Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі60,5 Kb.
#136204
түріСабақ
  1   2

Геометрия 9 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштардың ұқсастығы»

Геометрия 9 сынып


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың ұқсастығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,таратпа қағаздар, кесте , слайдтар
Сабақтың әдісі: салыстыру әдісін қолдана отырып жаңа білімді өздігінен меңгеру, сұрақ-жауап, өздігінен ізденіс
Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.
Білімге жетелейтін үш жол бар :
Еліктеу жолы –ең жеңіл жол,
Ойлау жолы –ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын жол .
Конфуций.
Ұранымыз: « Ойлан,ізден!»
Балалар бүгін сабағымызды біз екі топтың жарысы түрінде ұйымдастырамыз
Алдын ала екі топқа бөлінген
Сабақ барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Тренинг

  • Үйге берілген тапсырманы қайталау

  • Жаңа сабақты өздігінен меңгеру/ екі топ болып постер құру, қорғау/

  • Жаңа сабақты бекіту/ сұрақтарға жауап беру/

  • Кесте толтыру

  • Сергіту сәті

  • Диктант

  • Есептер шығару

  • Сабақты бағалау

  • Қорытынды

  • Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг/ өз бойыңдағы 5 жақсы қасиетті айту/
Абай атамыздың 5 асыл ісін еске түсіру /талап,еңбек,терең ой, қанағат,рақым ойлап қой ,бес асыл іс көнсеңіз/
/ адамгершілік,мейірімділік, кешірімділік, адалдық,сыпайылық /

  • Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау

  • Үйге 7 сыныпта өткен үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталау берілген.

1.Оқулықты ашып үшбұрыштардың ұқсастығы деген ұғымды ажыратып алайық ;/ үшбұрыштар ұқсас болса,онда бұл үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары өзара тең және сәйкес қабырғалары пропорционал/
2.математика тіліне аударып жазайық;
∆АВС ∆А 1В 1С1
 А= А 1, В= В 1,  С= С 1,
А 1В 1 А В , В 1С 1=к ВС, А 1С 1 А С
к= , к= , к= ,
3.Теңдік белгілеріне постер құру/ екі топ /,қорғау
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту /көрнекілікте жазылған сұрақтарға жауап беру/
1.Үшбұрыштар ұқсас болу үшін І белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болу керек/
2. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал, арасындағы бұрыштар тең болу керек/
3. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың үшқабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болуы қажет/
Есептер шығару : екі топқа бірдей кесте таратылады,тексеріледі/ екі топ бір-бірін тексереді/
Кесте

Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау АВС А1В1С1



АВС үшбұрышында

А1В1С1 үшбұрышында

А

В

С



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет