Сабақтың типі: теориялық



Дата13.05.2022
өлшемі19,14 Kb.
#34215
түріСабақ

Тақырыбы: Педагогикадағы – ғылыми жұмыстардың нәтижесін белгілеу

Пәні:Ғылыми- педагогикалық зерттеулер әдістемесі

Тобы : Мк-315

Күні: 17.04.2022



Сабақтың типі: теориялық

Ғылыми педагогикалық зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптар. Педагогикада ғылыми мәлімет беру формаларын қамтитын арнайы ұғымдар бар – «глоссарий» деген. Бірнеше ұғымдардың мазмұнын ашайық. Ғылыми есеп – ғылыми-зерттеу жұмысы барысында орындалған көлемі, мазмұны мен нәтижесі туралы есеп.

Реферат деп зерттеліп отырған тақырып бойынша мәлімет жинап қысқаша түрде қағаз бетіне түсірілген жазбаны айтады.

Аннотация - зерттелген жұмыстың мазмұнының қысқаша мәліметі деп түсінуге болады. Редакциялау- деп зерттеу процессінің бір кезеңінде пайда болатын іс-әрекетті айтады. Ол зерттеу өз мәресіне жеткенде нәтижесін қағаз бетіне түсіруіне қажеттілік пайда болғанда, жазбалардың ғылыми басылымдарына қойылатын талаптарына сәйкес болуын көздейтін жұмыс. Қолжазбаны баспаға дайындау – орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстың нәтижесі басылымдарда жариялануын талап етеді. Баспа шарты бойынша шрифт, парақ параметрлеріне, кесте орнатуына, формулаларды жазуына т.б. элеменнтеріне қатаң талап қойылады.Сол себептен автор қолжазбаны баспаға дайындайды. Депонирленген кұжат – жариялау баспаның бір түрі. Ұсынылып отырған жазбаға арнайы мекеме нөмірлеп, басқа шығу мәліметтер белгісін қадағаналып – зерттей нәтижесі – сол мекемеде сақталынадаы. Көпшіліке қысқаша мәлімет түрде Бюллетенде жарияланаы. Егер әркім сол жұмысқа ынталанса – көшірмесін сұрауға құқықты. Баспада мемлекеттік құпияны сақтау. Егерде зерттеу мазмұнында мемлекеттік құпия болса – ондай жұмыстарда жариялау, сақтау, қорғау ерекше жолмен өтеді. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін жариялануына арнайы басылымдар тізімдері бар. Жаряиланған мақалалар, оқулықтар, конференция санынада, денгейінеде әртүрлі талаптар бар.

Қазіргі таңда ғалым-педагогтар алдыңғы қатардағы педагогикалық озық тәжірибенің критсрий ретінде мынадай қағидаларды ұсыиады:

1. Педагогтың аумақты диапозондағы іс әрекетінде байқалатын жаңалықтары - педагогика ғылымдарында бұрыннан белгілі ғылыми жетістіктерді тиімді пайдаланудан жана ғылыми жағдайға кошу және оқутәрбие процссінің кейбір жақтарын жетілдіру.

2. Ең жоғары тиімділік және нәтиже (білімнің сапасы, тәрбнелілік деңгейі және оқушының дамуы).

3. Қазіргі кезеңде педагогика мен әдістемснің даму жетістіктерінің сәйкестілігі. Мысалы; мектепте балалардың жұкгемелерін көбейту арқылы немесе репетиторлардың көмегімен оқушылардың ұлгерімін артгыруды, озық тәжірибенің нәтижесінен болды деу қате.

4. Уақыттың өтуіне байланысты кейбір шарттардың өзгеруі кезіңде, нәтиженің жағымды жақтары тұрақты және өзгермейтін болып қалуы.

5. Тәжірибені басқа педагогтардың творчестволықпен пайдалана білуі. Осы жағдайға байланысты озат тәжірибе, оның авторының жеке ерекшеліктерімсн байланысты болмауы; оның басқа педагогтар пайдаланатындай (қодданатындай) рационалдық идеясы болуы.

6. Бірынғай педагогикалық процесте тәжірибенің тиімділігі. Бұлай дейтін себебіміз барлық жұйснің элементі озық тәжірибе болады. Ол барлық міндеттердің шешуіне кері әсер етпей, салыстырмалы тұрде, мұғалім мен оқушының жұмсаған ұнемді уақыты ішінде орындалады. Жоғарыда келтірілген әдістердің барлығы педагогикалық озық тәжірибелерді жинақтап, зерттееп қорытындылау әдісі ретінде қолданылады. Осы әдіспен педагогикалық қызмсттің кейбір жақтарынан фактілерін көрсетуге байланысты, озық тәжірибені қорытындылаудың бірінші кезені жүзеге асырылады. Екенші, одан жоғары деңгейде, қолданылған басқа да әдістердің қорытыныдары, орындалған бақылауларды классификациялау, алынған материалдарды ұғыну және талдау (анализдеу) процесі орындалды. Педагогикалық озық тәжірибені үйрену және жинактауды аяқтау кезеңінде мұғалім мен оқушының ортақ жұмысының сипаты, жаңашыл - мұғалімдердің жұмыстарындағы негізгі идеяларды анықтау жәисе оны баска да мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмыстарьгның тиімділігін арттыру үшін пайдалануы келтіріледі. Псдагогнкалық озық тәжірбиені оқып үйрену, жинақтап қорьпу және практикада қолдану оңай жұмыс емес, дегенмен оны жігерлі тұрде ұйреніп, практикалық қызмптте өзінің жұмысын одан әрі жандандыра түсу үшін пайдалану керек. Мақсаттылыкпен жұмыс істеу барысындағы педагогикалық тәжірибе жұмыстарында, ғылыми зерттеулерде жинақталып қорытылған мұғалімдердің озық іс тәжірибелері және олардың басқа да әріптестерінің жұмыстарында сабақты жүргізу жолдарын және тәсілдерін тексеріп байқайды.

Ұсынылатын әдебиеттер, сілтемелер:


  1. Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011.

2. Р.Аубакирова,М.Нұрбекова Педагогикалық зерртеу әдістемесі.Фолиант»

Астана-2008.



3. Калиева Э.И. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы. - Ақтау, 2010

Өздік жұмыс тапсырмалары: 1. Модульдік оқыту технологиясына сипаттама беріңіз. 2. Модульдік оқытудың басқа оқыту технологиялардан ерекшелігі мен айырмашылығын тірек сигнал түрінде көрсетіңіз. 3. Модульдік оқытудың мақсатын сипаттап, модульдік оқытудың жүгінетін ғылыми идеяларын атаңыз. 4. Модульдік бағдарламаның құрылымын сызба түрінде көрсетіңіз. 5. Модульдік оқытудағы мұғалімнің іс-əрекетінің жүйесін саралаңыз. 6. М. Жанспейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының құрылымын сипаттаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет