Сабақтың тақырыбы Мәтінді есептерді шығару



Дата06.01.2022
өлшемі96,5 Kb.
#12385
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Квадрат теңдеулер

Мектеп:

58 ЖББМ






Күні:13.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні:

Құралов Е.А.






Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;






Сабақтың мақсаты

  1. Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу алгоритмін білу;

  2. Мәтінді есептерді бөлшек - рационал теңдеу арқылы шешу алгоритмін білу;

  3. Квадрат теңдеуге келтірілетін есептерді шығару.




Бағалау критерийі

  1. Мәтiнді есептерге квадрат теңдеу құра алады;

  2. Квадрат теңдеуді шығара алады;

  3. Мәтінді есептерге бөлшек – рационал теңдеу құра алады;

  4. Бөлшек – рационал теңдеуді шығара алады.




Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сызықтық теңдеу, квадрат теңдеу, рационал теңдеу, формула, Виет теоремасы, жылдамдық, жол, түбір

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Квадрат теңдеудің түбірлері есептің шартын қанағаттандырады ма?

Мәтінді есепті шешудің алгоритмін құрыңыз.

Мәтінді есепті математикалық тілге аудару дегеніміз не?

Квадрат теңдеу құрастырыңыз.

Квадрат теңдеудің шешімін табамыз.

Бөлшек – рационал теңдеу құрастырыңыз.




Құндылықтарға баулу


Логикалық ойлау, есте сақтау, салыстыру және елестету қабілеттерін дамыту. Жұптық жұмыста – өзара сыйластық, ынтымастық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда – шыншылдық, жарқындылық.




Пәнаралық байланыс

Физика




Алдыңғы білім


Квадрат теңдеудің түбірлерін табуды біледі. Бөлшек – рационал теңдеулерді шығара алады.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар




Сабақтың басы

(11 мин)
2 мин

3 мин

3 мин


3 мин



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабақтың басына рефлексия жүргізу



  1. Топқа бөлу «Теңдеу түрлері бойынша»

Оқушылар стикерлерді алады. Стикерлерде теңдеулер жазылады. Сол теңдеу түрлері бойынша бөлінеді.

А) сызықтық теңдеулер

Б) квадрат теңдеулер

В) бөлшек – рационал теңдеулер



  1. Үй тапсырмасын тексеру №204 есеп

  1. Бөлшектің алымы бөлімінен 2 – ге кем. Егер осы бөлшекке оған кері бөлшекті қосса, онда

бөлшегі шығады. Бастапқы бөлшекті табыңдар.

  1. Бөлшектің бөлімі алымынан 7 – ге артық. Егер осы бөлшекке оған кері бөлшекті қосса, онда бөлшегі шығады. Бастапқы бөлшекті табыңдар.

«Көршіңді тексер» әдісімен, жұптық жұмыс

Бір – бірін слайд арқылы тексеріп, бағалайды. (+ ,-)



  1. «Ой шақыру» әдісімен оқушылармен сұрақ – жауап жүргізу арқылы сабақтың оқу мақсатын ашамыз

  1. Мәтінді есепті математикалық тілге аудару дегеніміз не?

  2. Мәтінді есепті шешудің алгоритмі қалай құрылады?

  3. Мәтінді есепті теңдеудің қай түріне келтіріп шешуге болады?




Рефлексия парағы

Стикер


Слайд№1





Сабақтың ортасы

(21 мин)
6 мин

9 мин

6 мин


«Бірге ойлаймыз» әдісімен топтық жұмыс. Топтарға үлестірмелер таратылып беріледі, үлестірмелерде жазылған есепті постерде шығарады. Постерлерді көрші топ слайд арқылы тексереді және бағалайды .

Үлестірме №1

Бірінші сан екінші саннан 10-ға артық және олардың көбейтіндісі 119-ға тең.Осы сандарды тап.



Үлестірме №2

Бірінші сан екінші саннан 16-ға кем және олардың көбейтіндісі 192-ге тең.Осы сандарды тап.



Үлестірме №3

Біреуі екіншісінен 6-ауы артық екі натурал санның көбейтіндісі 567-га тең.Осы сандарды тап.



Дескриптор :

  1. Квадрат теңдеу құрастырады.

  2. Квадрат теңдеудің шешімін табады

Топтар бір – бірін слайд арқылы тексереді. Қалыптастырушы баға «Бағдаршам» әдісімен жүргізіледі.
2.Тақтамен жұмыс «Стоп кадр» әдісімен.

Тақтада №205, 206, 207 есептер шығарылады.

205


  1. Моторлы қайық өзен ағысымен 10 км және өзен ағысына қарсы 12 км жүріп, барлық жолға 2 сағ жіберді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда моторлы қайықтың жылдамдығы неге тең?

  2. Моторлы қайық өзен ағысымен 17 км және өзен ағысына қарсы 13 км жүріп, барлық жолға 2 сағ жіберді. Егер моторлы қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы неге тең?

206



  1. Екі жұмысшы бірігіп, жұмысты 12 күнде орындайды. Егер осы жұмысты орындауға бірінші жұмысшы екінші жұмысшыға қарағанда 10 күн артық жіберсе, онда әрбір жұмысшыға жеке орындау үшін неше күн керек?

  2. Екі жұмысшы бірігіп, жұмысты 6 күнде орындайды. Екінші жұмысшы осы жұмысты жеке орындағанда бірінші жұмысшыға қарағанда 5 күн кем жібереді. Әрбір жұмысшыға жұмысты жеке орындау үшін неше күн қажет?

207



  1. Шаңғышы 12 км жолды жүргендегі жылдамдығын 3 км/сағ – қа арттырып, тағы 30 км жол жүрді. Егер барлық жолға 3 сағ уақыт жіберсе, шаңғышының бастапқы жылдамдығы неге тең?

  2. Шаңғышы 45 км жолды жүргендегі жылдамдығын 3 км/сағ – қа кемітіп, тағы 24 км жол жүрді. Егер алғашқы жолға 1 сағ артық уақыт жіберсе, онда шаңғышының алғашқы жылдамдығы неге тең?

Дескриптор:

  1. Бөлшек – рационал теңдеу құрастырады.

  2. Бөлшек – рационал теңдеудің шешімін табады.

Мұғалім қалыптастырушы бағалауды «Бас бармақ» әдісімен жүргізеді.


  1. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс (жеке жұмыс) «Бағытыңды таңда» әдісімен.

Оқушыларға тапсырмалар жазылған конверт таратылып беріледі, оның ішінде үш нұсқада үлестірмелер болады :

«А» деңгейі – жасыл түсті;

«В» деңгейі - сары түсті;

«С» деңгейі – қызыл түсті. Оқушылар өз қалауына және білім деңгейіне қарай үлестірмелерді таңдайды, өз бетінше жұмыс жасайды, өзін өзі тексереді.



«А» деңгейі

Қосындысы 22-ге, ал квадраттарының қосындысы 250-ге тең екі санның кішісін табыңдар.



Дескриптор:

  1. Квадрат теңдеуге келтiрілетін теңдеу құрастырады.

  2. Квадрат теңдеуге келтіреді.

  3. Квадрат теңдеуді шешеді.


«В» деңгейі

Тізбектей алынған екі натурал санның квадраттарының қосындысы олардың көбейтіндісініңимәнінен 157 –ге артық. Осы сандарды табыңдар.



Дескриптор:

  1. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеу құрастырады.

  2. Квадрат теңдеуге келтіреді.

  3. Квадрат теңдеуді шешеді.


«С» деңгейі

Екі санның арифметикалық ортасы 7-ге, ал квадраттарының айырымы 56-ға тең. Осы екі санның квадраттарының қосындысын табыңдар.



Дескриптор:

  1. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеу құрастырады.

  2. Квадрат теңдеуге келтіреді.

  3. Квадрат теңдеуді шешеді.

  4. Қосындыны есептейді.

Оқушылар өзін – өзі тексереді. Қалыптастырушы баға «Бағдаршам» әдісімен жүргізіледі.

Постер

Үлестірмелер

Слайд№2

Түрлі – түсті қағаздар

Оқулық 8-сынып

«Алгебра», А.Е.Абылкасымова,

З.А.Жумагулова, А.Абдиев, В.Е.Корчевский

Алматы, «Мектеп»2016

Үлестірмелер

Слайд№3


Түрлі – түсті қағаздар




Сабақтың соңы

(8 мин)
4 мин

2 мин

2 мин




  1. Сабақты қорытындылау мақсатында ширату жаттығуын жүргізу

ҰБТ – ға дайындық есебінде, математикалық сауаттылық пәні бойынша екі логикалық есеп қарастырамыз. Оқушылардың логикалық ойлау дағдысын көтереміз.

1 . Қазір әкесі 54 жаста .Баласы 20-да, қызы 6-да. Неше жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?



А) 28

В) 20


С) 26

Д) 24


Е) 30

2 . Қоржында 8 көк, 11 қызыл және 4 қара түсті доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында бірдей түсті екі доп міндетті түрде табылады?

А) 2

В) 3


С) 4

Д) 5


Е) 6

2. Рефлексия (сабақ соңына)

1. Нені білемін?

2. Ненi білгім келеді?

3. Үйге тапсырма

№209, 210, 211 есептер



Слайд№4

Рефлексия парағы

Оқулық 8-сынып

«Алгебра», А.Е.Абылкасымова,

З.А.Жумагулова, А.Абдиев, В.Е.Корчевский

Алматы, «Мектеп»2016






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет