8.2.8.А
Квадрат теңдеу
|
Мектеп:
Үржар ауданы.Қарабұйрат ауылы. «Қарабұйрат орта мектеп-бақша»КММ.
|
Күні: 06.12.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Исаджанова Жаңылхан Айдархановна
|
Сынып: 8 (алгебра)
|
Қатысқандар:-
|
Қатыспағандар:-
|
Сабақтың тақырыбы
|
Виет теоремасына кері теорема
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Виет теоремасына кері теореманы есептеуде қолдана алу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Барлық оқушылар Виет теоремасын және оған кері теореманы біледі;
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Теоремаларды есептер шығарғанда қолдана алады;
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармашылық пен елестету қабілеттері арқылы шығару жолдарын дәлелдей отырып, күрделі тапсырмаларды орындай алады.
|
Бағалау критерийі
|
Виет теоремасына кері теореманы біледі;
Кері теореманы қолданып берілген түбірлері арқылы квадрат теңдеу құра алады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Квадрат теңдеу,дискриминант,теңдеудің түбірлері
|
Тілдік лексика
|
Теңдеу-уравнение-equation
Квадрат теңдеу-квадратичное уравнение-quatratic equation
Теңдеудің түбірлері-корни уравнений-the root of the equation
|
Құндылықтарға баулу
|
Математикалық тілде сауатты сөйлеуге,сыни ойлауға өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу,
ұқыптылыққа,дәлдікке тәрбиелеу.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6 құндылығы. Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтас-
тығы... үштілділік қағидатын енгізу .
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі ,ағылшын тілі,тарих
|
Алдыңғы білім
|
Келтірілген квадрат теңдеу,Виет теоремасы.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
Уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
|
Уәж туындату.
1.Жағымды психологиялық ахуал орнату.
Сіз айтыңыз...
Біз ұғамыз,кейбірін ұмытамыз?!
Сіз көрсетіңіз ...
Біз жасаймыз!
Өзіміз жасаймыз,
Бәрін есте сақтаймыз!!!
2. «Миға шабуыл»
1)1-ден 1000-ға дейінгі сандардың қосындысын тап;(Гаусс әдісі)
2) х2-7х+10 теңдеуінің түбірлерін тап
(Виет теоремасы)
№1 .1-топ. Гаусс
№2. 2-топ. Виет
|
Топтардың атын
қою «Гаусс» «Виет»
Интербелсенді тақта
В,Г әріптері арқылы бөлінеді
|
Сабақтың ортасы
(20 минут)
Білу.
(5 минут.)
Түсіну.
( 5 минут)
Қолдану.
(6 минут)
Ой сергек
(2 минут)
Талдау.
(10 минут)
Жинақтау
(5минут)
|
Тарихқа шолу.
(Виет туралы хабарлама)
Сұрақ қою және талқылау.
Әр топқа «Сәлемдеме сұрақтар» әдісі бойынша әр топ алдыңғы білім бойынша сұрақ дайындап келесі топқа жолдайды,сол арқылы өткен тақырыпқа шолу жасалады.
Бағалануы:«Бас бармақ» арқылы.
Топпен жұмыс:
«Ойлан,жұптас,талқыла»белсенді талқылау
№1.Толымсыз квадрат теңдеуді шеш:
а)2х218═0 ә) 4х2+12х═0
№2. Квадрат теңдеуді шеш:
5х2–8х-4═0 (3х2–10х+7═0 )
№3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін тап
х2+6х+8=0
Бағалануы: «Бағдаршам» арқылы.
Оқушылар сабақтың тақырыбымен таныстырылады.
Виет теоремасына кері теорема
Белсенді оқыту.
(жаңа сабақты өз бетімен меңгерту.)
IDEAL тәсілі
I – мəтін мазмұнындағы проблеманы анықтау
D – проблеманы сипаттау
E – проблеманы шешу жолданын анықтау
A – проблеманы шешу үшін əрекет жасау(мəселені шешу жолын көрсету)
L – қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау
Виет теоремасына кері теореманы оқып, талқылайды.
№153 есепті шығарады (1;2)
Постер қорғау
Ітоп «Ментальды карта»
ІІтоп «Ромбтық жіктелім»
Әр топ өздерінің жасаған постерлерін қорғайды. Келесі топтар мұқият тыңдап отырып ,сұрақтар қояды.
Бағалануы: «Үш шапалақ» арқылы.
|
Бағалау парақтарын тарату
1,2,3 нөмерлері таратылады,сол бойынша алдымен жеке,сонан кейін әр топтағы бірдей номерлер жұппен талқылайды және өз топтарына қайта оралып топпен талқыланады.
|
«Мақал мен теорема»
Ата- бабаларымыз қандай дау, сұрақ болса да оны мақал- мәтелдер, даналық сөздер арқылы шешкен екен. Ендеше, бізде осы жауапты тауып көрелік. Мен сіздерге мақал айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім квадраттық теңдеудің түбірлері, яғни түбірлер арқылы квадраттық теңдеу құру және дана сөзді табу керек?
І-топ: 6 және 4; 1 және 10
ІІ-топ 1және 1000; 7 және 1
Оқулықпен жұмыс.Оқушылардың қабі-
леттерін ескере отырып,іріктеу арқылы
деңгейлік тапсырмалар беремін.
А деңгейі
№ 151;
В деңгейі
№ 162
С деңгейі
№ 163
Оқушылар дәптерлерін алмастыра оты-рып ,интербелсенді тақтадағы жауап-тарымен тексереді .
Бағалануы: Бағдаршам» арқылы.
Оқушылардың әрқайсысына деңгейлеріне
қарап саралап , семантикалық кесте
үлестіремін.
|
-4;0
|
-1;-2
|
1,5;-2
|
1;18
|
х2+3х+2═0
|
|
+
|
|
|
х2-19х+18═0
|
|
|
|
+
|
х2+4х═0
|
+
|
|
|
|
2х2+х-6═0
|
|
|
+
|
|
Интербелсенді тақтадағы жауаптары арқылы дәптерлерімен алмасып,бір-бірін тексереді.
Бағалануы: «Бағдаршам» арқылы.
Әр оқушы өз-өзін критерийлер арқылы бағалайды.
|
Маркерлер,
флипчарт
Оқулық.
Авторы:
А.Әбілқасымова,
З.Жұмағұлова
Интербелсенді
тақта
Семантикалық кесте
|
Сабақтың
соңы
5 мин
|
«Ойлаудың алты қалпағын»
«Виет теоремасы» тақырыбы бойынша қолданамыз
«Ақ қалпақ» - фактілер, бізде қандай информация бар, ақпарат береді (теорема)
«Қызыл қалпақ» - эмоция, осы теорема жайлы не ойлаймын
«Қара қалпақ» - теореманың қолайсыздығы
«Сары қалпақ» - артықшылығы, бұл теорема не үшін керек
«Жасыл қалпақ» - шығармашылық ой, ұсыныс, жаңа идея
«Көк қалпақ» - әділдіктің белгісі, қорытынды жасау, келесі қадамдарды анықтау
Бағалануы: мұғалім тарапынан мақтау.
Үйге тапсырма(деңгей бойынша)
А деңгейі №152
В деңгейі № 159
Кері байланыс: Эйлер-Венн диаграммасы
Өз ойларын нақты түйіндеп ,тақырып бо-йынша түсінгендерін зерделей алады.
|
6 түсті қалпақ суреті
|
Қосымша мәлімет
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы бі-лімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
|
Оқушыға қолдау көрсе-
ту мақсатында қабілет-
теріне сәйкес деңгейлік тапсырмаларды іріктеп беремін. Білім деңгейі төмен оқушыға дербес көмек, қолдау көрсетемін, дарынды оқушыға арна-йы қиындығы жоғары тапсырма әзірлеймін.
Үй тапсырмасында дең- гейлеріне қарай саралап беремін.
|
Оқушылар өзін-өзі,
бірін-бірі бағалайды.
Оқушылардың сабақ кезеңінде нені үйрен-генін,қол жеткізген табыстарын бағалау
үшін қолданылатын әдіс- тәсілдер:
«Басбармақ»,
«Қолшапалақтау»,
«Бағдаршам»,
Мұғалім қол шапалақ- тау,мақтау арқылы бағалады.
Кері байланыс:
Эйлер-Венн түріндегі диаграмма
|
Ағылшын тілі.
Сергіту сәтін,топтық жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік
ережесінің сақталуы.
Слайд-презентация.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясының 6- құндылығы.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?
Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?
Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?
|
Оқу мақсаты қолжетімді болады деп ойлаймын.
Себебі : сараланған мақсаттарды таңдап алдым.
Өйткені, саралап оқыту әрекеті-білім алуға бағыт-талған әрекет.
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді деп ойлаймын.Өйткені, сабақ кезінде әр оқушының дең-
гейіне,қабілетіне қарай есептер беріп,сол тақырыпты игерту бағытында жұмыстар жүргіземін.
Сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланып,
жоспарланған сабақтың нәтижесін жақсы жағынан көремін деп ойлаймын.
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):
1.Деңгейлік тапсырмалардың сараланып берілуі.
2.Кері байланыс.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2.Теориялық білімдерін жетілдіру.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Қиындығы әртүрлі тапсырмалар беру арқылы есептеу дағдыларын әлі де жетілдіру мақсатында жұмыстар жүргізу.
|