәртiбiнде шай, шарша, жайлы деп жазылады. Сол сияқты: Күләндә, Кәмилә, Жәмилә, Әлимә, Сәбира сынды кiсi аттарының соңғы дыбысын оларға жалғанатын септiктердiң табиғатына сүйенiп жуан етiп жазамыз.
Е, ы, i фонемалары езулiк, қысаңдығы және тiлде қолданылуы жағынан бiр-бiрiне ұқсайды. Ал е фонемасының алдынан әнтек айтылады. Ә.Жүнiсбеков е-нiң й және i дыбыстарының қосындысынан (йi) тұратынын (й-40, i-60 процент болатынын) эксперименттi жолмен анықтағаны шынында да тiлде: әне-әнi, әсте-әстi, бәйге-бәйгi, бәтеқке-бәтiқке түрiнде айту, тiптi жазу кездеседi.
Е, ы, i әрiптерi сөздiң барлық буындарында жазылады, бiрақ олар ылғи да е, ы, i болып дыбыстала бермейдi.
Бұлардың ерiндiктермен (сонық iшiнде дауыссыз у-мен де) қатар тұрып айтылуы жоққа тән. Өзен, осы, ұғым, үлкен, түлкi, мазмұны, әуес, дәуiр сияқты сөздердiң құрамында е, ы, i дыбыс емес, тек әрiп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрiнде болады. Соқы ы, i дыбысына аяқталған етiстiктерге - у жұрнағы жалғанады да, ы ұ-ға, i ү-ге айналады, жазуда бiр-ақ әрiппен (у) тақбаланады, алжы – алжұу (жазлуы - алжу).
Қысақ ы, i фонемалары тiптi л, р дыбыстарының алдынан келгенде түсiп қалады: лақ, рақат, рақмет, теқ, рәсiм. Жалғанатын қосымша дауысты болса, кейбiр сөздердiң екiншi буынындағы ы, i түсiп қалады: халық-халқы.
И, у фонемалары орыс тiлi арқылы енген құрамында ғана кездеседi: университет, сумка.
Дауыссыздардың ерекшелiктерiн сөз етер болсақ ең алдымен олардың үнсiздер және үндiлер болып екiге бөлiнуiн атап өту керек (ерекшелiгiне байланысты).

3 лекция


Тақырыбы: Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері (артикуляциялық мүшелер); олардың актив, пассив түрлері және атқаратын қызметтері. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері. Дауысты (вокализм) дыбыстар мен дауыссыз (консонатизм) дыбыстар. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы.
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.С.Аманжолов. Қазақ тілі теориясының негіздері. А., 2002.
2.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
3. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
Тiл дыбыстары дыбыстау мүшелерi арқылы жасалады. Мұны дыбыстау аппараты дейдi. Оларға – өкпе, дауыс шымылдығы (желбезек), таңдай, тiл, тiс, ерiн т.б. мүшелер жатады. Оларды 3 топқа бөлемiз: тыныс мүшелерi, тамақ, қуыс мүшелерi.
1.Тыныс мүшелерiне – өкпе жатады. Ол қолқамен ұштасып, ал қолқа екiге тарамданып кеңiрдекпен жалғасады. Өкпенiң қызметi көрiк сияқты, сыртқы ауаны iшке тартады не сыртқа шығарады.
2.Тамақ - кеңiрдектiң кеңейген тұсы. Сыртында жұтқыншақ болады да, жұтқыншақ астында дауыс шымылдығы болады. Ол өкпеден келген ауамен шыққан ауаға кедергi болады. Бiрде керiлiп, бiрде жиырылады. Өкпеден шыққан ауа әуелi жауыс шымылдығына соқтығады да, оны дiрiлдетедi. Бұл дiрiлден үн пайда болады. ұннiң сапасы ауа қарқынына байланысты.
3.Туыс мүшелерге тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы жатады. Тамақ қуысы ауыз қуысының артында орналасқан. Екi түрлi қызметi бар. Дауыс шымылдығынан шыққан үндi реттейдi. Мәселен, дауыссыздарды айтқанда, тамақ қуысы тарылып, дыбысқа салдыр қосады, дауыссыздарды жасауда әуен, тембр жасауға көмектеседi. Ауыз қуысы да, мұрын қуысы да дыбыстардың қай-қайсысын болса да реттеушi. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалуы да, олардың өзара жiктелуi де осыларға байланысты. Ауыз қуысында – тiл, таңдай, тiс, қызыл иек, ерiн сияқты мүшелер бар. М, н, ң дыбыстарының өзi ауыз қуысында жасалады. Тек ауа мұрын қуысы арқылы өткендiктен, мұрын жолды деп аталады. Ауыз қуысы – дыбыстарды өңдеушi, белгiлi бiр қалыпқа келтiрушi орган. Мұны ғылымда дыбыстарды реттеушi резонатор дейдi.
Тiлдердiң барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екi топқа бөлу – ертеден келе жатқан дағды.
Дауысты дыбыстар – артикуляциялық, акустикалық және функционалдық қасиеттерiне байланысты ерекшеленетiн дыбыстар тобы. Артикуляциялық қасиеттерi дегенiмiз – дыбыстардың дауысарқылы және ешбiр кедергiсiз пайда болуы. Дауыстылардың пайда болуына ерiн, тiл, таңдай қатысады. Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелiк - оларда музыкалық тонның болуы. Тiл-тiлде де дауысты дыбыстар саны жағынан да сапасы жағынан да түрлi болып келедi. Мысалы, қазақ тiлiнде тоғыз жалаң дауысты дыбыс болса, орыс тiлiнде – алтау, ағылшында – жиырма бiр, қырғыз тiлiнде – он төрт, ойрат тiлiнде – он алты дауысты дыбыс бар. Кейбiр тiлдерде жалаң немесе келте, созылыңқы айтылатын дауыстылар бар. Мысалы, қырғыз, ойрат, якут, хакас тiлдерiнде қысқа айтылатын жалаң дауыстылардан басқа созылыңқы дауыстылар да (аа, оо, уу т.б.) бар. Дауыстылардың классификациясының екi түрi бар: физиологиялық және акустикалық. Физиологиялық классификация кең тараған және практикалық жақтан қолайлы. Ол дауыстылардың артикуляциясы кезiндегi дыбыстау мүшелерiнiң қызметi мен қалпына негiзделедi. Дауыстылар сөйлеу мүшелерiнiң негiзгi үш түрiнiң қатысы мен қалпына қарап (тiлдiң қалпына, ерiннiң қатысына, жақтың ашылу қалпына қарай ) топтастырылады.
Дауыссыз дыбыстар - қасиеттерi жағынан дауысты дыбыстарға қарама-қарсы болатын дыбыстар тобы. Артикуляциялық қасиеттерi: дыбысталу арнасында мiндеттi түрде кедергi болу; акустикалық тұрғыдан келгенде дауыссыздардың пайда болуында ызыңның рөлi жоғары болу. Дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыз дыбыстар саны көп. Олардың жүйеленуi де әлдеқайда күрделi. Дауыссыз дыбыстар үннiң қатысуымен немесе қатысуынсыз жасалады. Осыған байланысты үш топқа бөлiнедi: қатаң, ұяң, үндi дауыссыздар. Жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды болып бөлiнедi. Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаң, ұяң), шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екi топқа бөлiнедi. Шұғыл дауыссыздар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Ызың дауыссыздар фрикатив дауыссыздар деп аталады. Кейбiр тiлдерде ызың және шұғыл дауыссыздар ерекшелiктерiн бiрдей қамтыған дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады (ч, ц).
Артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
а) ерiн немесе лабиаль дауыссыздар
ә) тiл алды дауыссыздар
б) тiл ортасы дауыссыздар
в) тiл арты дауыссыздар
г) көмей (фарингал) дауыссызы (ї)
Тiл ғылымында дауыссыз дыбыстар консонантизм деп те аталады.
Тiл дыбыстары – әрбiр тiлдiң өмiр сүруiнiң тәсiлi. Егер сөздер дыбыстардың өзара тiркесi түрiнде айтылмаса, тiл қатынас құралы да, пiкiр алысу құралы да бола алмас едi. Тiлдiң дыбыстық жағы оның замандар бойында өмiр сүруiнде, ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отыруына мүмкiндiк жасайды.

4 лекция


Тақырыбы: Дауысты дыбыстар (вокализм) Дауысты фонемалардың құрамы Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әртүр- лі артикуляция-акустикалық тұрғыдан топтасты- рылуы:
а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып бөлінетін түрлері: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды-жіңішке, тіл арты –жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі.ә)жасалу жолына (жақтың қатысы на) қарай ашық,қысаң болып бөлінуі; жасалу тәсіліне (ерін мен езудің қатысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі. Акустикасына қарай дауыстылардың айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып естілу ерекшеліктері, в) үннің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстыларының жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.А.Байтұрсынов. Тіл құралы. А., 1999
2.С.Аманжолов. Қазақ тілі теориясының негіздері. А., 2002.
3.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
4. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
Қазiргi қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнiнде әлi күнге бiрiздiлiк болмай келедi. Мұның өзi дауыстыларды оқытуда, оларды танып-бiлуде ала-құлалық тудырып көп қиындық келтiрiп жүр. Тiлiмiздегi әртүрлi фонетикалық заңдылықтарды дұрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты бiлумен байланысты.
А.Байтұрсынов: "Қазақ тiлiнде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болады. Соған қарай таңбалары да дауысты, даыссыз болып бөлiнедi.",- дейдi де, олардың бесеуi дауыстылардың таңбасы деп көрсетiледi. Мұның өзi сол кездегi араб графикасының мүмкiндiгiне негiзделген. Қазақ тiлiнiң байырғы төл сөздерiнiң құрамында 9 дауысты дыбыс барлығы ешқандай дау тудырмайды. Олар – а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, i. Бұл дауыстылар әсiресе тiлiмiздiң кешегi В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский сипаттайтын тұсына толық сай келедi. Алайда, қазiргi қалпын таныта алмайды.
Бүгiнде тiлiмiздiң сөздiк құрамы күрт дамыды. "Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiне" енген сөздердiң 20 пайызына жуығы орыс тiлiнен және орыс тiлi арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды бiз орыс тiлiндегiдей жазып, айтып жүрмiз. Бұл сөздердi айтуда бiздiң әлгi 9 дауыстымыз кейде әжетке жарағанымен, көбiне дәрменсiз болып қалады. Олай болса, қазiргi қазақ тiлiндегi дауыстылар туралы айтқанда, осы тоғызбен шектелуге болмайды.
Қазiргi тiлiмiзде он бiр, он екi дауысты бар деушiлер шындыққа жақын тұр. Бұлардың бiрiншiсiне екiншiсiнiң қосқаны – тек э дыбысы. Қалған жағдайда iштей жiктеу, сипаттауға келгенде бiр-бiрiмен үндесiп жатады. Екi топқа да үлкен жаңсақтық - қазақтың байырғы сөздерiнiң құрамында и, у, дауысты дыбыстары кездеседi деп қарауы. Бiр қызығы, зерттеушiлер мен оқулық оқулық авторларының көбiсi бұл екi әрiптiң әрқайсысы екi дыбыстың ұу, ыу, iу, ый, iй қосындысы екенiн бiле отырып дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды дифтонг, дифтонгойд деп дәлелдеуге тырысады. Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстарды эксперименттi жолмен зерттеп жүрген Ә.Жүнiсбеков және басқа ғалымдар байырғы сөздерiмiздiң құрамында кездесетiн осы екi әрiптi дауысты дыбыстар деп қарамайды. Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда, тiлiмiздiң екi үлкен заңының түп- тамырына балта шапқан болар едiк. Бiрiншiден, сөздердiң құрамында екi дауысты қатар тұра беретiн болады: суы, буын, келуi, миы, тиын, тиiн. Екiншiден, сөз iшiнде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-iн, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-i, қи-ы) болады. Мұның екеуi де тiлiмiздiң табиғатына қайшы екенiн дәлелдеп жатудың қажетi жоқ. И,у байырғы сөздерiмiздiң құрамында дыбыс бола алмайтыны Ә.Жүнiсбеков еқбектерiнде әбден дәлелденген. Ал қазақ тiлiнде 15 дауысты бар дейтiн пiкiр тiптi де сын көтермейдi. Бұл дыбыс пен әрiптi шатастырудың нәтижесi ғана.
Қысқасы, қазiргi қазақ тiлiндегi дауыстылардық саны, сапасы дейтiн мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердiң бiрде-бiреуi толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алдымен тiлiмiздегi дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады. Бiрiншiден, қазақ тiлiнiң байырғы сөздерiнiң құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екенi рас. Екiншiсi, орыс тiлiнен және орыс тiлi арқылы енген сөздердiң дыбыстық құрамын ескеру қажет. Ескерiп қана қоймай, олардың табиғатын тереқ танып, төл дыбыстарымызбен бiрдей қарауымыз керек. Қазiргi орыс тiлiнiң дауыссыздары төл дыбыстарымызға айналды. Тiптi байырғы сөздерiмiздiң өзiн в, ф, х дыбыстарымызбен айтып жүрмiз. Ал орыс тiлiнiң дауыстыларын танып игеруде онша бiрауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-құлалықтың өзi алдымен осымен байланысты. Егер саусақпен санарлық сөздердiң құрамында ұшырайтын ë өз алдына дербес дыбыс деп танытатын болса, тiлiмiздегi мыңдаған сөздердiң құрамында кездесетiн орыс тiлi дауыстыларының әрқайсысы фонетикамыздан өз паспорттарын алатын уақыт жеттi. Сондықтан да қазiргi қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi сөз болған кезде оларға да лайықты орын берiлуге тиiс. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала: "Дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, е, и, ө, о, у, ү, ұ, ы, i, э, ю, я" – деп үйренедi. "Бүлардық iшiнде орыс тiлiнен енген дауыстылар мыналар: э, ю, я, е". Сонда орыс тiлiнде қанша дауысты фонема болғаны? Орыс тiлiнiң академиялық граммтикасының айтуынша негiзгi дауысты фонемалар: и, у, е, а, о. Рас, бiрсыпыра оқулық, зерттеулерде бұларға ы дыбысын да қосады. Әлгi аталған грамматикада мұның өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасының бiр түрi ғана екенi айтылған. Орыс тiлiндегi дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, сапа жағынан аса күрделi. Қазақ тiлiнiң байырғы дауыстыларынан ерекшелiгi – олардың дауыссыз дыбыстарға тәуелдi болып, солардың жетегiнде кететiндiгi, бiр дауыстының бiрнеше сапаға ие болатындығы. Мәселен, бiр ғана а фонемасы екпiннiң түсуiне, екпiндi буыннан арақашықтығына, дауыссыздардың жуан жiқiшке түрлерiмен қатар тұруына қарай он шақты сапаға ие болады. Егер орыс тiлi арқылы енген сөздердiң айтылуын дұрыс меңгеремiз десек, дауыстылардың осы қасиетiн танып бiлуiмiз керек-ақ. Орыс тiлiндегi екпiн түсiп тұрған а, о, э дыбыстарының қазақ тiлiндегi а, о, е дыбыстарына азды көптi ұқсастығы бар. Сондықтан да оларды қосып қарауға болады десек, ал и, у дыбыстарының табиғаты бөлектеу, орыс тiлiне ғана тән дауыстылар деп бiлген жөн.
И -қысақ, езулiк монофтонг. Ол тек жiңiшке айтылады. қазiргi кезде жастардың арасында байырғы сөздерiмiзде кездесетiн и әрпiн орынсыз жiңiшке айту тенденциясы байқалып жүр. Мұның өзi орыс тiлiндегi и-дiң әсерi болса керек. Қазақ тiлiнде ол iй – ге жуық айтылатын сияқты болғанымен, дұрысы оның өз қалпын сақтауға тырысқан жөн.
У – дыбысы да қысақ монофтонг. Бiрақ ерiндiк, жуан. Мұны меңгеру қиындық келтiрмейдi. Қазақ тiлiнде ол ұу-ға жуықтайды. Орыс тiлiнде қазақ тiлiндегiдей е дыбысы және осыған жуық дыбысталатын э бар. Ерекшелiгi е-нiң алдынан әнтек й (йе) айтылады. Э-де ол жоқ. Онық үстiне э – аздап ашықтау. Бiрақ оларда фонематикалық қасиет жоқ. Сондықтан бiр-ақ фонема деп танылады. Қазiргi кезде ерiн үндестiгiне мән бермеудiң салдарынан екiншi буында ө айтылатын жерде э дыбысының қалыптасып келе жатқанын ақғару қиын емес. Бұл – әсiресе жастардың тiлiнде көбiрек байқалатын құбылыс. Мысалы, өлэң, өзэн, өнэр, үлкэн, бөлэк, түлэк т.б. Бұлай болатын, ерiндiк буыннан кейiн езулiк, қысақ е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзiнiқ жартылай ашықтығынық арқасында айтуды жеқiлдетедi. Орыс тiлiнде ы фонема ретiнде толық танылып болған жоқ дедiк. Оны и – дiқ жуан түрi ғана деп қарау бар.
Екiншiден, қазақ тiлiнде бұл кездесетiн сөздер әзiрге өте аз. Мәселен, орфографиялық сөздiкте музыка, монастырь, цыган деген сияқты бiрер сөз ғана кездеседi. Үшiншiден, қазақ тiлiндегi ы және й дыбыстары бiрiгiп осы ы - ға жуық дыбысталады. Салыстыр: Мы (бiз) – мый (жазылуы). Ты (сен) - тый (жазылуы).
Сонымен қазiргi қазақ тiлiнде байырғы сөздерде дыбыс болмаса да, орыс сөздерiнде дыбыс болатын дыбыстарды қосқанда барлығы болып он екi дауысты фонема бар.Олар дыбыстау мүшелерiнiң қызметiне қарай iштей үш топқа жiктеледi.
1.Тiлдiқ қатысына қарай:
а) Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
ә) Жiңiшке дауыстылар: ө, ә, ү, i, е, э, у, и
Жуан дауыстыларды айтқанда, жiқiшкелермен салыстырғанда, тiл сәл артқа қарай тартылады, жiқiшкелердi айтқанда тiл сәл iлгерi жылжиды. Бұған көз жеткiзу үшiн дауыстылардық жуан және жiқiшке сықарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//i) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тiл қатысына) жiктелуiн дұрыс бiлмейiнше, тiлiмiздегi ең күштi фонетикалық зақ – сингармонизмдi (онық iшiнде тiл үндестiгiн) түсiну мүмкiн емес. Тiлiмiздегi сөздердiң бiрыңғай жуан, не жiңiшке буынды болып келуi тiлдiң қалпымен байланысты.
2.Ерiннiң қатысына қарай:
а) ерiндiк дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у
ә) езулiк дауыстылар: а, ә, ы, i, е, и
Ерiндiк дауыстыларды айтқан кезде ерiн дөңгеленiп, сүйiрленедi де, езулiктердi айтқанда ерiн екi жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Ерiндiк дауыстылардың да тiлiмiздiң байырғы зақы сингармонизмдi танып-бiлуде мәнi зор. Көршi буындардың бiрықғай жуан не жiқiшке, ерiндiк не езулiк болып келуi тiл мен ерiннiқ неғұрлым үнемдi қызметiне негiзделген.
1.Жақтық қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә,
ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е
б) қысақ дауыстылар: ұ, ү, ы, i, и, у
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ барынша төмен түседi де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтерiледi.
Басқаша айтқанда: ашықтарды айтқанда екi жақ бiр-бiрiнен қашықтай түседi де, қысаңдарды айтқанда бiр-бiрiне жуықтай түседi. Алайда, ауаның еркiн шығуына кедергi жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуiнiң аралығында айтылады. Дауыстылардың жақтық қатысына қарай жiктелуiн тiлдiң тiк бағытта қозғалуы түрiнде де тануға болады. Өйткенi тiл жақтық қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын ақғару қиын емес. Орыс тiлiнде дауыстылар тiлдiқ көлбеу және тiк бағытта қозғалуына қарай жiктеледi.
Қазақ тiлiнде сондай-ақ барлық түркi тiлдерiнде осы уақытқа дейiн дауыстыларды ашықтар және қысаңдар деп бөлiп келдi. Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә.Жүнiсбеков байырғы сөздерiмiздiң құрамында алты (а, ә, ұ, ү, ы, i) монофтонг, үш (о, ө, е) дифтонг бар дейдi. Сонда бiздiң о, ө, е дыбыстарымыздың әрқайсысы екi дыбыстың қосындысы түрiнде келедi. Атап айтқанда: о = у-ұ / уұ /, ө = у – ұ /уұ/, е-й-i /йi/. Егер мұны обьективтi шындық деп танысақ, онда бұл дауыстыларды ашықтан гөрi қысақ деп қараған жөн болар. Алайда бұлардың нағыз қысаңдардан өзгешелеу өзiндiк ерекшелiктерiн де ескеру керек. Атап айтқанда:
1.Кейбiр екi буынды сөздердiң екiншi буынындағы қысаңдар дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түсiп қалады. Мысалы: қорұқ: қорқ-а, қорқ-ақ, қорқ-ыққыра, қорқ-ыт, қорқ-у, үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-iп, үрк-iқкiре, үрк-iт, үрк-у, қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ып, қырқ-ын, қырқ-у, iрiк: iрк-е, iрк-iл, iрк-iқкiре, iрк-iс, iрк-iп, iрк-у.
Ал е, ө дыбыстары екiншi буында ешқашан да түспейдi. О дыбысы байырғы сөздерде тек бiрiншi буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейдi.
2. Қысаң дыбыстар кiрме сөздерге жамалып, айтылуға бейiм. Мысалы: ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рақмет, i-рәсiм, ы-рас, ү-стел (стол) т.б. сондай-ақ бұлар сөздердiң екiншi буынында кейде көмескiленiп, әлсiз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы: жұд ' рық, құм ' ра, көк ' рек, құд ' рет, аз ' рақ, қат ' нас, тәж ' рибе, қас ' рет, қаб лет т.б. Мұндай қасиет е, ө дыбыстарында жоқ дерлiк. Рас о дыбысы да бiрер сөзде протеза түрде кездеседi. Мысалы: орыс (русс), орамал (румал), ораза (руза).
3.Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жiктегенде елеулi белгi ретiнде ұйқастың жасалуын ескеру керек болады. Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жақ қатысы жағынан деңгейлес болңң келуi өте мақызды. Сонда ұйқасатын сөздердiң буындары бiрықғай не ашықтардан, не қысаңдардан тұрады екен. Ал е, ө, о, дыбыстары әлгiлердiң ешқайсысымен де ұйқаса алмайды. Тек өзiмен-өзi түрiнде немесе өзара, мысалы, өлеқ, денеқ, елеқ-селеқ түрiнде ғана ұқасады. Мұның өзi бұларды жартылай ашық дауыстылар деп қарауды қажет етедi. Түркi тiлдерi фонетикасын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастыратын соңғы бiр үлгiлi еңбекте де бұлар жартылай ашық түрiнде танылған.
Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелiк, белгi, қасиеттердiң, олардық фонемалық мәнiнiң айқын, тұрақты көрiнетiн орны – бiр буынды түбiр. Ал көп буынды сөздерде дыбыстардың бiр-бiрiне әсерi болады да, дауыстылардың фонемалық қасиетi әлсiрей түседi. Мұны ерiндiк дауыстылардың тек бiрiншi буында ғана жазылуынан көруге болады: өлең, өнер, ұры, ұзын, оқы, осы, үкi, үсi сияқты. Сөздердi жазылуындай айту естiген құлаққа ерсiлеу болғанмен мағынасын түсiнуге кедергi бола алмайды. Сөздiң бос буынында тұрған дауыстылардың таңбасы әр уақытта сол дауысты фонемаға сәйкес келедi.
ХХ ғасыр басында қазақ тiл бiлiмi қазақ топырағында қаз басып, қанатын қомдап, бiрте-бiрте ғылым айдынында шықты. Мұның көш басында қазақ халқының “рухани көсемi”, қазақ тiл бiлiмiнiң атасы А.Байтұрсынұлы (1873-1937) тұрды. Ол өзiнiң өмiрбаянында: Орынборға келгеннен кейiн ең алдымен қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесiн, грамматикалық құрылысын зерттеуге кiрiстiм одан кейiн қазақ алфавитiн және емлесiн ретке салып жеңiлдету жолында жұмыс iстедiм” деп және ары қарай жасалынатын жұмыстары туралы айтады. Ол бұл мақсаттарын орындай бiлдi. Қазақ тiл бiлiмiнiң терминдерiн жасады, анықтама, түсiнiгiн қалыптастырды, алғашқы оқулықтар жазды.
“Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатын кiтап” деген еңбегiнде айтуынша, “қазақ тiлiнде 24 дыбыс бар” оның бесеуi дауысты, екеуi /й,у/ жарты дауысты, 17 дауыссыз – дейдi. Бұл Ахметтiң тiл туралы алғашқы еңбегi едi. Байтұрсыновтың тырнақ алды еңбегi 1912 жылы “Оқу құралы” деген атпен жарық көрдi. Кiтап 19 дауыссыз бен 9 дауысты жеке-жеке таңбаға ие болған.
Ал, “Тiл – құрал” атты еєбегiнде тұңғыш рет қазақ тiлiнiң фонетикасы мен морфологиясын оқулық түрiнде жүйелеп, түсiндiредi: тiлдiк ұғымдарға тыңнан атаулар ойлап тапты, сынақ, дағдыландыру деген атпен жаттығулар ұсынды “Дыбыс таңбасын харiп деп атаймыз, дыбыс һәм әрiп екеуi екi басқа” - деп дыбыс пен әрiпке жеке-жеке түсiнiктеме берiп, айырмашылығын айтады.
А.Байтұрсынұлының қорытынды мақаласы “Дыбыстарды жiктеу туралы” деп аталады. “қазақ тiлiндегi дыбыстарды жiктейтiн болсақ, ірi айтуына қарай, ірi сөз жүзiнде бiлiнетiн қасиеттерiне қарай жiктеу керек” - деп, акустикалық, артикуляциялық белгi қасиеттердi басшылыққа алатынын аңғартады. Ол тiлдi, оның жүйе – жүйесiн жетiк бiлiп қана қоймай, барынша байыппен баяндаған. Орыс тiлiн үздiк тiл терминдерiн мүлде пайдаланбай, қазақың өз сөзiмен өзiнше түсiндiредi. Сөйтiп қазақ тiлiнiде тiл терминдерiн жасап, қалыптастырады. Оның жазу, емле терминология жөнiндегi пайымдаулары әлi де құнын жойған жоқ.

5 Лекция


Тақырыбы: Дифтонг дауыстылардың өзіндік ерекше сапалық белгілері. Кейбір дифтонг дауыстылар: сөз басында «о, ө, е» дыбыста рының сапада айтылуы: «у, и» дауыстылары- ның (дифтонгоид сапада айтылуы) да кей жағдайда дифтонгоидқа айналуы.
Орыс тілінен енген сөздердегі дауыстылар. Олардың ерекшеліктері. Қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздердің жасалуындағы «я,ю,е,(е)» әріптерінің қызметі. Дауыстылардың сөз ішінде қолданылатын орындары (сөз ішінде орын талғамайтын және талғампаз дауыстылар).
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.С.Аманжолов. Қазақ тілі теориясының негіздері. А., 2002.
2.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
3. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
4.Исаев. Қазіргі қазақ тілі.(фонетика) А.,1987
Дифтонг деген термин екі дауысты деген мағынаны білдіреді. Оның артикуляциясы да күрделі болады. Әрбір дифтонг дауысты дыбыстың элементінен басталып, дауыстының элементімен аяқталады да, екі дауыстының тіркесінен құралады.
Дифтонгтың табиғаты буынмен байланысты болады. Әрбір дауыстының буын құрайтыны белгілі. Қатар келген дауысты дыбыстар да буын құрай береді. Алайда, келген дауыстының әрқайсысы барлық жағдайда өз алдына буын құрай беру шарт емес. Кейде қос дауысты дыбыс бір ғана буын құрауы мүмкін. Екі дауыстыдан дифтонг жасау үшін қос дауыстының бір буынның ішіне кірігуі шарт. Екі дауысты дыбыс бір буынның ішіне кіріккенде, біреуі дауысты дыбыс болу қалпын сақтаса, екіншісі әлсіреп, буын құрай алмайтын дыбысқа айналады.
Сөйлеу процесінде екі дауыстының түйіскен жерінде дифтонгты тіркес жасалады. Дифтонгтардың фонологиялығы туралы мәселе күрделі мәселе болып табылады. Дауыстылардың тіркесі айрықша күрделі фонема жасай ма, жоқ, әлде олар қатар тұрған дауыстылардың жай ған фонетикалық тіркесі ме- бұл мәселе әр түрлі тілдерде түрліше шешіледі. Мұның өзі тіл-тілде фонемалар жүйесінің түрліше болып келуімен байланысты. Егер баяу сөйлегенде, дауытылардың тіркесі екі буынға ажыратылып, сөйлеушілер оның элементтерін өз алдына дербес екі фонема ретінде ұғынатын болса және ол фонемалар морфологиялық дифтонг болғаны. Баяу сөйлегенде дифтонгтың элементтері екі буынға бөлініп кетпей, морфологиялық шекпен ажырай алмайтын болса және сөйлеушілер оны біртұтас күрделі дауысты дыбыс деп ұғынатын болса, онда олардың дифтонг фонема сөздер жу-уар, су-уат, кі-йер, кі-йім түрінде ғана буынға бөліне алады.
Түркологтар түркі тілдерінде өз алдына дербес фонема бола аларлықтай дифтонг жоқ деп есептейді. Бір буынның көлемінде айтылатын дыбыстардың тіркесін жалған дифтонгтар немесе комбинаторлы дифтонг деп атайды.
Түкі тілдеріндегі тау, бау деген сөздердегі а мен у дыбысының тіркесі, бой,той деген сөздердегі о мен й дыбысының тіркесі, егеу деген сөздегі е мен у дыбыстарының тіркесі жалған дифтонгтар немесе комбинаторлы дифтонг деп аталынады. Түркі тілдерінде дифтонгтардың бұл түрі дыбыс тіркестерінің фонетикалық жақтан өзгеруінің (әсіресе к,қ, ғ,г дыбыстарының) нәтижесінде пайда болған.
Алғашқы сыңары буын жасай алмайтын элементтен, соңғы сыңары буын құрай алатын элементтен құралған дифтонг ашық дифтонг деп аталады. Мұндай дифтонгтар француз тілінде ұшырасады.
Кейбір дауыстылардың түгелдей болмаса да белгілі дәрежеде дифтонгты сипаты бар. Ол сипат мынадын көрінеді: дауыстының алдында немесе соңында артикуляциясы жағынан өзіне ұқсас басқа бір дауыстының элементі болады. М.И.Матусевич орыс тіліндегі дифтонгоидтар жайында былай деп жазды: «Белгілі дәрежеде дифтонгты сипаты бар дыбыстар дауыстының айрықша категориясын жасайды. Олардың мәнісі мынада: дауысты өзінің алдында басқа дауыстының дыбысталуына әр текті сипат береді. Бірақ ол әлі де болса дифтонгтық ұғым тудыра алмайды. Мысалы, орыс тілінде дауысты о, у дыбысының қысаң варианты арқылы ашық о дауыстысына айналады, оны фонетикалық жақтан «о» түрінде таңбалауға болады. Мұндай ерекшелік қазақ тілі құрамында дифтонгтарды мысалға келтіруге болады. Дифтонгтардың екі түрі бар: оның бірі-шынайы дифтонгтар, екіншісі жалған дифтонгтар. Шынай дифтонгтардың екі элементі бірдей қуатты болады, буын құрау жағынан тнң түседі.
Жалған дифтонгтардың элементтерінің біреуі ғана негізгі элемент ретінде буын құрай алады да, екіншісі буын құрай алмайтын көмекші элемент ретінде қызмет атқарады. Жалған дифтонгтың өзі тұйық және ашық дифтонг болып екіге бөлінеді.
Алғашқы сыңары буын жасай алатын элементтен, соңғы сыңары буын жасай алмайтын элементтен құралған дифтонг тұйық дифтонг деп аталады. Ол неміс тілдерінде кездеседі.
Сонымен дауыстылардың табиғаты түрліше болады. Тіл білімінде дауыстыларды вокализмдер деп атайды.
6 лекция
Тақырыбы: Дауыссыз фонемалардың құрамы: қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден қосылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к, т, с, л, т.б.). Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың әртүрлі тұрғыда топтастырылуы.Дауыссыздар: Жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы,2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пассив сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына байланысты 1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен:тіл-тіс, тіл алды, қатты таңдай,тіл ұшы-үстіңгі тіс, тіл арты-астыңғы тіс, тіл ортасы-орта таңдай, тіл арты-артқы таңдай сияқты тағы басқа түрге бөліне- тіндігі.2) ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен ерін мен ерін, ерін мен тіс болып түрленетіндігі.
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.
2.Кеңесбаев І . Мұсаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика) – А.,1988
3.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
4. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.19895.
5.Тайлақбаев Б. Қазақ тіліндегі салдыр шұғыл дауыссыздар. А., 1981
Қандай бiр тiлде болсын, дауысты дыбыстар ға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Оқулықтарда оның саны – 26. Фонетиканың бас оқулығы - "Қазiргi қазақ тiлiнде" мынадай 26 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, щ, ш, қ, ң, һ.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстарды Н.Ильминскийден бастап, 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кейбір сөздіктерде қ,ғ мен к,г арқылы берілетін жайттар да кездеседі. Сондай –ақ А. Байтұрсынұлы,Х.Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.
Ә.Жүнісбеков көрсеткендей в, ф, х, ц, ч дыбыстар негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында І.Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в, ф, ч, х фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады.: Екі тілде сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір қатесіз айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып жүр. Ал, Х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады».
Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделi. Сондықтан дауыссыздарды сипаттап мiнездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтан да, артикуляциялық жақтан да көптеген жайларды есепке алуды қажет етедi.
Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшелiктерiне қарай үшке жiктеледi.
Дауыстың қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлiнедi:
а) үндiлер: л, м, н, ң, р, й, у
ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з,
б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, с, х, щ, ш, һ, ц, ч
Ұяңдар мен қатаңдар үнсiздер делiнедi. Дауыссыздардың үш түрiнiң бiр-бiрiнен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысуы дәрежесiне байланысты.Сонда үндiлерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керiсiнше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайда).
2.Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге
болады.
а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң;
ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, щ, ш, ж, з, х, ғ, һ, л, й, у;
б) Дiрiл дауыссыз – р.
Шұғыл фонемалады айтқанда дыбыстау мүшелерi бiр-бiрiне жабысып, ауа кiлт үзiледi де, содан-соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелерi бiрiне-бiрi жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады да бiрақ ауа бiржола сүзiлмейдi, сыздықтап, сүзiлiп шығады. Дiрiл дауыссыз тiл ұшының дiрiлдеуiнен пайда болады.
Жасалу немесе айтылу орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлiнедi:
а) ерiн фонемалары: п, б, в, ф, м,
ә) тiл фонемалары: т, д, с, з, щ, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й
б) көмей фонемасы: һ
Ерiн фонемалары iштей ерiндiк (п, б, м, у ) және ерiн мен тiс (ф, в) болып бөлiнедi. Ерiндiктердi айтқанда екi ерiн бiр-бiрiне жабысып (п, б, м ) немесе дөңгелене жуысып ( у ) тұрса, ерiн мен тiс дыбыстарында астыңғы ерiн үстiңгi тiске жуысады.
Дауыссыз фонемалардың көпшiлiгi тiлдiң тiкелей қатысуымен жасалады. Тiл фонемалары үшке бөлiнедi:
а) тiл алды: т, д, с, з, щ, ш, ж, ц, ч, н,л, р
ә) тiл ортасы: й
б) тiл арты: г, ғ, қ, к, ң, х, һ
Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерiнiң қатысын бiлудiң маңызы зор. Мүны бiлмейiнше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруiн түсiну де, түсiндiру де мүмкiн емес.

7 Лекция


Тақырыбы: Жасалу тәсіліне қарай:
а) қабысыңқылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен үзілмелі-шұғыл, бүйір,үзілмелі-сүзілмелі, діріл айналымы 5 түрге бөлінетіндігі.
ә) жуасыңқылар тобындағы дауыссыздар жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындығы
б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты болып естілетіндігі
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.
2.С.Аманжолов. Қазақ тілі теориясының негіздері. А., 2002.
3.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
4. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
Қандай бiр тiлде болмасын, дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделi болып келедi.
Өкпеден шыққан ауаның кедергiге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, ,д, ж, з, й, к, қ, л, м, ,н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа сөйлеу мүшелерiне соқтығып, олардан салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз ыбыстарда үнге салдыр араласады.
Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай жiктелуi
Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үндi болып бөлiнедi.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Олар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, х, ц.
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыздарды ұяң дауыссыздар деп атайды. Олар: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бiрақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үндi дауыссыздар деп атайды. Олар: р, л, м, н, ң,у, й.
Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсiлiне қарай жiктелуi
Дауыссыз дыбыстар жасалу тәсiлiне қарай екiге бөлiнедi: шұғыл және ызың дауыссыздар.
Шұғыл дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелерi бiр-бiрiне жабысады да, бiрден кiлт ажырасып кетедi, оының нәтижесiнде ауа сүзiлiп, шұғыл шығады. Олар мыналар: п, б, т, д, к, г, ң
Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерiнiң жымдасуынан емес, тек өзара жуысуынан, соның нәтижесiнде, ауаның сүзiлiп шығуынан болады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, һ.
Тiл-тiлде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшелiктерiн бiрдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседi. Мұндай дауыссыз дыбыстар аффрикат дыбыстар деп аталады. Аффрикаттар: ц, ч.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды болып бөлiнедi.
Егер жұмсақ таңдай жоғары көтерiлiп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кiре берiс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтедi де, осының нәтижесiнде ауыз жолды деп аталатын дыбыстар пайда болады.
Егер жұмсақ таңдай төмен түсiп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кiре берiс ашық болса, онда ауа мұрын қуысынан өтедi де, осының нәтижесiнде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет