Тапсырма. Әр топ өзіне сай байланысу түрлеріне бір мысал табу.
Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып тапсырма беріледі (5-6 мин).
Қиысу: Мен сөйлеймін. Біз жаздық. Айжан күлді. Дәрігерлер келіпті. Ол сөйледі. Біздер қыдырдық. Сен келдің.
Матасу:Сенің кітабың. Менің Отаным. Асанның ағасы. Әженің немересі. Атамның ауылы. Теңіздің жағасы. Сіздің оқушыныз. Көкемнің ауылы.
Меңгеру: Допты алды. Ауылға келді. Үйде отырмын. Мектептен барады. Терезені сүртті. Апаммен сөйлестім. Арқанмен түсемін.
Қабысу: Үлкен терезе. Жиырма бес бала. Бұл үй. Жетінші сынып. Орындалған армен. Тас жол.т Бақытты балалық.
Жанасу: Үйге қарай жүгірме. Әдейі келу. Қасақана айту. Шапшаң қимылдау. Көпір арқылы өту. Білу үшін оқу. Дереу жеткізу.
Кестені толтыру (қосымша тапсырма).