«Сауда жасай білесің бе? Абай Құнанбайұлының «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңі бойынша
Ж3 көркемдегіш құралдарды қолданып жазу.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады: «Сауда жасай білесің бе? Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыбы бойынша өлеңді түсінеді,көркемдегіш құралдардың мағынасын жазады, сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?...деген сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:өлеңнен көркемдегіш құралдарды қолдана отырып диалог құрастырады, сұрақтарға жауап бере алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: көркемдегіш құралдарды қолданып, эссе жазады, өз ойын жазбаша жеткізеді.
Тілдік мақсат:
Оқушылар орындай алады: «Сауда жасай білесің бе? Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыбында көркемдегіш құралдарды табады, мағынасын түсінеді, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, диалог, эссе жазады, қорытынды жасай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор(сөз тіркестері): нәрсе(зат), сома(ақша), маржан(әшекей, бұйым), пайым қылмайды (мағынасына көңіл бөлмеу), аң – таң (таңғалу), жалпақ жұрт( бүкіл жұртқа, елге), тесік моншақ( керек нәрсе жерде жатпайды), шырақ (шам),сәулесі бар жігіттер(саналы жігіттер)