Ұйымдастыру.Сабақ бастамас бұрын оқушылар шеңбер жасап тұрып, сағат тілі бойымен бір-біріне мақтау, мадақтау сөздер айтады, әрі қарай көтеріңкі көңіл күймен 2 түрлі сурет қиындыларын таңдау арқылы 2 топқа бірігеді.
(Ұ). Ой қозғау! «Ұшақ»әдісін қолдану.
Оқушылар ұшақ жасап, ұшақтың бір қанатына интерактивті тақтада берілген сұрақтардың біреуін таңдап жазып, бір-біріне ұшырады. Тосып алған оқушы екінші қанатына жауабын жазады. Сұрақтар: Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан қандай өлшем бірілктерді атай аласың (1-сурет)?
Техникада судың тереңдігін, медицинада адамның ішкі құры-лысын тексеретін құрылғылар жайлы не білесің (2-сурет)?
Робот айналасында тұрған заттарға дейінгі қашықтықты қалай анықтайды?
Берген жауаптарды оқып оқушылар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.