Сабақтың тақырыбы Түбір мен қосымша Оқу



Дата31.01.2023
өлшемі81,5 Kb.
#64125
түріСабақ

Бөлім:

Дені саудың жаны сау

Педагогтің аты-жөні

Шағырбаева С.Д.

Күні:

23.10.2023ж

Сынып: 2А

Қатысушылар саны: 35

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымша

Оқу бағдар- ламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.4.2.1 мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату;
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі ..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ...) білдіру;
2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа
(Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту

Сабақтың мақсаты

Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді. Мұғалімнің көме- гімен түбір мен қосымшаны ажыратады. Аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын білдіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың ке- зеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
(5 мин)

Психологиялық жағымды ахуал қалып- тастыру.
– Ал, балалар, сабақты бастамас бұрын
өзімізге сәттілік тілейік.
Бес саусақ

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды.
Балаң үйрек – Бүгінгі
Ортан терек – күніңізге
Шылдыр шүмек – сәттілік
Кішкентай бөбек– тілеймін
Бас бармақ пен алақанды түйістіріп СӘЛЕМ деп сәлемдеседі






презентация

Ортасы
(35 мин)

Балалар, бізге қонаққа САНБОТ келіпті, біздің мектептегі робот досымыз бізбен бірге сабақ үйренгісі келеді екен.
Ендеше Санбот роботты тыңдайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Халдарың қалай?
Мен сендермен бірге сабақ оқуға келдім, әр сыныпты аралап жақсы дос жинағым келеді.
Сендер қандай тақырып өтіп жатырсыңдар?
Ендеше менің сол тақырыпқа жаттап келген өлеңімді тыңдаңдар
Су сергітер денеңді,
Онымен дос болғайсың.
Судан кейін сен енді,
Ісіңді оңай жалғайсың.
Балалар осы өлеңдегі судан деген сөзді сөз құрамына талдап көріңдерші.
Жарайды, рахмет, достар! Мен сендермен біргемін.
Дәптермен жұмыс

Балалар САНБОТты тыңдап, судан сөзіне талдау жасайды.

Дескриптор:


Түбір мен қосымшаны ажыратып айта алады.
Оқушылар күннің ретін жазады.
Көшіру диктанты
Экраннан өлеңді көшіреді.

Шапалақ
Әдемі жазғандар үшін, бастарын сипап өздерін марапаттайды







Сергіту сәті



«Жалғыз аяқ жол»
«Төбе» дегенде қолдарын көтереді
«Шұңқыр»дегенде отырады
«Жалғыз аяқ жол» дегенде бір-бірінің иығынан ұстап, бір тізбекте тұра қалады




Сергіту сәтінің таныстырылымы




Шығармашылық тапсырма
«Сегіз төртбұрыш» қа сурет салады
8 оқушы шығып 30 секундта 8 төртбұрышқа кез-келген сурет салады. Сурет мінсіз болуы шарт емес.
Енді сынып сол 8 суретке негізделген әңгіме құрайды. Сол әңгіме негізінде суреттер реттілігін есте сақтап айтып береді.
Салынған суреттердегі заттардың аты түбір сөз бе, қосымшалы сөз бе ажыратады.
Жүгірме диктант
Тақтада берілген суреттердегі сөздерді, жүгіріп тізбектей шығып, тақтада жазады.Жазылған сөздерді түбір мен қосымшалы сөздерге ажыратады.

Жоқ әріптерді жазып шық




Wordwall программасында ойын
Дұрысын тап

8 оқушы тақтаға шығып сурет салады.
Бір оқушы суреттер негізінде оқиға құрайды.
Енді суреттерді ретімен атап береді.
Бір қатардың оқушылары тізбектей жазып шығады.

Оқушылар оқулықта берілген 42-жаттығуды Wordwall программасында ауызша орындайды



Дескриптор арқылы бағалау

  1. Ойды жинақтап суртеке сала алады

  2. Суреттер желісімен оқиға құрастырады

  3. Суреттер реттілігін есте сақтап айтып береді.

Қатарды бағалау



  1. Қатесіз жазады

  2. Көркем жазады

  3. Жылдам жазады

Дескриптор:

  1. Қосымшаларды дұрыс қояды

Оларды таңдау себептерін түсіндіреді

Ақ парақ
Фломастер

Суреттер



Wordwall программасы

Соңы
(5 мин)

Бекіту
«Қонақ күтеміз»
Екі тәрелкеге қосымшалы және түбір сөз жазылған конфеттерді жинайды
Үй тапсырмасы. 41-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазу
Хабарлама жүргізу видеоға түсіру



Қосымшалы және түбір сөздерді тәрелкелерге жинайды

Дескриптор:
Түбір сөздерді ажыратады
Қосымшалы сөздерді ажыратады

Тәрелкелер мен сөздер жазылған кәмпиттер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет