5.2.1.1.—мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну және анықтау
5.4.1.1.— қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: Қосымша ақпараттың негізінде ойын еркін білдіре алады, шағын зерттеу жазады.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Берілген мәтінге сәйкес қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту. Сұрақтарға жауап береді.
Ана тілінің байлығын көрсетуде ақын қандай тіркестер қолданған?
3- шумақтағы сөздерді оқығанда қандай ойға келдіңдер?
«Түртіп алу» әдісімен өлеңді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды. Сұхбатты рөлге бөліп оқиды. Тіл тазалығына нұқсан келтіріп тұрған сөздерді дұрыс нұсқасымен ауыстырып, сұхбатты қайтадан жүргізеді.
Оқушылар «РАПТ» әдісімен «Сұхбаттың басты кемшілігі неде?» тақырыбында диалог құрастырады.
Оқушылар деңгейлік тапсырманы топқа бөлініп орындайды.
1-топ. Тыңдалым мәтінінен екі сөзге дыбыстық талдау жасайды
2-топ. А. Құнанбайұлының, Қ, Мырза Әлінің тіл тазалығы жөніндегі өлеңінен үзінді жазады.
3-топ. Мектепте «Тіл тазалығы» жөнінде іс-шара өтетіндігі жөнінде хабарландыру жазады
Хабарландыруға қойылатын талаптар: кімге арналғаны, өтетін шараның уақыты мен атауы және шарттары жазылуы тиіс.
Үлгі: ................
Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.
Сұхбат
«РАПТ» әдісі
Деңгейлік тапсырма
Соңы
Рефлексия. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі бойынша кері байланыс жасалады.
«Плюс» +
Сабақта қызық болған, пайдасы болар деп ұйғарылған мәселелер жазылады.
«Минус» -
Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ, не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер жазылады.
«Қызығамын» ?
«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауаптар келтіріледі.
Үйге тапсырма: Тіл тазалығы жөнінде 5 мақал жазады. Негізгі ойды аяқтап, өз пікірлерімен қорытындылайды.
. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі
ОӘК материалдары