1. Microsoft Word мәтіндік процессорымен жалпы танысу
Microsoft Word –бұл баяндамалар, брошюра, хаттар, әңгімелер, романдар және тағы басқа толып жатқан құжаттар дайындауға болатын мәтіндік редактор. Word редакторында жасалған құжаттың құрамында мәтін, кесте және графика болуы мүмкін. Word редакторында кез келген мәтінді тез түзетуге, өңдеуге, шрифттерін өзгертуге жеңіл мүмкіндік бар. Өрістермен, жол аралық интервалдармен, бағаналармен жұмыс істеу жеңіл, сонымен қатар қателерді тауып түзетіп те бере алады. Қысқаша айтқанда қарапайым терілген мәтінді Word-тың мүмкіндіктерін пайдаланып аз уақыттың ішінде танылмастай қылып өзгертеуге болады екен.
Microsoft Word процессорын жүктеу
Егер Microsoft Office компьютерде орнатылған болса, онда Пуск-Программы- Microsoft Word жолдарын таңдаңыз. Сол кезде экранда төмендегі мәтіндік редактордың терезесі көрінеді.