Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері.Қиысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-оқушылар сөздердің байланысу түрлерімен жеке-жеке толықтай танысады, талдайды, меңгереді, білімдерін кеңейтеді;
Дамытушылық-оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды, нақты мақсат қоя білуге үйренеді;
Тәрбиелік-оқушылар бір-бірін сыйлауға, отандыққа тәрбиеленеді.
Көрнекілік:интерактивті тақтадағы сурет, сызба, кесте.....
Сабақтың барысы.Сынып оқушыларын 5 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау.
Қызығушылықты ояту. Топтастыру стратегиясы. 1.Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
2. Сөздердің байланысу түрлерін ата.
Мағынаны түсіндіру. әр топ мүшелерін «1,2,3,4,5» деп санату.
Жанұя тобының 1-нөмірлі 1-столға, 2-нөмірлі мүшелері 2-столға, 3-нөмірлі мүшелері 3-столға, 4-нөмерлі мүшелері 4-столға, 5-нөмірлі мүшелері 5-столға отырады.
Әр столға әр тақырып беріледі: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Жеке жұмысқа 1 мин.,жұппен жұмысқа 1 мин.,топпен жұмысұа 2 мин.
Әр топқа жаттығу жұмыстары беріледі: 243-жаттығу, 248-жаттығу,254-жаттығу, 257-жаттығу, 262-жаттығу. Жаттығуға 2-3 мин. Уақыт беріліп, ауызша тексеріледі.
«Жанұя» тобы өз тобына келеді. Топ мүшелері үйреніп келгендерін келгендерін топқп айтып түсіндіреді (5 мин). Әр топтан бір оқушы түсінгенін айтады.Тақтаға бір оқушы жазып тұрады. (1,5 мин).
Әр топқа жаттығу беріледі. РАФТ I. 3 мин.+5 мин.