Тақырып 6. Өмірде кездесетін сәтсіз жағдайлар.Олардан қорғану шаралары. Суға бату.Үсік шалу. Найзағай және тоққа түсу.Мұз үстіндегі қауіпсіздік
Тапсырма 1.Найзағай
Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті (кернеулігі 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек.
Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.
Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.
Тапсырма 2. Мұз үстінде жүру ережелері
Мұз үстіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды.
1) жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
2) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
3) мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) автомобильдермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
5) мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.
Жеке құтқару құралдары болғанда ғана мұз үстінде балық аулауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар мұз астынан балық аулау кезінде:
1) шектелген алаңда екеуден артық шұңқырша оюға;
2) мұз үстінде от жағуға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар су айдындарының маңында орналасқан елді мекен тұрғындары өз балаларының мұз үстіне шығып ойнамауына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатаң қадағалағаны абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |